білмей біраз тоқырадым. Күні-түні қақшиып қарауылдасам да егінді аман
сақтап қалуға бел байладым. Осыны ойладым да, құстың қанша зиян
келтіргенін білейінші деп ең әуелі егіннің ішін араладым. Аралап қарасам,
72
Sauap.org
едәуір бүлдіріпті, бірақ дәні әлі пісіп жетпеген, енді қалғанын аман сақтап
қалса, шығын онша кӛп болмаған болар еді.
Мылтықты оқтадым да егіннен шығып кеткен болдым. (Себебі құстар
жақын жердегі ағаштарға барып жасырынып, менің кеткенімді күтіп отыр).
Кӛзден таса болуым-ақ мұң екен, әлгі ұрылар бірінің артынан бірі келіп
егінге қона бастады. Ашуланғаным сондай, кӛбейгенін күтіп тұра алмадым,
ӛйткені бір түйір дәннің бара-бара қанша астық болатыны ӛзіме мәлім.
Қорғанның жанына жүгіріп келдім де, аттым; табан серіппей отырған
жерінде үшеуі қалды, маған керегінің ӛзі де сол еді, баскесер ұрыларға
Англияда қандай жаза қолданса, оларға мен де нақ сондай жаза қолдандым:
жинастырып алдым да, басқаларын үркіту үшін үшеуін де салбыратып
аяғынан ағаштың басына іліп қойдым. Құстар қорыққанынан әрқайсысы әр
жаққа қарай ұшты, бет-бетімен кетті, енді қайтып егіннің басына
жоламайтын болды, жоламақ түгіл ол маңайдан безіп кетті. Үш қарақшы
ағаш басынан түскенше егінге жорғалап келген бір құсты кӛргенім жоқ. Әй,
несін айтасыз ӛзім де қуандым-ау! Егіннің екінші орымы желтоқсанның
аяғында басталады, арпа мен күрішім пісті, мен де жеделдетіп жинап алдым.
Егінді орар алдында кездескен бір қиыншылық я қол орақтың, я болмаса
бел орақтың жоқтығы болды; кемеден алған екі жүзді қанжардан басқа
қолайлы құрал менде жоқ еді, амалсыздан осыны пайдалануға тура келді.
Менің егінім игеріп ала алмастай кӛп те емес, мұның үстіне менің егінді
оруым да, қырманға салып басуым да ӛзгеше болды, ӛзгешелігі сол, сабағын
тастап басын алдым да, себетке салып үйге тасыдым. Қырман қыршып
азаптанғаным жоқ, алақанға басып уқалап-уқалап, топанын аузыммен үрлеп
ұшырдым да, тазаланған дәнін қапшыққа сала бердім. Сепкен тұқымның
мӛлшеріне қарағанда егінімнің түсімі нашар болған жоқ, екі бушельге
6
жақын
күріш, екі жарым бушельге жақын арпа жинап алдым. Кім біледі, бұдан я аз,
я кӛп болар, тек шамамен айтып отырмын, себебі ол кезде менің қолымда
ӛлшеуіш болып па?
Еткен еңбегім зая кетпей, түсімде де кӛрмеспін деген нәрсені ӛңімде
кӛріп, қолым ұстағанына қатты қуандым, айбаттандым, масаттандым,
шаттандым, енді құдай сәтін салса, бара-бара ішіп-жеуімнен артылып
қалатын астығымның болатынына сендім. Бірақ менің алдымда бірнеше жаңа
қиыншылықтар тұр. Ол қиыншылықтар: дәнді жинап алуын алдым-ау, енді
одан қалай етіп ұн тартам? Тартқан ұнды қалай елемекшімін? Егер елеп
шығарсам, қамырды қалай баспақшымын? Бәрін айт та бірін айт, нанды
қалай пісірмекшімін? Мен мұның бірін де білмеймін ғой. Осының бәрін
ойлап-ойлап ақырында мынадай қорытындыға келдім: биылғы алған
дәнімнің бір түйіріне тимей бәрін де тұқымға сақтайын, келесі жылы
тұқымды молырақ сеуіп егіс кӛлемін кеңейтейін, сӛйтіп ӛзімді бірден үздіксіз
азық-түлікпен қамтамасыз етейін, оған дейін дәнді нанға айналдыру әрекетін
істейін, уақытымның бәрін осыған жұмсайын деген пікір пайда болды, бір
жағынан бұл пікірдің тууына жоғарыда айтылған қиыншылықтар да себепші
болды.
73
Sauap.org
Енді мені, ой, сабаз-ай, ӛз нанын ӛзі тауып жеген жігіт екен деп айтуға
болады. Әшейін жай қарапайым тамақты әзірлеп ішудің ӛзіне толып жатқан
әр түрлі ұсақ жұмыстардың істелетінін кейбіреулер тіпті ескермейді, бұл
таңқаларлық іс: мысалға нан пісіруді-ақ алайықшы, нан ӛзінен-ӛзі келіп отқа
түспейді ғой.
Ойда жоқ жерде үйдің жанынан пайда болған арпа мен күрішті орып,
жинап алған уақыттан бастап, жабайы тұрмыстың жағдайының арқасында
осы қиыншылықтар күшейген үстіне күшейіп жанымды қинай бастады.
Себебі менде жер жыртатын сабан да жоқ немесе айла шарғылап
амалдайтын күрек те болмады. Ағаштан күрек жасап, ол қиыншылықты
жеңгенімді бұдан бұрын айтып ӛткенмін. Дегенмен, қолдағы құралын қандай
болса, істеген жұмысың да сондай болады, ұшына қаққан темірі болмағансын
ағаш күрек кӛпке шыдамады, жаңартып істеп ала қоюға уақыт керек, темір
болса бір сәрі, ағаш күрекпен жер қазу— инемен құдық қазғанмен бірдей
және істеген жұмысың да сапалы болып шықпайды.
Қайтейін, амалым бар ма, бұл қиыншылыққа да кӛндім, сабырлық етіп
шыдадым, жұмысымның нашар болып шыққанына қапаланғаным жоқ, ағаш
күректі алдым да, бел күшке салып қаза бердім. Тұқымды сеуіп болғаннан
кейін тырмалау керек болды; қапелімде тырма қайдан табылсын, ағаштың
тармақтанған жуан бұтағын кесіп алдым да, жыртқан жерді айналдыра
сүйреттім, бұтақ тырма бола ала ма, тек тырнады да қойды.
Егін пісіп жеткенше алуан түрлі істер істеуге тура келді: еккен жерге
айналдыра қорған соғу, егінді күзету, ору, жинау, бастыру (егіннің басын
алақанға салып уқалап, топанын ауызбен үрлеп ұшыру).Бұдан кейінгі қажет
болған нәрселер: ұн тартатын диірмен, ұн елейтін елек, тұз, нан ашытатын
ашытқы, нан пісіретін пеш. Бірақ оқушылар кӛре жатар, мен бұларсыз-ақ
әрекет еттім. Нан жеу — мен үшін ұлы дәреже, әрі жанның рақаты. Нан жеу
үшін арымай, талмай ауыр еңбек сіңіру керек. Ӛйтпеске амал да жоқ.
Уақытымды тиісті жұмысқа кесіп-пішіп, күн ілгері бӛліп қойғанмын, бұл
жұмыстарға күніге бірнеше сағат уақыт бӛлдім, бірақ күнделікті уақыттың
кӛпшілігі осы жұмыстарға жұмсалды, себебі астықты әбден молайтып
алғанша ішіп-жеуге жұмсамасқа серт қылғанмын, ал сонымен қатар еккен
егінім піскенге шейін дәнді нанға айналдыратын құралдар жасап
шығармақшы болғанмын, оған дейін әлі алты ай уақытым бар.
Маған ең алдымен егін егу үшін бұрынғыдан гӛрі кӛлемі кең жер
жыртып алу керек болды, себебі қолдағы тұқымым бір акрдан
7
артығырақ
жерге себуге жетеді. Жер қазбастан бұрын күрек жасап алу керек, бұған бір
жеті уақытым ӛтті. Жаңадан жасаған күрегім оңтайлы болып шықпады, ӛте
ауыр болды, жанды қинады. Дегенмен амал бар ма, осы күрекпен екі бӛлек
жер жыртып тұқым септім, айдаған жерім алыс емес, үйдің жаны, айналасын
қазық қағып қоршадым. Ойым: қаққан қазықтарым тамыр жайып бір жылдан
кейін ӛзінен-ӛзі қоршау болып кетсін деген еді. Жер жыртып тұқым себу
және жыртқан жердің айналасын қорғандау үш айдан артығырақ уақытымды
алды, себебі кӛбінесе жұмыс кезінде жаңбыр жауып, үйден шыға алмадым.
74
Sauap.org
Жаңбырлы күндерде үйден шыға алмай үнемі үңгірде отырдым, бірақ
қарап отырғаным жоқ, басқа бір пайдалы жұмыс істедім. Жұмыс арасында
ӛзімнің тотыммен әңгімелесіп кӛңіл кӛтердім. Тотым кӛп ұзамай-ақ ӛзінің
атын атайтын болды, мұнан кейін ӛзінің есімін дауыстап айтатын болды.
«Попка» деген — аралға келгелі жат ауыздан естіген бірінші сӛзім. Бірақ
Попкамен сӛйлесу жұмыс емес, тек шаршағанда кӛңіл кӛтеріп, дем алу ғой.
Ол кезде менің шұғылданған бір маңызды жұмысым — саз балшықтан ыдыс
жасап алу еді, осыны кӛптен бері ойлаушы едім. Себебі, ыдыстың
жоқтығынан бар тамақты істеп іше алмай, кӛп қиыншылық кӛрдім ғой; бірақ
қалай етіп істеуін бірден біле алғаным жоқ. Саздың жақсысы табылса күршек
жасап алуға болар еді-ау деп сенем. Ал енді оны күйдіріп қатыру жӛнінде
менің ойыма келген: ыссы жерлерде күннің кӛзіне қойып кептірсе де болады
ғой деген еді, күнге әбден кепкесін оның ішіне құрғақ заттарды салып қоюға
болады ғой деп ойлаған едім. Ұн, дән және сол сықылды заттарды салып қою
үшін бірнеше құмыра жасап шығаруға ұйғардым.
Ӛзімнің ебдейсіздігімнен, иін қандырып илеуді білмей, қалай болса
солай
былжыратып
қоя
салғандығымнан,
келістіріп
жабыстыра
алмағандығымнан, асығыстық етіп бірден күннің кӛзіне қойғандығымнан
істеп шығарған ыдыстарымның бірсыпырасы ӛз салмағын ӛзі кӛтере алмай
езіліп қалғанын, кейбіреулерінің жарылып-жарылып кеткенін, бірталайының
кептіргеннен кейін де жаңқаланып сынып түскенін оқушылар кӛре қойса,
ішек-сілесі қатып күлер еді (күлмей аяушылық етуі де мүмкін). Саздан ыдыс
істеуге кіріскеніме екі айдың жүзі болды; ақырында қолайлы саз балшық
тауып алып, оны арқалап үйге әкеліп, жұмысқа кірістім. Не бары үлкендеу
екі ыдыс жасап шығардым, бұл екі ыдысты іші қуыс демесе, құмыра деуге
болмайды, кедір-бұдыр, сырт пішіні тымақ ажарсыз.
Күннің кӛзіне кеуіп әбден қатайғасын күршектерімді ақырындап кӛтеріп
алдым да, үлкен себеттің ішіне отырғыздым, бұл себеттерді әдейі соған арнап
тоқып едім, себет пен күршектердің арасындағы олқы қалған жерлерді
күріштің және арпаның сабанымен толтырдым, бұл ыдыстарға астық құйып
қоймақшымын.
Ірі ыдыстар үйлесімсіз болғанмен, ұсақ-түйек ыдыстарым тәуір болып
шыға бастады: күршек, тәрелке, шәшке-шәугім, тағы да басқа сол сықылды
ұсақ ыдыстар күннің кӛзіне күйіп, әбден нығайып, тастай болып қатып
қалды.
Бірақ мен ыдыс істеп шығару жӛнінде кӛздеген басты мақсатымды әлі
де болса орындап шыққаным жоқ: маған су ӛтпейтін, отқа тӛзімді ыдыс
керек. Мұндайды мен әлі істеп шығара алғаным жоқ. Бір күні ет пісіріп жейін
деп от жақтым. Ет піскесін оттың кӛмірін сӛндіріп алайыншы деп кӛсеумен
былғап жан-жағына сырып шығарып жатыр едім, сынған күршектің тастай
болып қатып қалған бір сынығы табылды, түсі күйдірген кірпіш сықылды
қып-қызыл. Кӛрген кезде қуанып ішім жылып қоя берді, кішкене сынықтың
ӛзі отқа түсіп осынша қатайып шыққан да, тұтас ыдысты солайымен отқа
салып күйдіріп алуға болады-ау дедім.
75
Sauap.org
Осыны кӛрген соң күршектерді күйдіру әрекетіне кірістім, бірақ, от жағу
әдісін ойлауға тура келді. Гончарлардың
8
пешке қалай салып күйдіретінін
кӛрген емеспін, сондықтан ол туралы ешбір түсінігім жоқ-ты, ыдыстың
сыртын қорғасынмен сырлайды екен дегенді де есіткенім жоқ, егер білген
болсам менен аздап қорғасын да табылатын еді. Ыссы күлді шошайтып үйіп,
бес-алты күршекті қоламтаның үстіне қойдым, бұдан кейін ӛртеп тұрып отты
жақтым. Күршектерім әбден күйіп қызарғанша отты бәсеңдеткенім жоқ,
лаулатып үсті-үстіне жаға бердім. Осы қалыпта күршектерімді бес-алты
сағаттай отта ұстадым, абырой болғанда я сынған жоқ, жарылған жоқ,
шымырланып қатая түсті. Бір кезде байқап қарасам, күршегімнің біреуінің әр
жері кӛпіршіп кӛбіктенуге айналыпты, бірақ бүлінген жоқ. Бұл кӛбіктеніп
еріген сазға араласқан құм еді, егер мен отты сол күйінде бәсеңдетпей жаға
берсем шыны болып қалар ма еді, қайтер еді. Мұны кӛрдім де, бірте-бірте
оттың күшін әлсірете бердім, күршектердің қызарғаны басылып, күңгірт
тарта бастады. Бірақ отты таза сӛндіріп тастағаным жоқ, таң атқанша күзетіп
қасында отырдым, сол күні ертеңгісін менің қарауымда, сырт пішіні сұлу
болмағанмен, жақсылап күйдірілген бір құмыра, үш күршегім болды, әрине,
ондай жерде одан артықты тілеудің ӛзі де қиын ғой.
Осы тәжірибеден кейін саздан істелетін ыдысқа мұқтаж болғаным жоқ.
Ыдыстарымның сырт пішіні сұлу емес. Бірақ бұл қалай деп таңдануға бола
ма? Болмайтын себебі мен оларды балалардың балшықтан істейтін суреті
сықылды немесе қамыр илей білмейтін әйелдердің нан пісіргені сықылды
жасадым ғой.
Кӛптен бері кӛксеп қолға түсіре алмай жүрген ыдысты саз балшықтан
жасап, су етпейтін және отқа тӛзімді етіп шығарғандағы қуанышым адам
айтарлық емес, мұндай ыдыстарға мен сықылды жер жүзінде бір адам да
мұқтаж болмаған шығар деп ойлаймын. Күршектерім суып қолға тигенше,
солардың біреуіне су құйып, ет пісіріп жегенше ынтық болдым. Бұл ретте де
кемшілік кӛргенім жоқ, ойдағыдай болып үйлесе кетті: ішіне илеп салатын
ұным болмаса да, ешкінің етінен жақсылап тұрып сорпа істедім.
Құр қол кісі диірмен жасай ала ма? Бұл туралы кӛп ойлап бас
қатырғаным жоқ, ендігі жатсам, тұрсам ойымнан кетпеген нәрсе — ұн
тартатын, тартатын емес-ау, түйетін келі мен келсап тауып алу болды. Бұл
халден қалай шығарымды, бұл қиыншылықты қалай жеңерімді білмей кӛп
дағдардым, тас тесетін бұрғы менде қайдан болсын, басқа құрал тағы жоқ.
Дән салып түюге іші қуыс, әрі қатты келі боларлықтай тас іздеп біраз уақыт
сандалдым, қапелімде ондай тас оп-оңай табыла қоя ма, әрі іздеп, бері іздеп
уақытым босқа ӛтті. Аралда тас деген толып жатыр, таудай-таудай жартастар
да кӛп, бірақ қажетіңе жарамағасын оның кӛптігінен не пайда, қажетке жарар
еді-ау, келістіріп істейтін қолыңда құрал болса, бірақ ол құрал менде жоқ.
Және жартастың тастары жылтылдаған шыны тас емес, құм араласқан
үгілмелі; егер ондай тасқа дән салып ауыр келісаппен түйгіштесең, тартқан
ұның шаң-топыраққа былғанып, жеуге жарамай рәсуа болып қалуы анық.
Ойлап-ойлап еш нәрсе шықпайтынына кӛзім жеткесін, тастан келі жасауды
76
Sauap.org
қойып, оның орнына қатты ағаштан ойып жасауды мақұл кӛрдім және ондай
ағаш тастан кӛрі оңай табылды. Бір жуан кеспек ағашты таңдап алдым да,
белгілі бір түрге айналғанша, ортасын қашап қуыстап үңги бердім, бұдан
кейін Бразилиядағы қызыл терілердің қайық істегендері сықылды, кӛп бейнет
шегіп, ӛліп-ӛшіп, әрең дегенде ішін күйдіріп тереңдеттім. Сӛйтіп келіні де
жасап бітірдім. Келсап жону, келі жасаудан киын болсын ба, мұны да бір
қатты ағаштап істеп шығардым. Сӛйттім де келі мен келсапты келесі егінге
шейін сайлап ұн тартуға әзірлеп қойдым.
Ендігі жұмыс ұнның қауыз-кебегін бӛліп шығаратын елек жасау, мұнсыз
нан пісіруге мүмкін емес, бұл міндетті орындап шығу ӛте қиын болды, неден
бастарымды, қалай кірісуді білмей басым дал болды. Тиісті материал болса
елек істеу аса қиынға соқпас еді, бірақ ондай заттар менде жоқ. Үстімдегі
кенеп кӛйлегімнің дал-дұлы шығып, жеңінен басқа дымы қалмады; қолымда
ешкінің жүні бар болғанмен оны иіруді, я тоқуды мен білмеймін, біле қойған
күнде де иіретін ұршық, тоқитын ӛрмек тағы жоқ. Не істеуді білмей дағдарып
бірнеше ай уақыт ӛтті. Сӛйтіп, дағдарып жүргенімде, теңізшілердің кемеден
алынған мүліктерінің арасында кәленкордан тоқыған мойынға салатын
бірнеше кішкене орамалдар болатын, солар бір күні есіме түсті. Осы
орамалдардан ұн елейтін үш елек жасадым, бірақ бәрі де кішілеу болды,
дегенмен қажетке жарады. Оларды бірнеше жылдай пайдаландым; бұдан
кейін електі қалай істегенім туралы тиісті жерінде тағы бір әңгімелеп
ӛтермін.
Тартқан ұнымды қалай пісіріп жеймін? Енді осы туралы ойлау керек
болды. Нан ашытып, кӛмеш салатын менде ашытқы жоқ; оны жасаймын, я
бір жерден іздеп табамын деу құр әурешілік. Сондай-ақ пеш салу жұмысы да
әжептәуір қиынға соқты. Дегенмен, мұның да айласын таптым. Саздан соғып
кішілеу-кішілеу бірнеше дӛңгелек ыдыс жасадым, жасаған ыдыстарымның
ені жалпақ, іші тайыз, нан салатын таба сықылды. Бұл ыдыстарды отқа салып
жақсылап күйдірдім де, сарайға апарып салып қойдым. Нан пісіруге уақыт
жеткен кезде асты-үстін бітеулеп плитаға ұқсаған тӛрт бұрышты ошақ
жасадым да, ішіне от жақтым. Отын әбден жанып кӛмірге айналғасын, түскен
шоқты жан-жаққа таратып, ошақтың ішіне жайдым, ошақ әбден қызып
болғасын кӛмірді жан-жаққа ысырып тастап, нанды әкеліп салдым да, үстіне
саздан жасаған дӛңгелек ыдысты тӛңкердім. Наным пешке салған наннан кем
болған жоқ, ӛзім барып тұрған жақсы наубайшы болуға айналдым: жалғыз-ақ
пирог пісіріп кӛргенім жоқ, ӛйткені ешкінің еті мен құстың етінен басқа
ішіне салатын еш нәрсе болмады. Онан басқаның бәрін істедім. Үшінші
жылғы ӛмірімнің бәрін осы айтылған жұмыстарға сарп еттім, әрине, бұл несі
деп таң қалуға болмайды; бір жыл бойы ыдыс істеумен отырған екен ғой деп
түсінуге тағы болмайды, себебі ара-арасында егін ордым және
шаруашылығыма керекті күнделікті жұмыстарымды істедім. Астықты
кешіктірмей кезінде орып-жинап алдым, орып себетке салдым да, қолым
тиген кезде басармын деп үйге әкеліп қойдым. Астық басатын қырманның
жоқтығынан алақандап үгіп алуға тура келді.
77
Sauap.org
Дән кӛбейген сайын оны қоятын орын керек бола бастады. Соңғы
орақтан жиырма бушельге жақын арпа және одан кӛп болмаса аз емес, сол
шамалы күріш алдым. Сондықтан бәріне бірдей орын жетпеді. Енді
қысылмай-ақ нан пісіріп жей беруге болады, ӛйткені бұрынғы кепкен наным
әлдеқашан таусылып еді. Егінді екі рет салуды қойып, бір-ақ рет салу үшін
бір жылға қанша астық керек болатынын білгім келді, есептеп қарасам,
қырық бушель арпа, күріш артығымен жететіндігі байқалды, сондықтан биыл
қанша ексем, ендігі жылы да және одан былай да содан артық екпеске
ұйғардым, себебі осының ӛзі де бір кісіге жеткілікті.
Аралды зерттеп, аралап жүргенімде баяғы кӛз ұшында кӛрінген қылбуыт
жер есімнен қалмайтын, бұған себеп: «Әттең, дүние-ай, амалдап сол жерге
жетсем, елге кездесер ме едім, қайтер ем, елге кездессем, бұл халден мүлде
құтылар ем!» — деп ойлайтынмын.
Бірақ осылай деуін десем де, онда барғанда кездесетін қауіп-қатерді
ұмытып кетіппін. Мүмкін, мен бара жатып жабайы адамдардың қолына
түсермін, олардың қолына түссем құтылып шығу былай тұрсын, тірі қалудың
ӛзі екіталай болар, олар Африкадағы арыстан мен жолбарыстардан да жаман,
егер олардың қолына түссем, я ӛлтіреді, я тірілей жеп қояды. Кариб
жағасында тұратындар адам етін жейтіндер деп естуші едім, менің аралым
тұрған ендікке қарағанда, ол жер мен тұрған жерден онша қашық болмау
керек. Ол жердегілер адам етін жемейтін-ақ болсыншы, қолына түссем мені
бәрібір ӛлтіреді, олай дейтін себебім Еуропадан келіп қолдарына түскен біраз
адамды ӛлтіріп тастағанын естігенім барды, олар мен сықылды емес, ондап-
жиырмалап, кӛп адам болып келсе керек, ал мен жалғызбын, арқа сүйейтін
ешкімім жоқ. Дұрысында осылардың бәрін ескеруім керек еді, бірақ ол кезде
мені ешбір қауіп-қатер қорқытқан жоқ, сондықтан есі-дертім қайткенмен де
сол жерге бару болды.
Міне, сол кезде баяғы ӛзімнің кішкене досым Ксури және Африка
жағасын бойлап мың мильдей жер жүрген қайығым есіме түсті! Бірақ құр
ойлаудан не мағына?..
Біз апатқа ұшырап кемеміз суға бататын күні толқын жиекке шығарып
тастаған қайықты барып кӛргім келді, ол қайықтың жатқан жері бірнеше
мильдей еді. Қайық бұрынғы жерінде емес: толқынның күшімен түбі кӛкке
қарап тӛңкеріліп қалған, айналасы құм, жатқан жерінде су жоқ.
Егер мен осы қайықты жӛндей алсам, кӛп қиыншылық кӛрмей-ақ
Бразилияға барып жетер едім. Бірақ ондай жұмысты орындауға екі қолдың
күші жетпейді. Бұл қайықты аударып орнынан қозғалтуға әлімнің
келмейтінін ойламаппын, оны орнынан қозғалту — астымдағы аралды
аударумен бірдей еді. Бірақ солай бола тұрса да, еш нәрсенің бетіне
қарамастан, неде болса әлімнің келгенінше тырысып баққым келді; орманға
бардым да, бірнеше сояу ағаштарды кесіп алып сүйреп, қайықтың жанына
апардым. Менің ойлағаным, егер қайықты амалдап аударуға болатын болса,
сынған жерлерін жӛндеу қиын емес қой, мұндай қайық қолға тисе қорықпай
суға түсіп сапар шегуге болады ғой деген еді.
78
Sauap.org
Осы сықылды нәтижесіз жұмысқа бар күшімді салып, жан-тәніммен
қимылдадым, ары әуреленіп, бері әуреленіп үш-тӛрт апта уақыт ӛткіздім.
Күшімнің жетпейтініне кӛзім жеткесін ӛз салмағымен ӛзі аударылып түспес
пе екен деген оймен, қайықтың бір жағындағы құмды аршып қаза бастадым;
құлар кезде шұңқырға түсірмей ӛзім кӛздеген орынға қарай жылжыту үшін
әр жердей сырғауыл ағаштарды салдым.
Осы айтылған даярлық жұмыстарды бітіргеннен кейін де қайықты
аудару түгіл қозғалтуға да шамам келмеді, еш нәрсе шықпайтын болғасын
ақыры қойдым, ӛзім де әбден қалжырадым. Бірақ солай болса да қайыққа
мініп теңізге түсу талабым бәсеңдеген жоқ, кайта күшейе түсті.
Әрі ойлап, бері ойлап, қайықты ӛз қолыммен істегім келді. Осы жақтағы
елдердің адамдары қолдарында жӛнді құралы, кӛмектесетін адамы болмаса
да, жуан ағашты ойып, ішін үңгіп қайық жасап алады, ондай қайықты
«пирог» деп атайды. Мұндай қайықты істеп шығаруды қиынсынғаным жоқ,
ең оңайы осы ғой дедім, есі-дертім сонда болды. Қарауымдағы құралдарды
негрлердің немесе үндістердің құралдарымен салыстырғанда, олардікінен
әлдеқайда артық және кӛп. Алайда мен жабайы адамдардың хал-жағдайына
қарағанда ӛз хал-жағдайымның нашарлығын ескермеппін, неге десеңіз, ол
мынау: мен жалғызбын, бір кісі қайықты сүйреп суға түсіре алмайды; ал бұл
қиыншылық құрал-сайманның жеткіліксіздігінен анағұрлым жаман.
Айтайық, мен орманға барып қолайлы бір жуан ағаш тауып алсам, оны кӛп
еңбектеніп кесіп құлатсам, қолымдағы құралдардың кӛмегімен оның сыртын
жонып қайық түріне келтірсем, содан кейін қашап немесе күйдіріп ішін
қуыстап ойсам, қысқасы, не керек, қайық жасап шығарсам, ал бірақ оны
сүйреп әкеліп суға сала алмасам, сондықтан оны орманның арасына тастап
кетсем, сонда ол қайықтан маған не пайда? Әрине, егер мен қайық істеуге
кірісерде ӛз жайымды ескеріп, ӛзіме-ӛзім есеп берген болсам, оны әкеліп суға
қалай салмақшымын деп сӛзсіз ӛзіме-ӛзім сұрау берген болар едім. Бірақ есі-
дертім суға түсіп сапар шегуде болғандықтан, бұл мәселеге тіпті
тоқталғаным жоқ, қырық бес сажын жерден қайықты суға сүйреп әкеліп
түсіруден гӛрі қайыққа мініп теңізде қырық бес миль жер жүзудің оңайлығы
айқын бола тұрса да, әлгі мәселелерге тоқталғаным жоқ.
Есі дұрыс адамның ақымақ болуы мүмкін бе, бірақ, қысқасы не керек,
осы жұмысқа келгенде ақылымнан адасып ақымақ болдым. Күшімнің
жететін, жетпейтінін аңғармай, тек ой түбіне түскенмін де жүргенмін. Ау,
Достарыңызбен бөлісу: |