1
Sauap.org
ДАНИЕЛЬ ДЕФО
РОБИНЗОН КРУЗО
Роман
2
Sauap.org
Мен 1632 жылы Йорк қаласында тудым, шыққан тегім шетелден келген
ауқатты, әлді кісіекен. Әкемнің туған жері Бремен қаласы. Алғашқы кезде ол
Гулль қаласында тұрыпты, кәсібі саудагершілік болыпты. Бірақ күй-тұрмысы
жӛнделген соң, бертін келе бұл кәсібін тастап, Йоркке кӛшіп келеді,
келісімен менің шешеме үйленіпті, шешемнің туысқандарын Робинзон дейді
екен, ӛйткені сол жердегілердің бұрынғы ескі ат-есімдері болса керек,
сондықтан мені де Робинзон деуші еді. Шынында, әкемнің аты Робинзон
емес, Крейцнер еді, ағылшындардың шет тілдерді ӛздерінше бұрмалайтын
әдеті бойынша, бізге Крузо деп ат қойды. Бұдан кейін ӛзімізде солай дейтін
болдық және аты-жӛніміз бен ата-тегімізді осылай жазатын болдық; мені
ӛзімнің таныстарым да осылай деп атайтын болды.
Менің екі ағам болды. Біреуі Фландрияда, ағылшын үкіметінің жаяу
әскерінде қызмет істеді, бір кезде сол жаяу әскер полкының командашысы
аты шулы Локгарт дейтін кісі болыпты; әлгі ағамыз қызметі жаққан соң,
подполковник шенін алды, бірақ содан кейін кӛп ұзамай, Дюнкирхен түбінде
испандарға қарсы жүргізілген соғыста қаза тапты. Ал екіншісінің не
болғанын білмеймін, хабар-ошарсыз жоқ болды, ақырында, ӛзім де соның
жолын қудым, менің де қайда кетіп, қайда тұрғанымды ата-анам білмей
қалған жоқ па...
Үй ішінде үшінші бала болғасын, мені ешбір ӛнерге үйретпеді, және
ӛзім де ӛнер үйренуге ұмтылмадым, белгілі бір нәрсеге қол артпай, әуре-
сарсаңмен басым қатып жүрді. Әкеміз жасы жеткен қарт адам болғанмен,
қолынан келгенін аяған жоқ, әлпештеп бағып, жақсы ӛсірді, оқытып
сауатымызды ашты, қала мектебінде оқыдым, үйде тәрбиелендім.
Әкемнің мен туралы ойы, мені заң қызметкері етіп шығару еді, бірақ
менің ойым, кеме мініп кезу, су бетінде серуендеу, шетелдерді аралау, сӛйтіп
қызық оқиғалар кӛру. Міне, осыдан басқа ой менде болған емес, басқаны
ойлағым да келмеді. Осы ойлаған ойды, кӛздеген мақсатты қалай да болса
жарыққа шығаруға бел байладым, осы талапқа жан-тәніммен берілдім, әбден
құмарттым. Құмартқаным сондай: айтқан сӛз, берген ақыл ем болмады,
құлаққа кірмеді. Әкемнің ұрысқаны да, шешемнің жалынып-жалбарынғаны
да бұл талаптан қайтуға әсер ете алмады. Тағдырдың маңдайға жазып, еншіге
берген қайғылы халі, ауыр тұрмысы айтқанына кӛндірмей, айдауына
жүргізбей қойсын ба, теңізден тыс ӛмір маған арам болды. Тәтті ӛмір, жақсы
тұрмыс тек қана теңізде тұрған сықылды.
Әкем ақылды, терең ойлап, кең толғайтын кісі еді, менің осындай ойға
шомып әуре болып жүргенімді сезіп, ӛзіме ескертіп те қойған болатын. Бір
күні ӛзінің бӛлмесіне мені шақырып алды. Келсем, қабағы түксиіп, ашуланып
отыр екен, бас салып кейи бастады:«Ӛзіңді ӛзің мүпталалап, сау басыңды
саудаға салуыңның себебі не? Тек бет алды құла түз құр қаңғырғаннан басқа
осыдан табар пайдаң бар ма? Туған еліңді тастап кеткенде ӛзіңмен ӛзің
болып, жақсы тұрмыс тауып, тәтті ӛмір сүргің келетін шығар, мүмкін, сен
осыны кӛксейтін шығарсың. Ондай тұрмысқа және ондай дәрежеге ӛз елінде
3
Sauap.org
тұрып-ақ жетуге болады ғой. Балам, қой, ақымақ болма, айтқан тілді ал. Ӛзі
білмеу, білгеннің тілін алмау — адасқанның ісі. Әзәзілдің азғыруына еріп,
сау басынды саудаға салма, қор боласың. Жоқ нәрсеге әуес болып, елі-
жұртынан, ата-анасынан безіп, сағым қуалаушылық, артына қарап
алаңдайтыны жоқ, құр тамақтың қамынан басқа түк ойламайтын, менің неме
кӛрініп бара жатыр дейтін, кәдімгі жалаң аяқ қудың ісі немесе ұлы дәрежеге
жеткісі келіп, даңқы жер жаратын аты шулы атақты адам болғысы келетін,
барға мәзір, жоққа шүкір етпейтін, басын тауға, тасқа да ұрып, болған үстіне
болсам екен деп аспандағы айға қол сермейтіндік іс. Бұған ең әуелі сенің
күшің жетпейді, жете қойғанда да мұндай ісіңмен ӛз дәрежеңді ӛзің
тӛмендетесің, ӛзіңе ӛзің кӛр қазасың, бұдан басқа табар пайда жоқ. Мен кӛп
ӛмірімді басымнан кешірдім, жақсыны да жаманды да кӛрдім. Талай оқиғаға
да араластым, тұрмыстың ашы-тұщысын да таттым. Тӛменгі таптың
басындағы мұқтаждық, жоқшылық тұрмыс та немесе жоғарғы таптың
қолындағы тәкаппарлық, ұлылық, әсіреқызыл қанадан асқан байлық тұрмыс
та керегі жоқ. Ең қолайлы тұрмыс жұпыны, яғни орташа тұрмыс, ендеше
саған да қажеті орта дәрежелі тұрмыс болуы керек. Орта дәрежелі
тұрмыстың артықшылығын ӛз ғұмырының тәжірибелері анықтады. Сондай
тұрмысты басқалар кӛксейді, айта берсең корольдардың ӛзі де сондай
тұрмысты кӛбірек қалайды. Тағдыр ұлықтарды не үшін екі белгінің арасына
қоймады екен деп айтып отырады, екі белгіміз жоқшылық пен ұлылықтың
ортасы.
Данышпан адамдар да ортаны жақтайды, орта дәрежелі тұрмысты нағыз
барып тұрған бақыт құсы деп таниды, сондықтан да олар құдайға ғибадат
қылғанда — «Әй, алла, маған жоқшылықты да, байлықты да жіберме», — деп
тілейді.
Балам, ӛзің байқап қарашы, тұрмыстағы нендей жаманшылықтың бәрі
де тӛменгі тап пен жоғарғы таптың басында болады, ондай жаманшылықтан
орта дәрежелі тұрмыстағылар кӛбінесе аман болады,олар басқалардан гӛрі
ауру-сырқаудан да, пәле-жаладан да қағыс болады. Орта дәрежелі тұрмыс —
ӛсіп, ӛркендеу үшін, барлық тұрмысты шаттыққа ӛткізу үшін және татулық
үшін ӛте жағымды тұрмыс болады, шыдамдылық, қанағаттылық, денсаулық,
тыныштық, рух, қоғамшылдық, түрлі қызық және де басқа қуанышты халдер
бәрі де осыдан табылады. Орта тұрмыстағылар әлі келмейтін ауыр еңбекті
істемейді, бір тілім нан үшін құлдыққа сатылмайды, ұшы-қиырына жете
алмай әуре болып, адасқан жағдайынан шығамын деп зыр жүгіріп
аласұрмайды, ұлықшылдықтың отына шыжымайды, ол адам ӛз ӛмірін
жайымен баптап рақатта ӛткізеді».
Мұнан кейін кішкене кідіріңкіреп:«Шырағым, балалық қылма, босқа
адаспа, ӛз басыңды ӛзін қиыншылықтың құлдығына ұстап берме; сен неден
қысыласың, бір үзім нанға зар болып жүрген жоқсың, ондай халді кӛрген де
емессің. Балам, сен адасып жүрсің, сенің ойлаған ойың, талабың, түспекші
жолың бәрі де зиянды; сенің түсетін жолың жаңағы мен айтқан жол, осы
жолға түсуіңе ӛзім кӛмектесейін, қолдан келген жәрдемнің бәрін істейін, егер
4
Sauap.org
адасқан бағыттан қайтпасаң онда ӛз обалың ӛзіңе, маған ӛкпелеме, ӛзіңе ӛзің
ӛкпеле, мен аталық борышымды ӛтедім», — деді. Қысқасы не керек, егер мен
үйде қалатын болсам, әкемнің айтуынша орташа тұруым керек болды, ол
менің сапар шегуімді қостап, ажалыма ортақтаса алмайтындығын
айтты.Сӛзін бітіре келіп: «Шырағым, үлкен ағаң да ӛзінше кеткен, айтқан
тілді алмаған, ақырында не болды, соғыста оққа ұшты, опат болды. Балам,
осы бетіңнен қайтпасаң, сен соның жолын құшасың, бір шіріген жұмыртқа
болып қарға-құзғынға жем боласың. Қор боласың, құрисың, жоқ, балам, мен
саған рұқсат бере алмаймын, рұқсат жоқ. Егер айтқан тілімді алмай жүзімді
жыртып, сағымды сындырып, жер соқтырып кетемін дейтін болсаң, амал бар
ма, жолың ашық. Бір кезде әкеңнің айтқаны есіңе түсер, ӛкінерсің, әттең,
адасқан екенмін дерсің, бірақ не пайда, шырағым, қысылған жерде қол беріп,
кӛмектесер жан адам болмас, — деді.
Қалған сӛзін аяқтауға әкемнің шамасы келмеді, жүрегі қысылып, тілі
күрмеліп, сӛйлеуге аузы жуыспады, еңіреп жылады, кӛзінен бұршақтап аққан
жасы бетін жуды, сорғалап алдына келіп тӛгілді.
Әкемнің сӛзі іші-бауырымды елжіретті, (әрине, ондай сӛз кімді
елжіретпейді). Айтқан ақылы ұнады, кӛңіліме қонды. Кӛптен бері кӛксеген
талаптан қайттым. Шетелдерге сапар шегуді қойдым, неде болса әкемнің
айтқанындай ӛз елімде қалып ӛмір сүруге мойын ұсындым, уәде бердім.
Бірнеше күн ӛтті, берген уәдеден жаңылдым, серттен тайдым, баяғы
қиял қайта басты, ӛтінгенмен рұқсат етпейтіні ӛзіме мәлім, енді неде болса
үй ішіне кӛрінбей жасырынып қашуға айналдым. Бірақ асығыстық еткенім
жоқ. Әлі де болса ата-ананың рұқсатын сұрайын, алдарынан ӛтейін деген ой
түсті. Бір күні шешемді оңаша шығарып алып бастағы қиялымды, кӛңілдегі
ойымды қалдырмастан түгел ақтарып, шет жұрттарды кӛргім келетіндігімді
айттым:—«Егер мен тап осы күні бір іске кіріскенмен бәрібір оны түптеп
шығара алатын емеспін, одан да әкем маған рұқсат етсін, жолыма бӛгеу
болмасын, әйтпесе, амалым бар ма, рұқсатсыз-ақ жүре беремін» — дедім.
«Жасым қазір он сегізге келді, ендігі жерде маған ӛнер үйрену, заң
қызметкері болып дайындалу қиынға соғады, мен бір жұмысқа бастан
таныспай, дәмін татпай, құр кеудемен киліккенмен еш нәрсе шықпайды,
шықпайтындығын ӛзім білем, ақырында амалсыздан маған теңізге кетуге
тура келеді. Апа, сенен менің ӛтінішім, менің осы сӛзімді әкеме айт, үгітте,
кӛндір, маған рұқсат етсін, мен ең болмаса тәжірибе ретінде барып қайтайын.
Егер ондай тұрмыс ұнамаса үйге қайтып келейін, басқа ешқайда шықпайын»
— дедім.
Менің айтқан сӛздерім шешеме ұнамады, шаншудай қадалды: — «Бұл
сӛзді әкеңе айтудың қажеті жоқ, бәрібір кӛнбейді, кӛнбейтіні ол саған тиестің
пайданы да, зиянды да жақсы біледі, сондықтан мені қинама» — деді. —
Әуелі әкеме уәде беріп, оны тағы қайта қозғағаныма шешем таң қалды.—
«Бұл талаптан қайттым деп әкеңе уәде бердің, әкең іші-бауыры елжіреп, шын
жүрегімен ақылын айтты. Егер сен ӛзіңді ӛзің құртқың келсе, оған кім ара
тұра алады; бірақ мен де, әкең де сенің бұл талабыңды жүзеге асыруға рұқсат
5
Sauap.org
ете алмаймыз; мен сенің қазаға ұшырауыңа кӛмектесе алмаймын, ал әкең
қарсы болған кезде, осы талабыңды орында деген шешем еді деп айтуыңа
ешқандай қақың жоқ!» — деді.
Шешем менің ӛтінішімді әкеме айтпаймын десе де, түгін қалдырмай
бәрін айтыпты, сұрастырып артынан білдім. Әкем қынжылып:«Бала ӛз
жерінде қалса бақытты болар еді, егер шетке кетсе құриды, менің рұқсатым
жоқ, тыңдамаса жүре берсін» — деп жауап беріпті.
Мұнан кейін жылға жақын уақыт ӛтті. Осы ӛткен мерзімнің ішінде
ешбір іске кіріспедім, бұл жӛніндегі ұсыныстардың ешқайсысын қабыл
алмадым, жастан ынтық болған талабымды аяқтауға кедергі жасап, менің
жаратылысымның жетектеген тұрмысына қарсы болғандары үшін, әке-
шешеме ренжідім, күйіндім.
Бір күні жолым түсіп Гулль қаласына келдім, бұл сапар қашып-пысам
деген тіпті ойымда жоқ. Келсем, жақын бір жолдасым әкесінің кемесімен
Лондон қаласына сапар шеккелі жатыр екен. Кӛрісіп шұрқыраса кеттік, әлгі
жолдасым:«Мен қазір жүргелі жатырмын, сен де менімен бірге жүр, кӛңіліңді
кӛтеріп, қызық кӛріп қайтарсың, ешбір қиыншылығы жоқ, тыйын-пұлың
шықпайды» — деп кәдімгі теңізшілердің жылмаң тіліне салып суылдатты. Я,
әкемнен, я шешемнен рұқсат сұрамай, ӛздері біле жатар деген кісіше, ең
болмаса оларға қайда кетіп бара жатқан жӛнімді де айтпай, ата-ананың
рұқсатын сұрап, батасын алмай, бұл сапарымның ақырының немен тынып,
неге барып соғатынын да ойламай 1651 жылы қыркүйек айының 1 күні
Лондонға бара жатқан досымның кемесіне отырып кете бардым. Жас
жиһанкездердің душар болып басынан кешіретін кӛрешектері тап менікі
сықылды ӛте ерте басталып, және ӛте ұзаққа созылмаған болар деп
ойлаймын. Біздің кемеміз Гумбердің сағасынан жылжып шықпай-ақ жел
тұрды, қорқынышты қатты толқын кӛтерілді.... Бұрын-соңды теңізде
болмаған соң, қалай қорыққанымды, қайтып қиналғанымды сӛзбен суреттеп
жеткізе алмай отырмын. Перзенттік борышымды ӛтемей, арсыздыққа
салынып, ата-анадан безіп, оларды аяқ асты қылғаным үшін құдайдың кәріне
ұшырағанымды тек енді ғана білдім. Туған-туысқандарымның айтқан
ақылдары, әкемнің кӛз жасы, шешемнің жалынып-жалбарынғаны есіме түсті.
Және ол кезде тұрақталып, белгілі бір тиянаққа жетпеген ар-ұятым:«Ата-
анаңның ӛсиетін тыңдамай, аяқ-асты еткенің үшін, және әкең жүктеген
міндеттерді орындамай бұзғаның үшін сен құдай алдында күнәлісің, сен
жазықтысың» дегендей, мені қатты сӛкті, қорқытты, үркітті.
Жел күшейді, теңіз бетінде жардай биік толқындар қаптады, бұл
сапардағы дауылды мұнан кейін кӛргендеріммен, немесе бірнеше күннен соң
кездескен дауылдармен салыстырғанда әрине, ойыншық деп айтуға болар еді,
бірақ бұрын-соңды теңізде болмаған, ондайды кӛрмеген мен сықылдылардың
үрейін ұшырып, зәресін кетіруге осы да жеткілікті еді. Толқын жарларға
жақындап келгенде жұтып жіберетіндей болады.
Ал енді кеме толқынның екпінімен ырғып тӛмен түссе, су түбіне кетіп
енді қайтып шықпастай кӛрінеді. Тулаған толқын мен соққан дауылдың
6
Sauap.org
басқаға қандай әсер еткенінӛзі білсін, маған арылмастай азап болды. Егер
құдай тағаланың рақымы түсіп, осы сапар бір қасық қанымды қиса, шыбын
жанды кеудеде қалдырса, егер қара жерге аяғымның ұшы тиер заман болса,
ешқайда бас бұрмай, тез үйге қайтуға, ӛлмей тұрып кемеге мінбеуге, әкемнің
айтқан ақылынан шықпауға және енді қайтып мұндай бәлеге душар болмауға
ант еттім. Әкемнің алтын орда туралы айтқанының дұрыстығын енді білдім.
Ол ӛзінің ӛмірін теңіздің дауылынан аулақта, ӛте кӛңілді ӛткізгені де маған
түсінікті болды және мен де адасқандығымды мойныма алып, ата-анама
қайтып баруды мақұл кӛрдім.
Дауыл басылғанша ойлағаным осы болды, отырсам да, тұрсам да
ойымнан кетпеді; бірақ келесі күні таңертең жел бәсеңдеп, толқын баяулайын
деді, содан кейін менің де теңізге бойым үйрене бастады. Ол күні сол
бұрынғы қалпымда болдым, аса ӛзгеріс кіре қойған жоқ, судан тапқан
ауруымнан әлі тәуір болып айыққаным да жоқ. Түс қайта аспан бұлттан
арылды, жел тынды, күн қызарып ұясына батты; ертеңгісін де күн ашық
болды, теңіз беті тымық, теп-тегіс, күн сәулесімен жарқырап таң
қаларлықтай түр берді, ӛзім ӛмірде мұндайды кӛрген емеспін.
Түнде жатып ұйықтасам ұйқым қанып, рақаттанып қалыппын, ауырған
жерлерім де білінбейді. Кӛңілім кӛтеріңкі, қуанышым қойныма сыймағандай
таңырқап, қайта-қайта теңізге қарай берем. Taп күні кеше еліріп, ерсілі-
қарсылы шайқалып жатқан теңіздің лезде басылып, мұндай кӛркем түр
бергеніне таң қалам. Сӛйтіп тұрғанымда ойымды билейін деген кісіше бірге
жүр деп мені алдайтын баяғы досым қасыма келді, алақанымен арқамнан
қағып:— «Кешегіден бері ӛзің қалайсың? Жаным, қорықтың-ау, шыныңды
айт!» — деді. — «Кеше дауыл соққанда қорыққаным рас...» — «Желден кісі
қорқа ма екен? Жел жақсы ғой».— «Мұндай сұрапыл дауылдан қорықпаса
бола ма!» — «Ей, дауыл деймісің? Ӛзің бала екенсің ғой, сеніңше осы дауыл
ма?» — «Мұнан артық қандай болсын деп едің?» — «Ой тәңірі-ай
қорықпастан қорқады екенсің ғой, кеме орнықты болып келсе мұндай
желсымаққа пысқырып та қарамаймыз, ойға да кіріп шықпайды, бірақ сен әлі
теңізге үйренбеген, тәжірибең жоқ жас теңізшісің ғой. Жүр тамақ істеп
ішейік, бәрі де ұмытылады, бүгін күнді қарашы, қандай әдемі» — деді. Бұл
ұзақ әңгімемнің қайғылы жерін кӛпке созбай-ақ қысқарту үшін мұнан
былайғы кӛрген-білгендерімді айта берейін: пісіріп тамақ жедік, арақ іштік,
мен мас болдым, қойған сертімді, ӛзімнің бұрынғы мақтауға тұрарлық іс-
әрекетімді және болашағым туралы шығарған қорытындымды — бәрін
ұмыттым. Жел тынып, дауыл басылған соң, теңіздегі аспанға шапшыған
толқын кезінде зәре-құтым қалмай қорыққаным да, ӛзіме қойған барлық
сертім де ұмытылды. Бірақ үйге қайтсам деген ойдан әлі де арылып
болғаным жоқ. Ол ойды ойлағым келмейді, әр нәрсені ермек қылып, қалай да
ұмытқым келеді, ол ойларым кейде ұстамалы аурудай ұстайды, бірақ
ұстағанына кӛнбеймін, алысам, арпалысам—кӛнгім келмейді, ақыры, не
керек, арақ ішу, мас болу, ойын-күлкі, тағы да басқа сауық кештердің
арқасында әлгі айтқан ұстамалы ауруды әбден жеңдім, бойымнан аластап
7
Sauap.org
қудым, тағы да айтайын, қысқасы, не керек айналдырған бес-алты күннің
ішінде ӛзімді толық билеп алдым, айтқаныма кӛндірдім. Бірақ маған тағы да
бір сыннан ӛтуге тура келді. Тағдыр ондай реттерде менің ең соңғы
дәлелдерімді жоққа шығарғысы келетін; тағдырдың мені бұл сапар қалай
аман сақтап қалғанын түсінбеген-ақ болайыншы, ал енді кейін қандай қауіп-
қатерге душар болғанын, одан қалай құтылғанын мен түгіл, тіпті кемеміздегі
барып тұрған жексұрындардың ӛзі де мойындамай тұра алмас еді.
Бес күн ӛтіп, алтыншы күні Ярмут рейдісіне келдік. Дауылдан кейін жел
қарсы алдымыздан болып, жүрісіміз ӛнбеді. Ярмутта кеменің зәкірін түсіріп,
жеті-сегіз күндей тұрып қалдық, себебі жел аумастан алдымыздан соқты да
тұрды. Сол жеті-сегіз күннің ішінде біз тоқтаған рейдіге Ньюкастильден
толып жатқан кемелер келді (Ярмут рейдісі кемелердің келіп тоқтайтын жері,
себебі бұл жерде кемелер Темзаға ӛту үшін желдің арт жақтан соққанын
күтіп тұрады).
Егер жел бірте-бірте күшейе түспегенде, ағысты қуалап тоқтамай ӛзенге
ӛтіп кететіндей де шамамыз бар еді, бірақ тӛрт-бес күннен кейін жел
күшейіңкіреп кетіп, кӛбірек тоқтап қалғанымыздың мәнісі осы болды.
Дегенмен Ярмут рейдісі айлақ сықылды кеме тоқтауға қолайлы жердің бірі,
біздің кемеміздің зәкірі және зәкірінің арқандары мықты еді, осыған сеніп
біздің адамдар қауіптене қойған жоқ. Қауіп-қатер болар-ау деп ойлаған да
жоқ, кәдімгі теңізшілердің әдетінше ойыны—ойын, күлкісі—күлкі жата
берді. Жеті күн ӛтіп, сегізінші күні жел күшейген үстіне күшейе түсті,
кеменің қауіпсіз орнықты тұруын қамтамасыз ету үшін барлық жұмыс
қолдары керек болды. Түске жақын толқын күшейді, кеме қозғалып —
ойнақшып қатты толқи бастады, кеме бірнеше рет олай бұлай бұлқып еді,
зәкір жұлынып кеткен сықылды болды, сол кезде капитан швартысты
(швартс—зәкірдің екіншісі) түсіріңдер деп әмір берді, сонымен біз зәкірдің
екеуін де суға тастап, арқандарын барынша тартып, желге қарсы тұрдық.
Нақ сол мезгілде құйындатып қатты дауыл соқты. Сасқалақтау, қорқу,
мен түгіл, теңізшілерде де болды. Каютасынан шығып менің жанымнан ӛте
бергенде:«Құдай-ай, сақтай кӛр, ӛзің сақтамасаң біз қырылдық қой, біттік
қой» — деген капитанның сӛзін бір емес, екі емес әлденеше рет есіттім. Бірақ
ол олай дегенмен кемені аман сақтау шарасын әлсіреткен жоқ, қатты бақылап
тұрды.
Менің әуелгі кезде у-шудан екі құлағым тас болып, бітіп, қозғалмастан
каютада жатып алдым, не болып, не қойғанымды, не сезгенімді жақсы
білмеймін.Тап осы халдің үстінде де алғашқы қауіп-қатер кезіндегідей
теңізге бекер шыққан екем, үйге қайтуым керек деген ӛкінішті ой басыма
келген жоқ. Ӛлім қаупін ойламай, бұл дауыл да әнеугідей басылады ғой
дедім. Бірақ капитанның қасымнан ӛтіп бара жатып:«Қырылдық қой» —
деген сӛзін естіп жаман қорықтым, тұла бойым түршігіп, жүрегім қозғалып,
денем мұздай болып суып кетті. Каютадан палубаға шықтым, шығып
қарасам: аспанның асты астан-кестен болып жатқан сықылды, мұндай
сұрапылды мен ӛмірімде кӛрген емеспін, теңіздегі толқынның биіктігі
8
Sauap.org
таудай, әрбір үш-тӛрт минӛт сайын әлгі таудай толқындар тӛңкеріліп
үстімізге құлайды. Ӛзіме-ӛзім қуат беріп,бойымды тежеп, кӛз жіберіп
айналаға қарасам, жан-жағымды қамаған апат, сұрапыл бәледен басқа дым
кӛрінбейді. Біздің қарсы алдымызда ауыр жүк тиеген екі кеме аз да болса
жеңілейсін деген болар, кемелердің матчтарын жығып тастады. Және бір
тұрған екі кеменің зәкірлері жұлынып, ӛздері беталды құла түзге ағып кетті.
Екеуінің де діңгектері быт-шыты шығып жығылды, қайда барып тоқтарын
кім білсін, ағып беталды кете барды. Бізден жарты милдей алдымызда тұрған
бір кемені суға батты деп, бір теңізшінің айқайлаған даусы естілді. Ұсақ
кемелер онша кӛп бүліншілікке ұшыраған жоқ, басқалардан гӛрі орнықтылау
тұрды; бірақ олардың да бір-екеуін ығыстырып теңізге алып кетті, әлгі екі
кеме біздің кемеге тиер-тимес болып қасымыздан жанап ӛте шықты.
Кешкілік штурман мен боцман фок-матчты
1
жығуға рұқсат етіңіз деп
капитанға келді. Капитан әуелі бұған кӛніңкіремесе де артынан рұқсат етті,
фок-матчты жығып тастамаса, кеме суға бататын болды, сондықтан оны да
жығып, палубаны тазартуға тура келді.
Бұрын соңды теңізбен таныстығым жоқ, мұның алдында шамалы уақыт
қана бұрын дауылсымақтан қорқып, қайда барарымды білмей жанталасқан
менің осы кезде қандай халдерді бастан кешіргенімді ӛздеріңіз де
ойларсыздар. Егер менің зейінім бірнеше жылдар ӛткен соң ұмыттырып,
алып кетпесе, ол кезде маған ӛлім қорқыныш болған жоқ, енді неден
қорықтыңыз десеңіз, қойған сертімді бұзып, берген уәдемді танып, бұрынғы
қарғыс атқан қанғыбастық қалпыма қайта түскенім есіме түскенде, міне,
соның қорқынышы маған ӛлімнен гӛрі жүз есе артық болды. Әрине бұл ойым
дауылмен бірігіп мені сондай халге жеткізді, қандай екенін суреттеуге тіл
жетпейді. Оқиғаның ең жаманы әлі алда: Дауыл күшейген үстіне күшейіп
құтыра түсті, теңізшілердің айтуына қарағанда мұндай дауылды олар да
ӛмірінде кӛрмесе керек. Біздің кемеміз орнықты болды, бірақ жүгінің
ауырлылығынан суға кенересіне жақындап батып тұрды, толқынның
қаттылығы сондай кемені бірде былай, бірде олай аударып ойнақшыта
берді:«Кӛлбеп барады, қисайып барады, құлап барады, аударылып барады,
Достарыңызбен бөлісу: |