Данияр Сүлейменов



Pdf көрінісі
бет33/42
Дата31.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#22886
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42
Байланысты:
Данияр Сүлейменов

Қырсықтықтан сақтаныңыз 

Қырсықтық  – отбасылық өмірде әйел мен ер арасында проблеманың туындауына жиі  себеп 

болатын мінез. 

Қырсық адамның негізгі проблемасы мына екі нәрсе:  

Біріншісі: «Өзінікін дұрыс санайды және соны көрсеткісі келеді» (себебі үнемі өзінікін дұрыс 

деп ойлайды). 

Екіншісі: «Тізгін өз қолында екенін сезінгісі келеді» 

Мұндай адамдар үнемі өзінікін дұрыс деп білгендіктен, өздеріне қарсы келген ойдың бәрін жау 

санайды. Қырсық адамның қырсық мінезінің жауабы сонау бала кезінде жатыр. Бала кезде өз 

тарапына  сыни  көзқарастар  көбірек  айтылғаны  себепті  белгілі  бір  комплекске  кіріп  алған. 

«Басқадан төменсің, кемшілігің көп» сынды ойлар ми-санада сайрап жатады. Нәтижеде, үнемі 

көпшіліктің назарында жүргенді, өзінікінің дұрыстығын көрсетуге тырысады. Ал өмірде бәрі 

өз ойлағанындай бола бермейді, сол себепті қырсықтыққа салынады. 

Егер мұндай адам өзін танып, кемшілігін көре білмесе, басқаның алдында тәкаппар,  әдепсіз 

боп танылады. 

Есте сақтаңыз: 

– Біліңіз, өмірде барлығы біз ойлағандай бола бермейді. 

– Адамның қателікке бой алдырмауы мүмкін емес. 

–  Адамның  білімі  барлық  нәрсені  қамти  алмайды.  Мен  бәрін  білемін  деген  адам  дамудан 

қалады. 


– Қателігін мойындау адамның қадір-қасиетін арттырмаса, түсірмейді. 

–  Қасыңыздағы  адамның  ой-пікірін,  сөйлеген  сөзін,  жасаған  амалын  үнемі  теріске  шығара 

беру, ол адамды сізден алыстатып жібереді. 

– Қырсық адамның қырсықтығы себепті жолығатын проблемасы – айналасындағы адамдарды 

қашырып, жалғыз қалуы. 

Мойындамаушылықтан қашыңыз 

Кейде отбасылық өмірдегі сәтсіздіктер әйелдің өз күйеуіне ерге тән құқықты бергісі келмеуден 

туындап жатады. Яғни әйел кісі өзінің әйелге тән табиғатын ескерусіз қалдырумен қатар еріне 

тән құқықтарға араласады. Мысалы, үйдегі бар билікті қолға алуды көздеу. Сөйтеді де күйеуіне 

айтқанын орындатқысы келеді. Күйеуі әйелінің айтқанын орындамаған күні үйде ұрыс-керіс 

басталады.  

Әйелдегі  мұндай  психология  күйеуінің  кейбір  кемшілігін  қабылдай  алмаудан  туындайды. 

Нәтижеде күйеуін кейбір іске лайық көрмейді де, «Бәрін өз қолыма алмасам болмайды» деген 

ой келеді. Негізінде, әйел адамның бәрін өз қолына алғаны құптарлық іс, бірақ өз табиғатына 

тән  істерді.  Мысалы,  бала  тәрбиесі,  үй  шаруасы,  бір  мекемеде  жұмыс  жасайтын  болса 

жұмысына  деген  ұқыптылықты  т.б.  Отағасының  отағалық  құқығына,  үйдегі  басшылық 

мәселесіне таласпағаны абзал. Күйеуінің кейбір іске икемі келмеуі мүмкін, бірақ бұл жағдай 




69 

 

отағасын отағалық құқығынан айырмайды. Әйел кісі осындай кезде күйеуіне демеу көрсету 



арқылы абыройға ие болады

157


.  

157


 1908-1927 жылдары алғаш «Форд-Т», «Форд-А» көлік түрін жасап шығарған американдық 

кәсіпкер  Генри  Форд  бұл  істі  алғаш  бастағанда  әйелінен  басқа  ешкімнен  қолдау  таппаған. 

Әкесі де баласының бұл ісін бос нәрсеге балайды. Ата-анасы Фордтың шаруа қожалығымен 

айналысқанын қалаған еді. Бірақ әйелі Клара Брайнт күйеуінің бұл ісіне сеніммен қарап, демеу 

көрсете білді. Көп ұзамай Генри Форд көлік саласындағы атақты кәсіпкерге айналады. Осыдан 

қырық  жыл  өткен  соң  журналистер  тарапынан:  «Өмірге  қайта  келіп,  жаңа  бір  ғұмыр 

бастағыңыз келе ме?» – деген сұраққа, «Егер аяулы жарым Клара қасымда болса ғана» – деп 

жауап  береді.  (Әбу  Шиһәбуддин  Насир  әш-Шәфиғи  «Әсғаду  Зәужә  фи  әл-Әләм»,  175-бет, 

Мысыр, 2007 ж.). 

Кейбір  отбасында  табыстың  көбін  әйел  адам  табатын  болғаны  себепті  үйдегі  басшылық  та 

әйелге  көшетін  сияқты.  Жоқ,  олай  емес.  Қанша  жерден  табысы  аз  болса  да  үйдегі  тізгін ер 

адамның қолында болуы тиіс

158

. Шариғатымыз да әйел адамға тапқан табысын ері алдында 



міндетсінуге  рұқсат  етпейді.  Ер  адам  да  өз  ісіне  жауаптылықпен  қарап,  жігітке  тән  мінез 

танытып, өзіне тиесілі істерді ұқыпты орындағаны жөн. 

158

 Әлемге «темір әйел» деген атпен танылған Маргарет Тетчер алып бір мемлекетті басқарып 



отырғанына қарамастан өзінің бір сөзінде: «Үйімде мен кәдімгі қарапайым әйелмін және үйде 

әйел екенімді ешқашан ұмытқан емеспін» – дейді. 

Есте сақтаңыз: 

Ер мен әйел – бір-бірін толықтыратын жаратылыс, сол себепті отбасылық өмірде әркім өзіне 

тән  міндетін  мүлтіксіз  атқаратын  болса,  өмір  «мұхитындағы»  отбасылық  «кеме»,  бақыттың 

«желі» ескен «жағалауға» қарай бет түзейді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет