Данияр Сүлейменов



Pdf көрінісі
бет6/42
Дата31.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#22886
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
Данияр Сүлейменов

Алла тағала кімдерді жақсы көрмейді? 

– ...Расында, өзін әлдеқандай көретін мақтаншақты Алла жақсы  

көрмейді

50

.  Яғни,  тәкаппар,  туысқан-дары  мен  көршілеріне  мұрнын  шүйіріп  қарайтын, 



адамдардың арасында мақтанып олардан өзін жоғары һәм артық санайтын адамды Алла жақсы 

көрмейді. 

50

 «Ниса» сүресі, 36-аят. 



– ...Расында, Алла опасыздық һәм күнә жасауда тым шектен шыққандарды жақсы көрмейді

51



Яғни,  шектен  шыққан  қиянатшыл  әрі  күнәнің  батпағына  белшесінен  батқандарды  жақсы 

көрмейді


52

51



 «Ниса» сүресі, 107-аят. 

52

 Али әс-Сабуни, «Сафуатут-Тәфәсир», 1/302. 



–  Уа,  иман  келтіргендер!  Алланың  сендер  үшін  адал  еткен  таза  әрі  денсаулыққа  зиянсыз 

нығметтерін өздеріңе харам қылмаңдар һәм (оларды ысырап қылу арқылы) шектен шықпаңдар. 

Расында, Алла шектен шығушыларды жақсы көрмейді

53



53

 «Мәида» сүресі, 87-аят. 

– ...Расында, Алла опасыздарды мүлде ұнатпайды

54



54

 «Әнфәл» сүресі, 58-аят. 

– Шынында, Алла опасыз әрі рақметі жоқтардың ешқайсысын жақсы көрмейді

55



55

 «Хаж» сүресі, 38-аят. 

– ...Расында, Алла есіргендерді ұнатпайды!»

56

  



56

 «Қасас» сүресі, 76-аят. 

– Расында, Алла бұзақыларды әсте жақсы көрмейді

57




14 

 

57



 «Қасас» сүресі, 77-аят. 

–  «Ешкімге  мұрныңды  шүйірме,  жер  бетінде  кердеңдеп  жүрме!  Расында,  Алла  кеуде  керіп, 

менменсіген  мақтаншақтардың  ешбірін  ұнатпайды»

58

.  Яғни,  адамдарға  менсінбей  қарап, 



тәкаппарлықпен теріс айналма

59

 және жер бетінде тәкаппарланып жүрме, өйткені Алла тағала 



өзін ұлық көретін, басқалардан артық һәм жоғары санайтын, кеуде керіп даңдайсып жүретін 

адамды жақсы көрмейді

60



58



 «Лұқман» сүресі, 18-аят. 

59

 Қуртуби 14/70. 



60

 Али әс-Сабуни, «Сафуатут-Тәфәсир», 2/493. 

Бақытты болыңыз! 

Абай атамыз бір өлеңінде: 

Әуелі, мүмін болсаң, иманды бол

Пендеге иман өзі ашады жол, – дейді. Демек, адам баласына көптеген игіліктің жолын ашатын 

– иман. Сіз иман арқылы айналаға басқа көзқараспен қарай бастайсыз. Яғни, әр нәрсені фәни 

дүниенің тар шеңберімен емес, ақирет атты шексіз әлемнің, мәңгі өмірдің өлшемімен өлшейтін 

боласыз. Бір Аллаға иман келтіріп, Оны еске алумен жүрегіңіз жай табады. Көптеген ғалымдар 

«Бақыт деген – жүрек тыныштығы», – дейді. Ал жүрек тыныштығына жетудің ең негізгі жолы 

– иман! Бұл ақиқат Құранда былайша баяндалады: «Міне, солар – иман келтірген әрі Алланы 

еске алу арқылы жүрегі жай табатын ізгі жандар. Ендеше, біліп қойыңдар! Жүректер Алланы 

еске алу арқылы ғана жай тауып, толық қанағаттанады!»

61

  



61

 «Рағыд» сүресі, 28-аят. 

Өміріңізді ұлы мақсаттарға негіздеу арқылы жарқын болашаққа нық қадам басыңыз! Ол үшін 

бүгінгі  күніңіз  пайдалы  істерге  толы  болсын.  Себебі,  пайдалы  іске  толы  бүгінгі  күніңіз  – 

ертеңгі бақытыңыздың кепілі!  

Кітаппен  дос  болыңыз!  Кітап  –  нағыз  адал  дос.  Ол  сізді  ешқашан  сатпайды.  Сізге  тек  қана 

пайда келтіреді. Ой-өрісіңізді кеңейтіп, өмірге деген көзқарасыңызды жақсартады. Адамның 

өзіне деген сенімін арттырып, замана көшінен қалмауға жәрдемдеседі. Өзіңізді, мына ғажайып 

әлемді танытатын да кітап! Оқылатын кітап пайдалы кітаптардан болсын. Пайдасыз кітаптан 

бас тартыңыз. 

Өзіңізге  ұнайтын  спорт  түрін  өміріңіздің  бір  бөлшегі  етіп  алыңыз.  Өміріңізде  бос  уақыт 

болмасын. Бұл сізді жалқаулықтан, еріншектіктен тосады. Әдемі формаңызды сақтап жүруге 

де көмектеседі. 

Өміріңіз  бір  қалыпты  (монотонды)  болмасын.  Демалыс  күндерін,  бос  уақыттарды  ұтымды 

пайдалана  біліңіз.  Күйеуіңізбен  жиі  серуендеуге  шығыңыз.  Шамаңыз  келгенше  өміріңізге 

жаңалық енгізіп тұрыңыз. 

Ұқыптылыққа, тазалыққа қатты мән беріңіз. Бұл – сіздің көркіңізге көрік  

сыйлайтын фактордың бірі. 

Қандай  да  бір  қателікке  бой  алдырсаңыз,  Алланың  өте  кешірімді  әрі  мейірімді  екенін 

ұмытпаңыз! Бұл ақиқат Құранда былайша баяндалады: «Сондай-ақ олар жағымсыз іс істегенде 

немесе күнәға батып, өз-өздеріне қиянат жасағанда, бірден Алланы еске алып, күнәлары үшін 

кешірім сұрайды. Күнәларды Алладан басқа кім кешіре алады дейсің?! Сондай-ақ олар бір рет 

істеген күнәні әдейі қайта-қайта істемейді». «Олардың алатын сыйы (қарымы) Раббыларының 

кең кешірімі мен (жайқалған жасыл бауларының арасынан және зәулім сарайларының) түбінен 

өзендер  ағатын  жаннат  бақшалары  болмақ.  Олар  сонда  мәңгі-бақи  қалып,  (бақытты  ғұмыр 

кешеді).  (Діннен)  үйреніп-білгенін  іске  асырып,  игілікті  істер  атқарғандардың  алар  сыйы 

неткен ғажап десеңші!»

62

  



62

 «Әли Имран» сүресі, 135-136-аяттар. 




15 

 

Адамдарға жақсылық жасаңыз! Басқаға шынайы ықыласпен жақсылық жасау адамның өмірге 



деген құлшынысын арттырып, Алла алдында мол сауапқа кенелтеді. Өзгелер үшін қам жеген 

адам өз басындағы қиындықтарды ұмытып кетеді.  

Ешкімді ренжітпеуге және өзіңіз де ешкімге ренжімеуге тырысыңыз. Сонда өмір сүруіңіз де 

өте жеңіл болады. 

Қолда бар нығметтің қадірін біліп, Аллаға шүкір етуді үйреніңіз. 

Жаман  ойға  берілуден  сақ  болыңыз.  Жаман  ойға  көп  берілетін  адам  өзінің  айналасына  да 

жаман  көзбен  қарай  бастайды.  Ойыңыз  жақсарса,  өміріңіз  де  жақсара  түседі.  Психолог 

мамандар:  «Адам  өзінің  кім  екенін  білгісі  келсе,  ойлап  жүрген  ойына  қарасын»

63

  –  дейді. 



Жақсы ойда болыңыз! 

63

 Трейси Б. «Измени мышление – и ты изменишь свою жизнь», «Попурри» баспасы, Минск, 



2009 ж. 

Басыңызға қандай да бір қиындык келсе, ұмытпаңыз: қиындыққа тап болуда сіз жалғыз емессіз. 

Барлық адам өмірде белгілі бір қиындыққа тап болады. Әр адамның өзіндік проблемасы бар. 

Сіз одан да сол қиындықтан шығудың жолын қарастырыңыз. 

Күнә  атаулыдан  барынша  сақтаныңыз.  Себебі  күнә  –  қиындық  пен  түрлі  бәле  атаулының 

қайнар көзі. 

Басқалар  сізді  түсінгенін  қаласаңыз,  сіз  де  оларды  түсінуге  тырысыңыз.  Адамды  бар 

кемшілігімен қабылдай біліңіз. Өйткені сіз де кемшіліктен ада емессіз. 

Жарқын жүзді, жомарт болыңыз! Себебі, бұл екеуі адамға шаттық сыйлайды. 

Бойыңыздағы  кемшілік  пен  артықшылықтарды  таныңыз.  Сол  арқылы  бойдағы  кемшілікті 

түзетіп, артықшылықты одан сайын дамытуға күш салыңыз! Қай іске ыңғайыңыз бар болса, 

сол іс арқылы өзіңізге де, басқаға да пайда келтіруді көздеңіз. 

Өміріңізді ретке келтіріп отырамын десеңіз, бір сәт жеке қалып өзіңізден есеп алыңыз. Абай 

атамыз  бұл  жайында  өзінің  «Он  бесінші  қара  сөзінде»:  «Егер  де  есті  кісілердің  қатарында 

болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен 

өзің  есеп  ал!  Сол  алдыңғы  есеп  алғаннан  бергі  өмірді  қалай  өткіздің  екен,  не  білімге,  не 

ақиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, 

не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?»

64

 – дейді. 



64

 А.Құнанбаев.Екі томдық шығармалар жинағы, «Жазушы», баспасы, Алматы, 1986 ж. 

Қалтаңызда  кішкентай  қойын  дәптеріңіз  болсын.  Өмірден  түйгеніңізді,  көрген-білгеніңізді, 

тың ойларыңызды жазып қоюға жақсы. Мұның өзі адамға ермек болатын дүние. Әсіресе тың 

ойларыңызды жазып отырыңыз, өйткені ол ой екінші мәрте қайтып келмеуі мүмкін. 

Тіліңізге сақ болыңыз. Адам баласының «Он қателігінің тоғызы – тілден» екенін ұмытпаңыз. 

Бір хадисте: «Кімде-кім Аллаға және ақиретке сенсе, көршісіне жақсылық жасасын. Кімде-кім 

Аллаға және ақиретке сенсе, қонағын сыйлап, күтсін. Сондай-ақ, кімде-кім Аллаға және ақирет 

күніне иланатын болса, жақсы сөз айтсын немесе үндемесін»,

65

 – делінген. 



65

 Мүслим, Иман, 77 

Алланың бергеніне шүкір етіп, қолда бардың қадірін біліңіз. Қолда жоқ  

нәрсеге бола уайым жемеңіз. Өмірде бәрі бірден бола бермейді. Ол үшін сабыр қажет. 

Өзіңізге ұнайтын, өзіңіз жақсы көретін адамдардың қасында болуға тырысыңыз және оларға 

жақсы  көретініңізді  білдіріңіз.  Өзіңізге  ұнамайтын  адамдар  жайында  жаман  ойға  беріліп 

уақытыңызды алып, өміріңізді құртпаңыз. Ол адамдар бәрібір сіздің олар жайында не ойлап 

жүргеніңізді білмейді. Айналып келгенде, зиянды өзіңіз шегесіз. 

Кейде өзіңізге ұнамаған нәрседе сіз үшін қайыр бар, ал жақсы деп ойлаған нәрсеңізде қайыр 

болмауы  мүмкін.  Бұл  ақиқат  Құранда  былайша  баяндалады:  «Қайдан  білесіңдер,  бәлкім, 

ұнатпаған нәрселерің түбінде өздерің үшін қайырлы болар. Сондай-ақ ұнатқан нәрселеріңнің 



16 

 

түбінде  өздерің  үшін  зиянды  болуы  бек  мүмкін.  Ақиқатын  Алла  біледі,  сендер 



білмейсіңдер»

66



66

 «Бақара» сүресі, 216-аят. 

Сіз тойып тамақ жейсіз, өмірде қаншама аш-жалаңаш жүрген адамдар бар! 

Тыныш ұйықтайсыз, өмірде тыныштыққа зәру жандар қаншама! 

Жып-жылы баспанада тұрып жатырсыз, өмірде далада қонып жүрген қаншама адам бар! 

Сіздің бала-шағаңыз бар, өмірде бір балаға зәру боп отырған жандар қаншама! 

Сіздің ата-анаңыз бар, өмірде қаншама жетімдер бар! 

Алла сізге иман байлығын нәсіп етті, өмірде иманнан нәсібін ала алмаған қаншама адамдар 

бар! Расында, Алланың нығметі шексіз! Санап тауыса алмайсыз. 

Адам өмірдің құнын таусылғанда барып түсінеді. Өміріңізді бағалаңыз! 

Бақытты отбасы болғыңыз келе ме? 

Шын бақытты адам – шаңырағында бақыт шамын жаға білген адам! 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет