Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015


– Иә, бірталай жақтан әлі де ақсап жатқанымыз рас…



Pdf көрінісі
бет184/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

– Иә, бірталай жақтан әлі де ақсап жатқанымыз рас… 

– Өзге елдерде тәуелсіздік алғаннан соң, бірден отарсыздану саяса-

ты жүрді. Олар ұлттық мүддені алдыға шығарды. Бізде олай бола қой-

ған жоқ. Оның, әрине, бірнеше себептері болды. Оның басты себебі 

ретінде, қазақ ұлты санының аз болуы сол ділгірліктердің шешілуіне 

қолбайлау жасады. Екіншіден, биліктің басында отырған азаматтар-

дың көпшілігі орысша білім алғандығында еді. Адам қай тілде білім 

алса, сол ұлттың тілінде қызмет етеді. Тәуелсіздік алғанымызға жиыр-

ма жылдан асты. Бұл, тіпті, «аюға» да тіл үйретуге болатын уақыт емес 

пе. Әрине, ілгерілеу бар. Алайда, қарқын күшті емес. Мәселен, жа-

қында Қытайда болдым. Оқушылардың барлығы бір формада киінеді 

екен. Ол жақта жекеменшік мектеп, анау-мынау деген әңгіме мүлдем 

жоқ. Міне, біздің билікте ұлтжанды азаматтардың отырмауынан, бас-

қа тілде тәрбие алғандардың кесірінен осындай кедергілерге ұрынып 

отырмыз. Сырт мемлекеттерде шетел қазақтарымен көп кездесемін. 

Олар Қазақстанда орнығып кетудің қиындығын айтады. Өйткені, жем-

қорлық жайлаған, жұмыс істейін десең, пара бермесең жұмысың алға 

жүрмейді. Әрине, бізден өзге елдерде жемқорлық жоқ десек, болмас. 

Ал,  қазақ  жұртында  бұл  жағынан  «гүлденіп»  тұрғанымыз  жасырын 

емес. Сондай «қомағайлыққа» жол беріп отырған кімдер? Әрине, сол 

билік маңайында жүргендер ғой. Ел боламыз десек, заңды күшейту 

керек, әділеттілікті қолға алғанымыз жөн. Халықтың қазынасын жым-

қырып жатқандарды қалайда тоқтатуға күш салуымыз керек.

                  

 Әңгімелескен Сейілбек АСАН. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет