Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет4/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

 (Б. Кенжебаев. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. А., 

1973,    3-4 беттер).   

                                                                                                                                       

Б. Кенжебаевтың бұл ғылыми концепциясы өзінің өміршеңдігін көр-

сетті. Бейсекең алғашында жалғыз болса, кейін қарасы көбейіп, тұтас 

бір ғылыми мектепке айналды. Ә. Қоңыратбаев, Х. Сүйіншәлиев, Т. 

Қожакеев, Р. Бердібай, Т. Кәкішев, Ә. Оспанұлы сияқты белгілі ғалым-

дар қазақ әдебиетінің тарихын тереңдете зерттеуді қолдап қана қой-

май, өздері де рухани мұраны игере түсу істерінде айтарлықтай үлес 

қосты. Ә. Қоңыратбаевтың «Ескі түрік поэзиясы және қазіргі халық 

фольклоры» (1971), Х. Сүйіншәлиевтің «Қазақ әдебиетінің қалыпта-

су кезеңдері» (1967),  М. Мағауиннің «ХУ-ХУ111 ғасырларда жасаған 

қазақ ақын, жыраулары» (1965), «Қобыз сарыны» (1968), «Алдаспан» 




18

(1972), М. Жолдасбековтің «Ежелгі дәуір әдебиеті» (оқулық-хрестома-

тия, 1967), «Көне түркі ескерткіштері және олардың қазақ әдебиетіне 

қатысы» (1969), Қ. Сыдықовтың құрастыруымен «Үш ғасыр жырлай-

ды» (1965), «Бес ғасыр жырлайды» (1985),  Н. Келімбетовтің «Қазақ 

әдебиетінің ежелгі дәуірі» (жоғары оқу орындарына арналған оқулық, 

1986), М. Қараевтың «Қазақ әдебиетінің тарихи даму кезеңдеріндегі 

көркемдік әдіс мәселесі» (1986), А. Қыраубаеваның «Ежелгі әдебиет» 

(1999), «Махаббатнама» (1983), «Ғасырлар мұрасы» (1989), А. Егеу-

байдың «Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиетінің көркемдік жүйесі» (1999) 

сияқты еңбектерде қазақ әдебиетінің тарихы көне замандарға қарай 

тереңдей  түсті.    Р.  Нұрғали,  У.  Қалижан,  А.  Еспембетов  сияқты  да-

рынды ғалымдар Б. Кенжебаевтың ғылыми мектебінен өтіп, ғылыми 

бағытын жалғастырды. Сондықтан да олардың қазақ әдебиетінің та-

рихын тереңдете зерттеген ғылыми ізденістері жемісті болып, әдебиет 

тарихының көкжиегін кеңейте, ұлттық әдебиеттану ғылымын байыта 

түскен еңбектер өмірге келді.                                                                                                      

Тәуелсіздік алғаннан кейін Б. Кенжебаевтың әдебиет тарихын зерт-

теу, дәуірлеу мәселесіндегі ғылыми концепциясы түпкілікті мойында-

лып, әдебиет тарихын зерттеу саласында жаңа биіктерге жол бастады. 

Н. Келімбетовтің  

(Ежелгі дәуір әдебиеті. 2005),

  Т. Еңсегенұлының 



(Көне 

түркі руна жазбасы. Екі томдық, 1 том 2007;  2 том 2008)

, У. Қалижанның 



(Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым. 1998)

, Қ Мәдібаеваның 



(Х1Х 

ғасырдағы қазақ әдебиеті. 

2001), Б. Омаровтың



 (Зар заман поэзиясы. Гене-

зис, типология, поэтика. 2003)

, А. Шәріптің



 (Қазақ поэзиясы және ұлттық 

идея.  2003

),  т.  б.  еңбектерінде  қазақ  әдебиетінің  тарихын  зерттеудің  

жаңа өрістері ашылды. Қазақ әдебиетінің тарихы араб, парсы, қытай 

деректерімен  толығып,  тарихтың  тереңінде  жатқан  рухани  мұралар 

баий түсті. Мұның барлығы да рухани мұраны игере түсу істерінің ал-

дына жаңа міндеттер қоюда. Әдебиеттің тарихын жаңаша пайымдаған 

зерттеулер көрініп, өзіндік пікірі бар жас зерттеушілер шыға бастады 

Әдебиеттану  ғылымының    ең  басты  міндеті  –  әдебиеттің  бар-жо-

ғын түгендеп, жеткен жетістіктері мен жетпей жатқан жерлерін сара-

лап, халықтың рухани қажеттілігін өтеу жолында оқырманға ғылыми 

негізді  жол  сілтеп  отыру.  Десек  те  бұл  міндетті  атқару  оңай  шаруа 

емес.  Оқырманның  әдебиет  мұхитының  ішінен  жол  тауып  жүруіне, 

іздегенін тауып алуына көмектесетін бірден бір көмекші  әдебиетта-

ну болғандықтан да бүкіл әдебиетті тарихи тұрғыдан ғылыми жүйеге 

түсіріп,  дәуірлеудің  маңызы  зор.  Әдебиеттану  ғылымы  дамыған  са-

йын оның әдебиет тарихы да тереңдей түсіп,  оны ғылыми негізді ке-

зеңдерге бөліп қарастыруталабы да күшейе түседі. Алдымен, әдебиет 

тарихын қалай жасау керек мәселесі көтеріліп, талқыланып,  енді сол 

айтылған пікірлерді  жинақтап, түркі  халықтары әдебиетінің толық-

қанды ортақ тарихын жасау күн тәртібінде тұр.                               

Әдебиеттің ғылыми негізді академиялық тарихын жасау жөніндегі 

алғашқы тәжірибелер қырқыншы жылдардан бастап көріне бастады. 

Ұлттық  әдебиеттің  тұтастай  тарихын  жазуға  дайындық  әлі  жетіс-



19

пейтін. Әдебиеттің терең тамырларын зерттей түсуге, оларды ғылыми 

тұрғыдан  саралауға  таптық  ілімге  негізделген  кеңестік  әдебиеттану 

мүмкіндік бермеді. Соған қарамастан, қырқыншы жылдардың соңына 

қарай көп томдық қазақ әдебиетінің тарихы жазыла бастады да, оның 

ауыз әдебиетіне арналған алғашқы томы М. Әуезовтің редакциясымен 

1948-жылы жарық көрді. Келесі (1949) жылы Қ. Жұмалиевтің басшы-

лығымен «Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі» деген атпен екінші 

томы шықты.                                                            

Сол кездің идеологиялық талаптарына сай, маркстік-лениндік ілім 

әдіснамасы негізінде жазылып, әдебиеттің көптеген жекелеген өкіл-

дері, тұтас әдеби ағымдар, әдеби дәуірлер енбей қалғанына  қарамас-

тан, бұл екі кітап та елуінші жылдарға қарай қайта өріс алған «ұлт-

шылдыққа» қарсы күрес науқанының қырына ұшырап, ресми билік 

тарапынан  қатты  сынға  ұшырады.  Сыналғанда,  ғылыми  жағының 

жетіспеушілік жақтарынан емес, әдеби үдеріске, жекелеген қаламгер-

лердің шығармашылықтарына баға бергенде, «саяси қырағылықтың» 

өз дәрежесінде болмауы кемшілік болып тағылды.

Әдебиет тарихын жасау ісін арғы дәуірлерге бармай, бер жағында-

ғы социалистік реализм әдісіне негізделген қазақ кеңес әдебиетінен 

бастаған  «Қазақ  совет  әдебиетінің  очеркі»  (1958)  елуінші  жылдар-

дағы әдебиеттану ғылымының елеулі еңбегі ретінде бағаланды. Осы 

кітаптың  негізімен  «Очерк  истории  казахской  советской  литерату-

ры» (1960) жазылды. Мұнда да іштей дәуірлерге бөлу жоқ. Бұларда 

қазақ кеңес әдебиетінің С. Сейфуллиннен басталған жеке өкілдерінің 

шығармашылықтарын көрсетуге мән берілген. Соғысқа дейінгі дәуір 

(1930-1941), соғыс кезіндегі, соғыстан кейінгі дәуір әдебиеттері және 

проза,  поэзия,  драматургия,  сын  салалалары  жеке  тарауларда  шо-

лынған. Кітаптың әдебиет тарихының очеркі аталуы да бұл еңбектің 

ғылыми негізді тарих болуға таласпайтындығын байқатты. Шынына 

келгенде, бұл очерк те, мұның алдында шыққан қос томдық та көп 

томдық көлемді әдебиет тарихын жасауға жасалып жатқан дайындық-

тардың бірі  болатын.    

Алпысыншы  жылдары  үш  томдық  «Қазақ  әдебиеті  тарихының» 

(1960-1967) шығуы  қазақ әдебиеттану ғылымының айтулы табысына 

айналды.  Республика  Ғылым  Академиясы  ғалымдарының  көп  жыл-

дық ұжымдық ізденістерінің нәтижесі-   үш томдықтың біріншісі ауыз 

әдебиетіне, екіншісі әдебиет тарихына, үшіншісі кеңес әдебиетіне ар-

налған.   Әр том қалың-қалың екі кітаптан тұрады.                                                                              

Фольклорға  арналған  бірінші  томның  алғашқы  кітабы  дәстүрлі 

ауыз  әдебиетіне,  екіншісі  кеңестік  кезге    арналғанынан  сол  кездегі 

фольклортанудың  өресін  байқауға  болады.    Ауыз  әдебиетіне  арнал-

ған алғашқы томның бірінші кітабына жалпы ауыз әдебиеті туралы 

мағлұматтар мен оның даму жолдары, түрлері, жанрлары хақындағы 

шолулармен бірге тұрмыс-салт жырлары, айтыс, лирикалық өлеңдер, 

жұмбақ пен жаңылтпаштар, батылар жыры, лиро-эпостық жырлар, та-

рихи өлеңдер мен үлгілі сөздерге  жеке-жеке тараулар арналған. «Қо-



20

быланды», «Алпамыс», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», «Қозы Көрпеш 

–  Баян сұлу»,  «Қыз Жібек» сияқты эпостық жырларды талдауға ед-

әуір орын берілген.                                                                 

Бірінші кітаптың жалпы редакциясын М. Әуезов басқарса, кеңестік 

дәуірдегі фольклорға арналған екінші кітаптың жазылуына М. Қара-

таев басшылық жасаған. Мұнда да кеңестік дәуірдегі ауыз әдебиетінің 

өзіндік ерекшелігін айқындаған шолулық тараумен бірге Жамбыл Жа-

баевтың, Иса Байзақовтың, Нұрпейіс Байғаниннің, Омар Шипиннің, 

Нартай Бекежановтың, Кенен Әзірбаевтың, т. б. ақындардың шығар-

машылықтарына  арналған  тараулар  бар.  Бұл  ақындардың  шығарма-

шылықтары кейінгі зерттеулерде авторлық әдебиеттің өкілдері ретін-

де қарастырылып жүр.                                                                                        

Қазақ әдебиетінің 1917 жылғы төңкеріске дейінгі тарихына арнал-

ған  екінші  томның  бірінші  кітабының  редакциясын  Қ.  Жұмалиев 

басқарған.  ХУ111  –  Х1Х  ғасырлардағы  қазақ  әдебиетіне  арналған 

кітапта  Бұхар  жыраудан  бергі  әдебиеттен  негізгі  мағлұматтар  шолу 

түрінде берілген. Осы кездерде жасаған көптеген ақындық, жыраулық 

дәстүрдің көрнекті өкілдерінің поэзиялық туындылары өзіне лайық-

ты бағасын ала алмай, өлең өрнектерінің өзіндік кестелері ашылмай 

қалған. Десек те мұндай міндеттерді авторлардың алға қоймағандығы 

байқалады; бұлар феодальдық дәуірдің ақындары, сондықтан да олар-

дың бізге қажеті шамалы деген пиғыл да қылаң беріп қалады. Кітапта 

бұқарашылдық бағыттағы С. Торайғыровтың, С. Дөнентаевтың, Жаяу 

Мұса Байжанұлының, М.Байзақовтың, Ы. Шөрековтің, С. Көбеевтің, 

Т. Ізтілеуовтің, Б. Өтетілеуовтің шығармашылықтарын арнайы бөлім-

дерде  талдап,  олардағы  әлеуметтік  теңсіздікті  жырлаған  тұстарына 

назар аударады. 

Екінші томның екінші кітабы (редакциясын басқарған Ы. Дүйсен-

баев)  ХХ  ғасырдың  бас  кезіндегі  қазақ  даласында  жүріп  өткен  өз-

герістерді, әдеби өмірді шолумен басталып, 1916 жылғы көтеріліске 

байланысты  туған  халық  поэзиясын  талдаумен  жалғасады.  Абайдан 

бастап,  осы кездегі қазақ әдебиетінің  үлкенді-кішілі Ақылбай Құ-

нанбаев, Мағауия Құнанбаев, Сүйінбай Аронұлы, Шәңгерей Бөкеев, 

Біржан Қожағұлұлы, Ыбырай Алтынсарин, Дулат Бабатайұлы, Шор-

танбай Қанайұлы сияқты өкілдеріне жеке тараулар арналған.                                    

Көптомдықтың екінші томының екі кітабында да сол кездерде қо-

ғамдық ғылымдарда үстемдік құрған екі түрлі мәденит туралы ілімнің 

салдарынан  қазір  «зар  заман»  әдебиеті,  ұлт-азаттық  бағыттағы  әде-

биет аталып жүрген әдеби ағымдарға тоқталмаған.  Сол себепті де осы 

дәуірдің өзіндік әдеби сыпаты тұтас күйінде ашылмай қалған.                                                                       

Қазақ әдебиетінің кеңестік дәуіріне арналған үшінші томының ал-

ғашқы кітабы кеңес әдебиетінің тууы, қалыптасуы және Ұлы Отан со-

ғысы жылдарындағы жай-күйі жайлы шолумен басталып, қазақ кеңес 

әдебиетінің көрнекті өкілдері С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, 

М. Әуезов, С. Мұқанов сияқты ірі өкілдеріне жеке тараулар арналған. 

Екінші кітапта «Ұлы Отан соғысынан кейінгі (1946-1956)»,  «Қазіргі 



21

дәуір әдебиеті (1956-1966)» шолуларынан соң, Ғ. Мүсіреповтің,    А. 

Тоқмағамбетовтің, Ғ. Мұстафиннің, Т. Жароковтың,   Ә. Тәжібаевтың, 

Ғ.  Ормановтың  Қ.  Аманжоловтың  өнерпаздық  жолдарын  талдаған 

шығармашылық портреттерге орын берілген. 

Алты кітаптан тұратын үш томдық «Қазақ әдебиетінің тарихы» ака-

демиялық басылым болғандықтан да әр томның соңында библиогра-

фия мен әдеби шежіренің орын алуы еңбектің ғылымилық сыпатын 

арттырып тұр.                                                                                                     

Көп ұзамай-ақ көп томдық қазақ әдебиетінің тарихы орыс тілінде 

де жарық көрді. Орыс тілінде шыққан үш томдықтың 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет