Данияр Сүлейменов



Pdf көрінісі
бет30/42
Дата31.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#22886
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42
Байланысты:
Данияр Сүлейменов

Күйеуіңізді Алланың бұйрықтарын орындауға құлшындырудың кейбір жолдары  

– Ол үшін ең әуелі өзіңіз де құлшылыққа ықтияттылық танытыңыз. Намаз, ораза, Құран оқу 

т.б. ғибадаттар толық болу керек. 

–  Алла  разылығы  үшін  еріңізге  бойсұныңыз. Күйеуіңізге  лайықты  түрде  бойсұна  білу  үшін 

Алланың разылығы күйеуіңізді разы қылуда екенін ұмытпаңыз

154


154


 Пайғамбарымыз: «Күйеуі өзінен разы болған күйде қайтыс болған әйел жаннатқа кіреді» – 

деген. (Ибн Мәжә, Никах, 4) 

– Ғибадат-құлшылық арқылы сіздің жақсы жаққа қарай өзгергеніңіз байқалсын.  

– Алладан үнемі дұға тілеңіз. 

– Құран аяттары мен басқа да кітаптарды бірге отырып оқуды әдетке айналдырыңыз. 

– Күйеуіңіздің ілім үйренетін сабақтар мен мешіттегі уағыздарға қатысуына себепші болыңыз. 

– Демалыс күндері тыныш бір саябақта қыдыру барысында бір-біріңізбен оқыған кітаптарды 

бөлісе отырыңыз. Егер ондай әдет  жоқ болса, бір мәрте қолға алып көріңіз, қандай керемет 

нәтиже шығатынын көресіз. Күйеуіңізді ашық-шашық әйелдер жүретін жерден алыс ұстауға 

барынша күш салыңыз.  

– Ұстаздан шәкірт тәлім алғаны секілді сіз де күйеуіңізден үйреніп жүргеніңізді оған сездіріңіз. 

Діни  немесе  басқа  да  мәселелерді  ұстаздан  шәкірті  сұрағаны  секілді  сіз  де  күйеуіңізден 

сұраңыз. Осы нәрсе күйеуіңізді ізденіске ынталандыратынына күмәніңіз қалмасын. Мысалы, 

«Отағасы, жаннаттық әйелдердің ерекшеліктері жайында Пайғамбарымыздың қандай хадисі 

бар екен?» – деп сұраңыз, егер білмейтін болса, «Біліп бересіз бе, ондай ерекшеліктердің менің 

бойымда да болғанын қалаймын!» – деңіз. Күйеуіңіз ізденеді, сұрастырады. Іздену барысында 

жаннаттық әйелдердің сипатын, әйелдің күйеуі алдындағы міндетін, сонымен қатар өзінің де 

әйелі  алдындағы  міндеттерін  үйренеді.  Себебі  шариғатта  көбіне  ер  мен  әйелдің  міндеттері 

қатар  айтылып,  қатар  жазылады.  Сіз  «бір  оқ  пен  екі  қоян  атқан»  боласыз.  Оған  қоса 

сұрағыңызға жауап алу барысында араңызда рухани байланыс орнайды, әрі сізге жауап беру 

арқылы күйеуіңіз де отбасындағы өзінің маңыздылығын сезініп бір марқайып қалады.  

– Күйеуіңіздің Құран немесе намаз оқуы сізді қатты сүйсіндіретінін сездіріңіз.  




65 

 

–  Жаннат,  ондағы  нығметтер  жайында,  ерлі-зайыптылардың  ол  жерде  бақытты  ғұмыр 



кешетінін әңгіме қылуды әдетке айналдырыңыз. 

– Көрген-білген ғибратты оқиғалар мен кітап оқудан алған әсермен өзара бөлісіп отырған жөн. 

Рас, көп жағдайда отбасылық өмірде ерлі-зайыптылар материалдық мәселеде өзара ақылдасып, 

бір-біріне жәрдемші болып жатады. Мысалы, ақшаны қалай үнемдейміз, не сатып аламыз т.б. 

Бұл, әрине, өте дұрыс. Рухани мәселеде де дәл осылай бірігіп жатса, нұр үстіне нұр болар еді.  

Ер мен әйелдің әсіресе құлшылық мәселесінде бір-біріне демеу беруі көптеген проблеманың 

алдын  алады.  Себебі  құлшылықтағы  рухани  күш  адамға  өмір  қиындығынан  сүрінбей  өтуге 

жағдай  жасайды.  Ерлі-зайыпты  жандар  арсындағы  рухани  байланыс  қаншалықты  мықты 

болса, шаңырақтың босағасы соншалықты берік болар еді. 

Өзіңізге көңіл бөлуді ұмытып кетпеңіз 

Өкінішке қарай, кейбір әйелдер тұрмыс құрып, балалы болған соң, өздеріне көңіл бөлуді азайта 

бастайды. «Қазір өзімізге қарайтын мұрша жоқ, мына балалардың тәрбиесі бар, сабағы бар, үй 

шаруасы бар, жұмыс бар» – деген сылтау айтады. Әрине, бұл аталмыш істер өте маңызды, оған 

ешкімнің таласы жоқ. Бірақ әйел кісі өзінің әйел екенін әрі ерінің өзін үнемі сұлу қалпында 

көргісі келетінін ұмытпауы тиіс. 

Балаңыз немесе үй шаруасы болсын сізді күйеуіңізге көңіл бөлуден тоспасын. Күйеуіңіз үйге 

оралғанда, ас үйде үстіңіз сарымсақ сасып алқам-салқам боп жүрмесін. Отағасы үйге ораларда 

айнаға қарап, шашыңызды тарап, өзіңізді қалыпқа келтіруді ұмытпағайсыз.  

Күйеуіңіздің іштей: «Кешегі әдемілік пен жұпар иіс, жылы сөз бен сыңғырлаған күлкі қайда 

кетті?» – деуіне мұрсат бермеңіз. 

байланыс  орнайды,  әрі  сізге  жауап  беру  арқылы  күйеуіңіз  де  отбасындағы  өзінің 

маңыздылығын сезініп бір марқайып қалады.  

– Күйеуіңіздің Құран немесе намаз оқуы сізді қатты сүйсіндіретінін сездіріңіз.  

–  Жаннат,  ондағы  нығметтер  жайында,  ерлі-зайыптылардың  ол  жерде  бақытты  ғұмыр 

кешетінін әңгіме қылуды әдетке айналдырыңыз. 

– Көрген-білген ғибратты оқиғалар мен кітап оқудан алған әсермен өзара бөлісіп отырған жөн. 

Рас, көп жағдайда отбасылық өмірде ерлі-зайыптылар материалдық мәселеде өзара ақылдасып, 

бір-біріне жәрдемші болып жатады. Мысалы, ақшаны қалай үнемдейміз, не сатып аламыз т.б. 

Бұл, әрине, өте дұрыс. Рухани мәселеде де дәл осылай бірігіп жатса, нұр үстіне нұр болар еді.  

Ер мен әйелдің әсіресе құлшылық мәселесінде бір-біріне демеу беруі көптеген проблеманың 

алдын  алады.  Себебі  құлшылықтағы  рухани  күш  адамға  өмір  қиындығынан  сүрінбей  өтуге 

жағдай  жасайды.  Ерлі-зайыпты  жандар  арсындағы  рухани  байланыс  қаншалықты  мықты 

болса, шаңырақтың босағасы соншалықты берік болар еді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет