Өкінішке қарай, кейбір әйелдер тұрмыс құрып, балалы болған соң, өздеріне көңіл бөлуді азайта
бастайды. «Қазір өзімізге қарайтын мұрша жоқ, мына балалардың тәрбиесі бар, сабағы бар, үй
шаруасы бар, жұмыс бар» – деген сылтау айтады. Әрине, бұл аталмыш істер өте маңызды, оған
ешкімнің таласы жоқ. Бірақ әйел кісі өзінің әйел екенін әрі ерінің өзін үнемі сұлу қалпында
Балаңыз немесе үй шаруасы болсын сізді күйеуіңізге көңіл бөлуден тоспасын. Күйеуіңіз үйге
оралғанда, ас үйде үстіңіз сарымсақ сасып алқам-салқам боп жүрмесін. Отағасы үйге ораларда
Күйеуіңіздің іштей: «Кешегі әдемілік пен жұпар иіс, жылы сөз бен сыңғырлаған күлкі қайда
Ұмытпаңыз, салиқалы әйел күйеуінің назарын басқаға аударуына мүмкіндік бермейді. Әйелге
тән қылығымен, жайдары күлкісімен, жұпар аңқыған иісімен, жібектей мінезімен, назды
66
155
Араб ойшылы Әбу әл-Фараз: «Ері үшін сәнденбейтін, тазалыққа мән бермейтін әйел, осы
себепті ерін уысынан шығарып алса, өзі кінәлі», – дейді.
Салиқалы әйел – отбасылық өмірді айтып тауысу мүмкін емес махаббат дастанына
айналдырады. Сәт сайын күйеуін өзіне баурай біледі
156
.
156
«Алла елшісі: «Бұл дүние (мен оның ішіндегі нығметтердің бәрі де) уақытша берілген.
Ондағы нығмет атаулының ең абзалы – салиқалы әйел», – дейді. (Мүслим, Рада 64).
Үйдегі мәселеге орынсыз басқаны араластырмаңыз
Ақылды әйел ешқашан үйдегі сырды басқаға ашпайды. Отбасындағы кішігірім проблеманың
бәрін өзі шешуге тырысады. Мәселе ушығып, ырыққа көнбей жатса, әрине, анасының, туған-
туыстың т.б. жанашыр адамдардың ақыл-кеңесі мен көмегіне жүгінуіне болады.
Ендеше, сіз де отбасылық өміріңізге, егер қажеттілік туындамаса, үшінші бір адамды
араластырмауға тырысыңыз. Үшінші бір адамның бәлкім ниеті жақсы шығар, бірақ ол адам
күйеуіңізді сізден жақсы танымайды ғой.
Осман ибн Ата мынадай бір оқиғаны жеткізеді:
«Әбу Мүслим әл-Хәулани үйіне кіргенде сәлем беріп кіретін. Әйелі де сәлеміне жауап беріп,
алдына адал ас ұсынатын. Бір күні әдеттегідей үйіне сәлем беріп кіреді, бірақ сәлеміне ешкім
жауап қайтармайды. Қараса, әйелі қолында таяғы бар, еденді шұқып отыр екен. Бір нәрсе
мазалап ойланып отырғаны белгілі. Әбу Мүслим әл-Хәулани:
– Тыныштық па, не болды? – деп сұрайды. Әйелі:
– Бізден басқа адамның бәрінің жағдайы жақсы, ал сен Әбу Мүслим әл-Хәуланисің, (яғни,
тақыр кедейсің) барып Муғауиядан ақшалай көмек және қызметші сұрасаң қалай болады? –
дейді. (Күйеуінің кедейлігін ашық түрде бетіне баспауы әйелінің әдептілігін көрсетеді). Үйіне
біреу келіп әйелін осы сөзді айтуға үгіттеп кеткенін аңғарған Әбу Мүслим:
– Алла тағалам, отбасымда бүлік тудырған адамның жанарын ал! – деп дұға етеді. (Расында да
бір әйел кісі келіп Әбу Мүслим әл-Хәуланидің әйелін: «Сен Әбу Мүслим әл-Хәуланидің
әйелісің, сөйте тұра тұрмыс жағдайларың мәз емес. Күйеуіңе Муғауиядан ақшалай әрі үй
шаруасына жәрдемдесетін қызметші сұрауын айтсаң етті» – деп үгіттеген еді.
Көп ұзамай әлгі әйелдің көзі көрмей қалады. Оның аянышты жағдайын көрген Әбу Мүслим
әл-Хәулани Аллаға ұзақ жалбарынып әлгі әйелдің жанарын қайтаруын сұрайды. Алла тағала
тілегін қабыл алып, әйелдің жанарын қайтарады.
Есте сақтаңыз:
– Үйдегі сырды ешкімге аша көрмеңіз. Әсіресе төсек қатынасын сөз етуден сақтаныңыз. Бұған
шариғатымыз да тыйым салады.
– Үйдегі ұсақ-түйек мәселені өзіңіз шешуге тырысыңыз.
– Мына мәселені де қатты ескеріңіз! Күйеуіңіздің бойындағы артықшылығын, өзіңізге жасаған
сыйлығы мен айтқан әдемі, жылы сөздерін, қайда барғандарыңызды, демалысты қайда
өткізгендеріңізді басқаларға көп айта бермеңіз. Себебі бұл нәрсе басқаның сізге деген
қызғанышын оятуы мүмкін. Орынсыз сынға ұшырап, артыңыздан сөз еруі де ғажап емес. Ал
біреуге ғибрат болсын деген мақсатта айтсаңыз болады.
Достарыңызбен бөлісу: