Данияр Сүлейменов



Pdf көрінісі
бет5/42
Дата31.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#22886
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
Данияр Сүлейменов

Алла тағала кімдерді жақсы көреді? 

– ...Әрдайым жақсылық жасаңдар, істеріңді барынша тиянақты етіп істеңдер. Расында, Алла 

ізгі жандарды жақсы көреді

34

. Яғни, әрбір істеріңді тиянақты, өте жоғары деңгейде орындап, 



Алланың жақсы көретін әулие құлдарынан болыңдар

35

.  



34

 «Бақара» сүресі, 195-аят. 

35

 Али әс-Сабуни, «Сафуатут-Тәфәсир», 1/126. 



–  ...Алла  (пендешілікпен  істелген  күнәнің  артынша)  қатты  өкініп  тәубе  ететін  тәубешіл 

құлдарын және үнемі (күнә атты рухани кірлерден) тазаланушыларды жақсы көреді

36

. Яғни, 


жасаған  күнәларына  өкініш  білдіріп  тәубе  етуші  және  әдепсіз,  ерсі  қылық  пен  азғындық 

істерден, сондай-ақ лас нәрселерден бойын аулақ ұстайтын құлдарын

37

.  


36

 «Бақара» сүресі, 222-аят. 

37

 Али әс-Сабуни, «Сафуатут-Тәфәсир», 1/142. 



–  ...Егер  қандай  да  бір  іске  бел  бусаң,  бір  Аллаға  тәуекел  ет.  Расында,  Алла  тәуекелшіл 

құлдарын жақсы көреді

38

. Яғни, ақылдасып шешілген істе жаның жай тауып, іштей келіскен 



болсаң,  Раббыңның  шексіз  құдіретіне  сүйеніп,  ісіңді  Оған  тапсыр.  Өйткені  Алла  тағала  бір 

Өзіне иман келтіріп, істерін де бір Өзіне тапсырған тәуекелшіл құлдарын жақсы көреді. 

38

 «Әли Имран» сүресі, 159-аят. 



–  ...Ал  олардың  арасында  билік  айтсаң,  әділ  үкім  шығар.  Расында,  Алла  әділетті  жандарды 

жақсы  көреді

39

.  Яғни,  олар  әділдіктен  алыс  болса  да,  сен  әділдікті  ұстан  және  араларында 



билік айтсаң, әділ үкім шығар. 

39

 «Мәида» сүресі, 42-аят. 



– ...Алла Өзіне қарсы келуден барынша сақтанатын (уәдеге берік) тақуа жандарды өте жақсы 

көреді


40

40



 «Тәубе» сүресі, 4-аят. 

–  ...Әркез  қара  қылды  қақ  жарғандай  тура  болыңдар.  Өйткені  Алла  турашылдарды  жақсы 

көреді!

41

 



41

 «Хужурат» сүресі, 9-аят. 

– ...Алла әділдікке, адам құқығына ерекше мән беретіндерді жақсы көреді

42

.  Яғни, әрбір  ісі 



мен берген үкімінде әділ болған құлдарын Алла жақсы көреді. 

42

 «Мумтахана» сүресі, 8-аят. 




13 

 

Алла тағала кімдермен бірге? 

– Уа, иман келтіргендер! (Бастарыңа қандай да бір қайғы-қасірет немесе ауыртпалық түскенде) 

сабыр ету әрі намаз оқу арқылы (Алладан) жәрдем сұраңдар. Расында, Алла сабырлылармен 

бірге

43

.  Яғни,  дүниелік  және  ақиреттік  істеріңде  сабырмен,  намазға  тұру  арқылы  Алладан 



жәрдем тілеңдер. Сабырдың көмегімен абыройға кенеліп, жеңіске жетесіңдер, ал намазға тұру 

арқылы  жағымсыз  қылықтан,  әдепсіздіктен  арыласыңдар.  Алла  тағала  жеңіс  сыйлап  сәтін 

салумен, Өзінің қорғауы арқылы сабырлы құлдарымен бірге

44

.  



43

 «Бақара» сүресі, 153-аят. 

44

 Али әс-Сабуни, «Сафуатут-Тәфәсир», 1/106. 



– Аллаға және елшісіне мойынсұныңдар. Өзара таласып-тартыспаңдар. Әйтпесе, бойларыңды 

үрей  билеп  жасып  қаласыңдар  һәм  күш-қуаттан  айырыласыңдар.  Тиісінше  сабырлылық 

танытыңдар. Расында, Алла сабырлылармен бірге

45



45

 «Әнфәл» сүресі, 46-аят. 

– Расында, Алла – азабынан қорыққан құлдарымен әрі Хақ тағаланың өздерін көріп бақылап 

тұрғанын жадында ұстап үнемі игі істер істейтін ізгі жандармен бірге

46

. Яғни, Раббыларының 



өздерін  көріп  бақылап  тұрғанын  ескеріп,  үнемі  игі  амалдар  жасайтын,  азабынан  қорқып 

тақуалықты

47

  ұстанатын құлдарына жәрдем беріп, жеңіс сыйлаумен және қорғауымен Алла 



тағала олармен бірге. Ал кім Аллаға тақуалығымен,

48

 ғибадат-құлшылығымен жақын болса, 



оған ешкім зиян тигізе алмайды

49



46

 «Нахл» сүресі, 128-аят. 

47

 Тақуалық дегеніміз – «Алладан қорқу және Құранға амал ету (яғни, Құранның бұйрықтарын 



орындап, тыйымдарынан тыйылу), қолда барға һәм азға қанағат етіп, өлімге дайындық жасау 

(Әзірет Али). 

48

  «Біле  білсеңдер,  Алланың  алдындағы  ең  ардақтыларың  –  ең  тақуаларың»  («Хужурат» 



сүресі, 13-аят) 

49

 Али әс-Сабуни, «Сафуатут-Тәфәсир», 2/149. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет