Отбасы – Алла берген баға жетпес үлкен нығмет!
«Сондай-ақ, Оның (құдіретінің шексіздігін көрсететін) айқын дәлелдерінің бірі – оларға бауыр
басып, жандарың жай тапсын деп, сендер үшін өз болмыстарыңнан жұбайлар жаратып,
араларыңа сүйіспеншілік һәм мейірім сезімін ұялатқандығы. Міне, осының өзінде ақылға
салып ойланатын қауым үшін анық дәлелдер мен талай ғибрат бар»
67
.
67
«Рум» сүресі, 21-аят.
Махаббат, сүйіспеншілік пен мейірім, сондай-ақ адамға ләззат сыйлайтын нығметтер болмаса,
жер бетіндегі тіршіліктің мәні болмас еді. Сол себепті де, Алла тағала жер бетіндегі тіршілік
атаулыға өмір сүруге деген құлшынысын арттыратын өлшеулі ләззаттар сыйлаған. Соның бірі
– ер мен әйелдің бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен махаббаты. Сол сүйіспеншілік пен
махаббаттың нәтижесінде ер мен әйел арасында қарым-қатынас орнап, ақ отау құрылу арқылы
дүниеге ұрпақ келеді. Демек, жер бетіндегі адамға берілген ләззат атаулының бәрінде ұлы
мақсаттар көзделген. Осының өзі ой жүгіртіп, ойлана білген адам үшін көп нәрсені
ұқтырғандай.
Өткен ғасырларда әйел дәрежесінің төмен болғаны соншалық – оған жануар тектес жаратылыс
деп қарайтын болған. «Аяулы жар» деген мәртебе әйел кісіге берілмеген. 1190 жылы
Францияда өткен конференцияда әйел мәселесі қаралып, «Оның рухы бар ма, жоқ па?» деген
көзқарастар талқыға түседі. Конференциядағы пікірталастың нәтижесінде: «Әйел – рухы бар
жаратылыс, бірақ еркектерге қызмет ету үшін жаратылған» – деген шешім қабылданады
68
.
Күлкілі әрине!
68
Батыста XIX ғасырдың орта шеңіне дейін әйелді адам құрлы көрмеген. Өйткені олар өз
діндеріндегі жаңсақ сенім бойынша, Хауа ана Адам атаға тыйым салынған жемісті жегізіп,
бүкіл адам баласын жұмақтан шығарды. Сондай-ақ қияметке дейін келетін барша адамзаттың
күнәларына себепкер болған Хауа ана деп иланады. Сондықтан батыс жалпы әйелдерді
лағынеттеп, оларды жек көрген. (Қ.Жолдыбайұлы «Имани гүл», 334-бет, Алматы 2011 ж.)
Жоғарыдағы аятта Алла тағала әйел кісіні Адам атаның өз болмысынан жаратып, араларына
сүйіспеншілік пен мейірім бергендігін, еркекке күң етіп емес, аяулы жары етіп жаратқанын,
басқа бір аятта олар бір-біріне кемшілігін жасырып, жақсылығын асыратын киім іспеттес
екенін баяндайды
69
. Ер адам да Құранда әйелге қамқоршы һәм жанашыр, отбасының тірегі,
асыраушысы ретінде баяндалады
70
.
69
«Олар сендер үшін (сендерді бүркейтін, күнәдан тыятын, жан мен тән рақатына бөлейтін
һәм көрікті қылатын) киім (іспетті), сендер де олар үшін дәл сондай киім (секілдісіңдер)»
(«Бақара» сүресі, 187-аят).
17
70
«(Әйелді нәпақамен қамтамасыз ету, қорғау және тәрбиелеу ер адамның міндеті
болғандықтан) нағыз ерлер әйелдерге басшы һәм қорған…» («Ниса» сүресі, 34-аят).
Алла тағала «...жандарың жай тапсын...» деген аят арқылы отбасындағы ер мен әйелдің
арасындағы сүйіспеншілік пен махаббаттың, мейірімнің негізін түсіндіреді.
Отағасы таңнан кешке дейін отбасының нәпақасы үшін жан аямай еңбек етіп, үйге оралған
уақытта күлім қағып алдынан аяулы жары шықса, «азаматым қош келдің» деп алдында ізетпен
иіліп тұрса, ерінің күндіз көрген қиыншылығы артта қалып жаны жай таппайтын ба еді?! Бір-
біріне деген адалдықпен, арадағы ақ некемен болған байланыс нәтижесінде көздері мен
жүректерін харамнан тыйып, арсыздықтан сақтанады. Түсіне білген адам үшін бұл үлкен
нығмет!
71
71
Махмуд Мәһди Истанбули «Тухфатул арус», 26-бет, «Мағариф» баспасы, Рияд, 2011 ж.
Имам Матуриди өзінің тәпсірінде «Сендер үшін өз болмыстарыңнан жұбайлар жаратты» деген
аяттан екі нәрсені түсінуге болатынын айтады:
Бірінші: Алла тағала адамның өз болмысынан өзіне ұқсаған жаратылыс жаратты. Егер әйел кісі
адамның өз болмысына ұқсамағанда, араларында сүйіспеншілік пен махаббат, ыстық сезім
болмас еді. Бір-біріне бауыр басып, бір-бірінің қажетін де өтей алмас еді» – дейді.
«...араларыңа сүйіспеншілік һәм мейірім сезімін (жаратты)…» Яғни, бір-бірін мүлде
танымайтын, туыстық жақындығы болмаған ерлі-зайыптылар арасында сүйіспеншілік пен
мейірім жаратты. Бұл Ұлы Жаратушыдан басқа ешкім бере алмайтын баға жетпес, үлкен
нығмет!»
Екінші: Хауа анамыз, Адам атаның жүрек тұсына жақын орналасқан қабырғасынан
жаратылған. Бұл жайлы төмендегідей пікірлерді мысалға келтіруге болады.
Ибн Кәсир «Уа, адамдар! Бәріңді бір жаннан (бір кісіден) жаратқан һәм одан жұбын жаратып,
ол екеуінен көптеген ерлер мен әйелдерді өрбітіп, жер бетіне таратқан Раббыларыңа қарсы
келуден сақтаныңдар» («Ниса» сүресі, 1-аят) деген аяттағы «...одан жұбын жаратып...» деген
бөлімнің тәпсірінде: «Бұл – Хауа анамыз. Алла тағала Хауа ананы Адам ата ұйқыда болған
кезінде, оның сол жақ қабырғасынан жаратты. Адам ата оянған кезінде, Хауа анамызды көріп,
қатты таң қалады. Екеуі өзара бауыр басып, бірін-бірі ұнатады» – дейді
72
. Бұған мына хадис
дәлел: «Әйелдермен жақсы қарым-қатынаста болыңдар. Расында, әйел адам қабырғадан
жаратылды, ал қабырғаның қисықтау жері – үстіңгі жағы. Егер оны түзеймін десең, сындырып
аласың, ал егер сол күйі тастап қойсаң, сол қисық күйінде қалады. Әйелдермен жақсы қарым-
қатынаста болыңдар!»
73
72
«Мұхтасар Ибн Кәсир», 1/354-бет.
73
Бұхари, әнбия 1; никах 80; Мүслім, рада 60; Тирмизи, рада 11, Ибн Мәжа, никах 3.
Отбасылық өмірдегі қиындықтар
Мынаны ескеріңіз: Өмірде қиындыққа тап болуда сіз – жалғыз емессіз! Барлық адам белгілі
бір деңгейде қиындыққа тап болады. Осы қағида бәрімізге жұбаныш сыйлайды. Бұл – өмір
заңдылығы. Себебі өмір – сынақ алаңы. Демек, адам баласы өмірде сыналады
74
. Ол сынақ
ауыр болуы мүмкін, жеңіл болуы мүмкін, бастысы – адамның сыналатыны. Мына нәрсені
ұмытпағайсыз! Отбасылық өмірдегі қиындық пен түсініспеушілік – табиғи нәрсе, бұдан ешбір
отбасы қашып құтылған емес. Бұрынғылардан қалған мынадай сөз бар: «Тұз астың дәмін
келтіргені секілді, қиындықтар да отбасылық өмірдің сәнін келтіреді, бірақ тұзды мөлшерінен
асырып алмау қажет!» «Отбасыдағы қиындықтар, ерлі-зайыпты жандардың сүйіспеншілігін
арттырып, оларды бір-біріне жақындата түседі»
75
74
Расында, Біз сендерді қорқынышпен, аштықпен һәм мал-мүліктеріңді, жақындарыңды
Екінші: Хауа анамыз, Адам атаның жүрек тұсына жақын орналасқан қабырғасынан
жаратылған. Бұл жайлы төмендегідей пікірлерді мысалға келтіруге болады.
18
Ибн Кәсир «Уа, адамдар! Бәріңді бір жаннан (бір кісіден) жаратқан һәм одан жұбын жаратып,
ол екеуінен көптеген ерлер мен әйелдерді өрбітіп, жер бетіне таратқан Раббыларыңа қарсы
келуден сақтаныңдар» («Ниса» сүресі, 1-аят) деген аяттағы «...одан жұбын жаратып...» деген
бөлімнің тәпсірінде: «Бұл – Хауа анамыз. Алла тағала Хауа ананы Адам ата ұйқыда болған
кезінде, оның сол жақ қабырғасынан жаратты. Адам ата оянған кезінде, Хауа анамызды көріп,
қатты таң қалады. Екеуі өзара бауыр басып, бірін-бірі ұнатады» – дейді
72
. Бұған мына хадис
дәлел: «Әйелдермен жақсы қарым-қатынаста болыңдар. Расында, әйел адам қабырғадан
жаратылды, ал қабырғаның қисықтау жері – үстіңгі жағы. Егер оны түзеймін десең, сындырып
аласың, ал егер сол күйі тастап қойсаң, сол қисық күйінде қалады. Әйелдермен жақсы қарым-
қатынаста болыңдар!»
73
72
«Мұхтасар Ибн Кәсир», 1/354-бет.
73
Бұхари, әнбия 1; никах 80; Мүслім, рада 60; Тирмизи, рада 11, Ибн Мәжа, никах 3.
Отбасылық өмірдегі қиындықтар
Мынаны ескеріңіз: Өмірде қиындыққа тап болуда сіз – жалғыз емессіз! Барлық адам белгілі
бір деңгейде қиындыққа тап болады. Осы қағида бәрімізге жұбаныш сыйлайды. Бұл – өмір
заңдылығы. Себебі өмір – сынақ алаңы. Демек, адам баласы өмірде сыналады
74
. Ол сынақ
ауыр болуы мүмкін, жеңіл болуы мүмкін, бастысы – адамның сыналатыны. Мына нәрсені
ұмытпағайсыз! Отбасылық өмірдегі қиындық пен түсініспеушілік – табиғи нәрсе, бұдан ешбір
отбасы қашып құтылған емес. Бұрынғылардан қалған мынадай сөз бар: «Тұз астың дәмін
келтіргені секілді, қиындықтар да отбасылық өмірдің сәнін келтіреді, бірақ тұзды мөлшерінен
асырып алмау қажет!» «Отбасыдағы қиындықтар, ерлі-зайыпты жандардың сүйіспеншілігін
арттырып, оларды бір-біріне жақындата түседі»
75
74
Расында, Біз сендерді қорқынышпен, аштықпен һәм мал-мүліктеріңді, жақындарыңды әрі
өнімдеріңді (табыстарың-ды) кеміту арқылы сынаймыз. Ендеше, сабырлы болғандарды
сүйіншілеп қуанта бер. («Бақара» сүресі, 155-аят)
75
Әбу Шиһәбуддин Насир әш-Шәфиғи «Әсғаду Зәужә фи әл-Әләм», 9-бет, Мысыр, 2007 ж.
Өмір болған соң көптеген проблема, қайғы-мұң, рухани және материалдық қиындық қатар
жүреді. Бір қызығы – өмір сонысымен мәнді! Маңыздысы – адам сол сынақтан сүрінбей өтуге
бар қайрат-жігерін жұмсағаны абзал. Себебі жоғарыда айтқанымыздай, сынаққа ұшыраған
адамның ұстанатын екі ғана жолы бар: ол – қуанышқа тап болғанда шүкірлік ету, ал қиындықта
сабыр сақтау
76
. Расында, біз әрбір нығмет үшін Жаратушыға шүкірлік етумен нығметіміздің
арта түсуіне жол ашамыз
77
, ал сабырлық таныту арқылы қиындықты толық қайтарып
жібермесек те мейлінше жеңілдетуге болады. Басқа түскен қиындықты сынақ деп саналы түрде
қабылдай білу адамға басқа да қиындықтар мен түрлі аурудың алдын алуына мүмкіндік
туғызады, әрі Алланың құзырындағы дәрежесін арттыра түседі. Ақиретте шексіз сауапқа
кенелтеді
78
. Қайғыда сабыр сақтап, қуанышқа тап болғанда шүкір ету арқылы Раббысын еске
алған адамның жүрегі де тыныш болады.
76
Мүміннің жағдайы қандай ғажап! Шын мәнінде, оның әрбір жай-күйі өзі үшін қайырлы
болмақ, бұл – одан өзгеге бұйырмаған бақыт. Ол қандай да бір қуанышты жағдайға тап болса,
шүкір етеді. Мұнысы өзі үшін қайырлы болады. Ал басына бір қиындық түссе, сабырлылық
танытады. Бұл да өзі үшін қайырлы болады. (Мүслим, зуһд 64)
77
«Сондай-ақ Раббыларыңның «Егер шүкіршілік етсеңдер, нығметімді арттырамын. Ал егер
жақсылықтың қадірін білмесеңдер, онда азабым расында да тым қатты» деп жар салғанын
естеріңе алыңдар». («Ибраһим» сүресі, 7-аят)
78
(Бір Аллаға құлшылық ету жолында) ешқандай қиындыққа мойымай сабырлылық танытқан
жігерлі жандарға сый-сияпаттары қисапсыз беріледі», – деп айт. («Зүмәр» сүресі, 10-аят)
Есте сақтаңыз:
19
1. Сіздің өмірлік немесе отбасылық бақытыңыз өз қолыңызда. Армандаңыз және сол арманға
жетсем деген сізде мақсат болсын.
2. Қолда бар нығметтің қадірін біліңіз. Өмірлік бақытты алыстан, әлі қарасы да көрінбеген
ертеңгі күннен іздеудің қажеті жоқ. Сіздің бақытыңыз қасыңызда, ол – бүгінгі күніңіз
79
. Әр
адамның өзіне тән «бүгінгі күні» бар.
Мысалы, жастар үшін жастық шақ – «бүгінгі күн»
80
, дені сау адам үшін денсаулығы – «бүгінгі
күн»,
81
қариялар үшін Алла тағаланың ұзақ ғұмыр сыйлауы, сол себепті тәубеге келіп,
құлшылықта тереңдей түсуі
82
, немере-шөберелерінің қызығына бату – «бүгінгі күн»,
халқымыз үшін елдегі бейбіт заман – «бүгінгі күн»
83
. Ендеше, бүгінгі күннің қадірін де бүгін
білген жөн. Себебі бүгінгі күннің қадірін білмеген адам ертеңгі күні өкініште қалары сөзсіз.
Адамның бүгінгі күнін пайдалы істерге толы өткізуі – болашағының баянды болуының
нышаны
84
. Сол себепті де ақылды адам үшін әр күн – жаңа бір өмір!
79
Мы все мечтаем о волшебном розовом саду где-то заоблачных далях, вместо того чтобы
восхищаться розами, цветущими под нашими окнами прямо сейчас (Д.Карнеги).
80
Арзан ойын-күлкі мен тән ләззатына құмартпайтын жасқа Раббың дән риза болады. (Ахмед
ибн Ханбәл, Мүснәд, 4-151. Хәйсами, Мәжмәғу-зәуәһид, 10-477.)
81
«Адамдардың көбі дер кезінде қадірін білмей алданып қала беретін баға жетпес екі бірдей
нығмет – денсаулық пен бос уақыт» (Бұхари, Риқақ 1; Тирмизи, Зүһд 1).
82
Алла тағала алпыс жас ғұмыр берген құлының ешбір сылтауына құлақ аспайды (Бұхари,
риқақ 5).
83
«Цел и здоров тот народ, который положительно любит свой настоящий момент, тот, в
который живет, и он умеет понять его» (Ф.М.Достоевский).
84
«Не пытайтесь увидеть то, что скрыто в тумане будущего; живите сегодня и занимайтесь
сегодняшними делами» (Томас Карлейл).
3. Өмірде, отбасыңызда қиындықтар болып жатыр ма? Біліңіз, бұл сіздің басыңызда ғана болып
жатқан жағдай емес! Сондықтан әуелі тынышталыңыз. Сабыр етуіңізге тура келеді. Алладан
сауап үміт еткен күйі сабырлық танытыңыз
85
. Себебі, олай етпесеңіз, уақыттың жылжуы сізді
амалсыз сабыр етуге мәжбүр етеді. Бірақ ол сабыр емес – көну болып қалады. Сабыр
етушілерге берілетін сауаптан айырылып қалуыңыз мүмкін
86
.
85
Мейлі ер, яки әйел болсын, мүміннің жеке басы, бала-шағасы не болмаса дүние-мүлкі
әрдайым пәле-жалаға ұшырап тұрады. (Бұл ауыртпашылықтар сабырлылық танытқан
мүміннің күнәларын жуып-шаяды да) соңында ол Аллаға күнәсіз, пәк күйде қауышады
(Тирмизи, зуһд 57).
86
Алла тағала мұсылман құлының басына келген шаршау, ауру-сырқау, үрей, уайым, күйініш
пен қайғы-қасірет секілді қандай да бір ауыртпашылық себепті, тіпті, қолына немесе аяғына
кірген кішкене тікен үшін де оның күнәларын жарылқап кешіреді (Бұхари, Мәрда 1; Мүслим,
Бирр 49).
4. Қуанышты жағдайда Аллаға шүкір етуді де ұмытпаңыз. Шүкірлік ету – сіздің нығметіңіздің
артуының кепілі!
Салиқалы әйелдің сипаты
«Бұл дүние (мен оның ішіндегі нығметтердің бәрі де) уақытша берілген. Ондағы нығмет
атаулының ең абзалы – салиқалы әйел»
87
.
87
Мүслим, рада 64, Нәсәи, никәх 15, Ибн Мәжә, никәх 5.
Хадиске түсіндірме:
Фәни дүние – адамның уақытша тұрақтайтын мекені. Адам өмірде аз уақыт ағаш көлеңкесін
саялап, сапарын одан әрі жалғастырған жолаушы іспетті
88
. Адамның өзі де, өмірдегі
пайдаланатын нәрселері де жоқ болуға тәуелді, яғни, мәңгілік емес. Адам көрген-білген,
қолына алған әрбір заттан фәниліктің мөрін көреді. Мәңгілік тек Алла ғана!
20
88
Ибн Омар: «Бірде Алла елшісі екі қолын қос иығыма қойып тұрып: «Бұл дүниеде бір жерде
уақытша ғана жүрген жат елдік адам немесе жолаушы секілді бол», – деп айтты», – деген.
(Бұхари, риқақ 3).
Фәни дүние тіршілігі ақирет жұртымен салыстырғанда болмашы, аз бір күнкөріс. Алла тағала
Құранда: «...Бұл дүниенің тіршілігі аз күндік болмашы күнкөрістен тұрады. Ал ақиретке
келсек, ол нағыз мәңгі-бақи тұрақтайтын мекен»
89
– дейді.
89
«Мүмін» сүресі, 39-аят.
Адам баласы өткінші дүние нығметтерінің соңынан қанша қуса да жете алмайды және тояттап,
қанағат та таппайды, бар болғаны дәмін татумен ғана шектеледі. Адамның жаңа көлігі, жаңа
үйі болуы мүмкін, бірақ түбі ескіреді, шіріп жоқ болады. Қанша жерден сұлу болса да,
қартаяды, бетін терең әжім басып, ең соңында қара жердің қойнына табысталады. Сол себепті
де өткінші дүние адам баласына қанша ләззат сыйлағанмен, жүрегін тыныштандыра алмайды.
Адам жүрегі фәни дүниеде Раббысын еске алумен ғана жай табады. Жүрек шынайы Иесіне
деген махаббат арқылы ғана тірі жүрек атанады. Шынайы иесіне деген махаббаты себепті басқа
жаратылыстарға да махаббат көзімен қарап, көңілдерге қуаныш сыйлауды, өзгелер үшін өмір
сүруді үйренеді.
Өткінші дүниедегі уақытша нығметтің бірі – өмірлік жан серігіміз болған аяулы жарымыз.
Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырды асыл жарымызбен бөлісе отырып, ақирет жұртына
бірге дайындық жасаймыз. Дүниедегі нығметтердің бір бөлігіне шариғат тарапынан рұқсат
етілген болса, енді бір бөлігіне тыйым салынған. Шариғат рұқсат еткен дүние нығметінің
ішіндегі ең абзалы – салиқалы әйел. Алла тағала Құран кәрімде салиқалы әйелге тән
сипаттарды төмендегіше баян етеді:
«Ал ізгі әйелдер – Аллаға толық бағынатын және ерлерінің алдындағы міндеттерін қалтқысыз
орындайтын, сондай-ақ Алла олардың құқығын қалай қорғаған болса, олар да дәл солай ерлері
қастарында болмаған кезде де ерлерінің хақысын аяқасты етпей (арын, отбасылық сырларды,
отбасына тән абырой мен мал-дүниені) лайықты түрде сақтай білетін жандар»
90
.
90
«Ниса» сүресі, 34-аят.
Пайғамбарымыз бірде: «Сендерге жаннаттық әйелдердің сипаттарын айтып берейін бе?» –
дейді. Қасындағы сахабарлар: «Әрине, уа, Алланың елшісі!» – дегенде, Пайғамбарымыз былай
айтады:
«Күйеуінің көзайымына айналған және бала туудан қашпайтын, күйеуі ренжитін болса,
қолынан ұстаған күйі: «Отағасы, сіз менен разы болмайынша, көз ілмеймін», – деп ерінің
алдында ізетпен барынша иілетін әйелдер»
91
.
91
Насаи, «Кубра», 5/361 бет; Табарани, «Кабир», 19/14 бет.
Тағы бірде: «Әйелдердің ең қайырлысы кім?» – деп сұралғанда, Пайғамбарымыз: «Қарағанда
сүйсінетін, күйеуінің айтқанын бұлжытпай орындайтын
92
және жиған дүниесін оңды-солды
шашпайтын әйел»
93
– деген.
92
Күйеуі шариғат тыйым салған күнәлі істі жасауға бұйырып жатса, әйел орындауға міндетті
емес.
93
Нәсаи, «Шуғабул-иман», 3131.
Салиқалы әйел
сыйлауды, өзгелер үшін өмір сүруді үйренеді.
Өткінші дүниедегі уақытша нығметтің бірі – өмірлік жан серігіміз болған аяулы жарымыз.
Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырды асыл жарымызбен бөлісе отырып, ақирет жұртына
бірге дайындық жасаймыз. Дүниедегі нығметтердің бір бөлігіне шариғат тарапынан рұқсат
етілген болса, енді бір бөлігіне тыйым салынған. Шариғат рұқсат еткен дүние нығметінің
ішіндегі ең абзалы – салиқалы әйел. Алла тағала Құран кәрімде салиқалы әйелге тән
сипаттарды төмендегіше баян етеді:
21
«Ал ізгі әйелдер – Аллаға толық бағынатын және ерлерінің алдындағы міндеттерін қалтқысыз
орындайтын, сондай-ақ Алла олардың құқығын қалай қорғаған болса, олар да дәл солай ерлері
қастарында болмаған кезде де ерлерінің хақысын аяқасты етпей (арын, отбасылық сырларды,
отбасына тән абырой мен мал-дүниені) лайықты түрде сақтай білетін жандар»
90
.
90
«Ниса» сүресі, 34-аят.
Пайғамбарымыз бірде: «Сендерге жаннаттық әйелдердің сипаттарын айтып берейін бе?» –
дейді. Қасындағы сахабарлар: «Әрине, уа, Алланың елшісі!» – дегенде, Пайғамбарымыз былай
айтады:
«Күйеуінің көзайымына айналған және бала туудан қашпайтын, күйеуі ренжитін болса,
қолынан ұстаған күйі: «Отағасы, сіз менен разы болмайынша, көз ілмеймін», – деп ерінің
алдында ізетпен барынша иілетін әйелдер»
91
.
91
Насаи, «Кубра», 5/361 бет; Табарани, «Кабир», 19/14 бет.
Тағы бірде: «Әйелдердің ең қайырлысы кім?» – деп сұралғанда, Пайғамбарымыз: «Қарағанда
сүйсінетін, күйеуінің айтқанын бұлжытпай орындайтын
92
және жиған дүниесін оңды-солды
шашпайтын әйел»
93
– деген.
92
Күйеуі шариғат тыйым салған күнәлі істі жасауға бұйырып жатса, әйел орындауға міндетті
емес.
93
Нәсаи, «Шуғабул-иман», 3131.
Салиқалы әйел – ерін, масаның қанатына да татымайтын
94
жалған дүниеге құл болудан сақтап
қалуға барын салатын, жұдырықтай ғана жүрегі иман нұрына шомған ақылды әйел. Күйеуі
сүрінсе сүйеніші болатын, қолынан ұстап тек жақсылыққа қарай жетелейтін, адал жолмен
табыс табуға ынталандыратын әйел. Пайғамбарымыз мұндай әйелдің қандай керемет нығмет
екенін бір хадисінде былайша баян етеді:
94
Егер Алла үшін бұл дүниенің шыбынның қанатындай (көк тиын) қадірі болса, кәпірге тіпті
бір жұтым су да таттырмас еді (Тирмизи, зүһд 13).
«Адамды өмірде бақытты ететін мына үш нәрсе: салиқалы әйел, жақсы көлік, кең үй.
Адамды бақытсыз ететіндер: мінезі жаман әйел, жаман көлік, аясы тар үй»
95
.
95
Ахмад ибн Ханбал, «Муснад», 1/168.
«Тәубе» сүресінің 34-35 аяттары түскен кезде, сахабалар қатты уайымға батады. Себебі ондағы
аяттарда дүние жинап, жиған малының зекеті мен садақасын бермеген адамның ауыр азапқа
душар болатындығы баян етілген. Сол кезде Пайғамбарымыз ардақты сахабаларын жұбатып:
«Сендер Аллаға шүкірлік ететін жүрекке, Оны күндіз-түні зікір ететін тілге, иманды да
салиқалы әйелге қол жеткізуге тырысыңдар. Иманды да салиқалы әйел ақирет бақытына
жетулеріңе жәрдемші болады»
96
– дейді.
96
Ибн Мәжә, Никах 5.
Әзірет Али Құрандағы: «Уа, Раббымыз! Бізге осы дүниеде жақсылық бере көр! Ақиретте де
жақсылық бере көр және бізді тозақ отынан сақтай көр!» – деп келетін дұғадағы «осы дүниеде
жақсылық бере көр» сөзін «діндар, салиқалы әйел» – деп түсіндірген.
Салиқалы әйел кім десеңіз, ол:
– Сондай мейірбан, кішіпейіл, қиындыққа төзімді, басқаға түсіністікпен қарап, қатесін кешіре
білетін, жүрегі Алла деп соғатын иманды жан.
– Балаларын мейірім құшағында тәрбиелеп, күйеуіне барынша бойсұнатын аяулы жар.
– Қандай да бір орын алған оқиғаға ақыл көзімен қарап, ғибрат ала білетін даналық иесі.
– Отбасында әрдайым сүйіспеншіліктің, береке-бірліктің, өзара құрметтің, бауырмалдықтың
салтанат құрғанын қадағалайтын ханшайым.
– Әрбір сөзімен, жасаған амалымен, жүріс-тұрысымен басқаларға үлгілі тұлға.
– Өзі жасаған жақсылықты ұмытса да өзгенің жақсылығын еш ұмытпайтын қайырымды жан.
22
– Шынайы дұрыстықтың символы. Қырсықтық, тәкаппарлық, өсек айту секілді жаман
қылықтарды оның бойынан көре алмайсыз. Үнемі Алласы мен күйеуінің разылығын көздеп,
екі жақтың да ата-анасын құрметтеу арқылы ағайын-туысқа үлгілі келін атанады.
Лұқман хәкім ұлына айтқан әкелік насихатында: «Ұлым! Фәни дүниеде адам үшін ең қымбаты
мына екеуі: иманды да салиқалы әйел және жанашыр дос! Үйде салиқалы жарыңның жанында
жаның жай тапса, түзде жанашыр досыңның қасынан рахат табасың. Ұмытпа! Егер осы екеуіне
ие болсаң, үлкен нығметке кенелгенің! Жаман әйел мен жаман достан сақтан! Әйелің жаман
болса, үйіңнен береке қашады, досың жаман болса, түзде рақат таппайсың. Ұмытпа! Егер осы
екі нәрседен қашпасаң, басыңның бәлеге қалғаны!»
97
97
И.Көкче «Һанымлар ичин 33 хадис ве ачыкламасы», Стамбул 2013 ж.
Алла тағала сізді күйеуіңіздің көзайымы болатын салиқалы әйелердің қатарынан етсін!
«Қастарында өз күйеуінен басқаға көз тікпейтін құралай көз..»
98
98
«Саффат» сүресі, 48-аят.
«Отауынан аттап шықпайтын, өз күйеуінен басқа ешкімді көрмейтін һәм ойламайтын хор
қыздары»
99
99
«Рахман» сүресі, 72-аят.
«Олар үшін жаннатта пәк жұбайлар бар, олар онда мәңгі-бақи тұрақтайды»
100
100
«Бақара» сүресі, 25-аят.

Жоғарыдағы аяттарда жаннаттағы хор қыздарының сипаттары баяндалған. Ғұламаларымыз
бұл аяттардың бұ дүниеге қараған жағы да бар екенін алға тартады. Яғни, осы аяттардан осы
дүниедегі салиқалы әйелдің сипаттарын да көруге болады дейді. Енді осы сипаттарға жеке-
жеке тоқталып өтейік:
– «...өз күйеуінен басқаға көз тікпейтін» – яғни, салиқалы әйел күйеуіне ғана арнаған
махаббаты мен оның разылығын алуға деген құштарлығы себепті бөгде ерлерге көзінің қиығын
да салмайды.
23
– «Отауынан аттап шықпайтын» – яғни, себепсіз және күйеуінің рұқсатынсыз үйден
шықпайтын, бойындағы бар сұлулығы мен әсемдігін тек қана күйеуіне көрсетіп, оған ғана
арнайтын әйелдер.
– «...жаннатта оларға пәк жұбайлар бар» – яғни, өсек-аяңнан, қыз баласына тән емес әдепсіз,
жаман мінезден бойын таза ұстайтын әйелдер. Сыртқы бейнесі қандай таза болса, жан-дүниесі
де сондай таза болған жарлар
101
.
101
М.М.Истанбули, «Тухфатул-арус», 159-161-бб., Рияд, 2011.
Алла тағала басқа бір аятта салиқалы әйелдің сипаттарын: «Ал, ізгі әйелдер Аллаға толық
бағынатын және ерлерінің алдындағы міндеттерін қалтқысыз орындайтын, сондай-ақ Алла
олардың құқығын қалай қорғаған болса, олар да дәл солай ерлері қастарында болмаған кезде
де ерлерінің хақысын аяқасты етпей (арын, отбасылық сырларды, отбасына тән абырой мен
мал-дүниені) лайықты түрде сақтай білетін жандар»
102
– деп баяндайды.
102
«Ниса» сүресі, 34-аят.
Есте сақтаңыз:
Ұмытпаңыз! Алланың өзіңізден разы болғанын қаласаңыз, күйеуіңізді разы қылуға
тырысыңыз!
Тақырыпқа қосымша
Күйеуі әйелінің өзіне көрсеткен құрметі мен көркем мінезіне разы болып, оның ата-анасына
алғысын білдіріп былай деп хат жолдайды:
«Сіздерге деген алғысым шексіз! Неге дейсіз бе? Өйткені сіздер қанаттыға қақтырмай,
тұмсықтыға шоқтырмай, мәпелеп өсірген, сыңғырлаған бір ғана күлкісінің өзі әлемнің бар
байлығына татитын аяулы қыздарыңызды маған тұрмысқа бердіңіздер! Осы күнге дейін қанша
қаталдық танытсам да, бір қабақ шытқанын көрген емеспін. Маған бойсұнудағы адалдығын
көрсеңіздер ғой! Елден жырақ жүргенімізге де бірнеше жылдың жүзі болды. Бірақ мен өзімді
ешқашан бөтен елде жүргендей сезініп көрген емеспін. Оның себебі де қыздарыңыздың
отбасылық өміріме өзімен бірге ала келген қуанышы мен шаттығы. Иә, ол өзімен бірге
отбасымызға бақыт әкелді. Маған әрдайым демеу көрсетіп, үнемі қасымнан табылады. Тіпті
діни міндеттерімді орындауыма да жәрдемдесуде. Жыл сайын малымыздан зекет беруге, оған
қоса садақаны да көбірек беруге құлшындырып отырады. Бір күні ер мен әйелдің міндеттері
қамтылған кітап қолыма түсті. Егер авторын білмегенімде, ол кітапты әйелім жазған екен деп
ойлап қалар едім. Өйткені кітаптағы айтылған салиқалы әйелге тән сипаттардың барлығын
әйелімнің бойынан көрудемін. Қыздарыңыздың осындай көркем тәрбиесі үшін сіздерге
алғысымды білдіремін! Бұл сіздердің салиқалы ұрпақ тәрбиелеудегі үлкен жеңістеріңіз!
Әйелім ұл-қызымыздың болашақта өзгелер үшін өмір сүретін салиқалы ұрпақ боп өсуіне қатты
көңіл бөлуде. Осы жолда күндіз-түні тыным таппай еңбек етіп жүр. Балалардың денсаулығын,
жүріс-тұрысын, киім-кешегін, демалысын қатты назарда ұстайды. Олар күлсе де, жыласа да,
қастарынан табылады. Ол ақирет пен фәни дүние ісін бір-бірінен асырмай, қатар алып жүруді
өте шебер меңгерген. Мен қыздарыңызға дән ризамын! Сіздердің де екеуміздің осындай
бақытқа толы шаңырағымызды көріп қуанышқа бөленгендеріңізді қалаймын.
Осындай салиқалы жар нәсіп еткені үшін Аллаға шүкіршілік етемін!
Сіздерге мына бір оқиғаны баяндап берейін: «Үйде болған кезімде, маған бір кісі
бұйымтайымен келді. Қалтасынан бір бума ақша шығарып, «мынау сыйлығым» деп ұсынды.
Негізі, ұсынған ақшасы сыйлық емес, пара
қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, мәпелеп өсірген, сыңғырлаған бір ғана
күлкісінің өзі әлемнің бар байлығына татитын аяулы қыздарыңызды маған тұрмысқа
бердіңіздер! Осы күнге дейін қанша қаталдық танытсам да, бір қабақ шытқанын көрген
емеспін. Маған бойсұнудағы адалдығын көрсеңіздер ғой! Елден жырақ жүргенімізге де
бірнеше жылдың жүзі болды. Бірақ мен өзімді ешқашан бөтен елде жүргендей сезініп көрген
24
емеспін. Оның себебі де қыздарыңыздың отбасылық өміріме өзімен бірге ала келген қуанышы
мен шаттығы. Иә, ол өзімен бірге отбасымызға бақыт әкелді. Маған әрдайым демеу көрсетіп,
үнемі қасымнан табылады. Тіпті діни міндеттерімді орындауыма да жәрдемдесуде. Жыл сайын
малымыздан зекет беруге, оған қоса садақаны да көбірек беруге құлшындырып отырады. Бір
күні ер мен әйелдің міндеттері қамтылған кітап қолыма түсті. Егер авторын білмегенімде, ол
кітапты әйелім жазған екен деп ойлап қалар едім. Өйткені кітаптағы айтылған салиқалы әйелге
тән сипаттардың барлығын әйелімнің бойынан көрудемін. Қыздарыңыздың осындай көркем
тәрбиесі үшін сіздерге алғысымды білдіремін! Бұл сіздердің салиқалы ұрпақ тәрбиелеудегі
үлкен жеңістеріңіз!
Әйелім ұл-қызымыздың болашақта өзгелер үшін өмір сүретін салиқалы ұрпақ боп өсуіне қатты
көңіл бөлуде. Осы жолда күндіз-түні тыным таппай еңбек етіп жүр. Балалардың денсаулығын,
жүріс-тұрысын, киім-кешегін, демалысын қатты назарда ұстайды. Олар күлсе де, жыласа да,
қастарынан табылады. Ол ақирет пен фәни дүние ісін бір-бірінен асырмай, қатар алып жүруді
өте шебер меңгерген. Мен қыздарыңызға дән ризамын! Сіздердің де екеуміздің осындай
бақытқа толы шаңырағымызды көріп қуанышқа бөленгендеріңізді қалаймын.
Осындай салиқалы жар нәсіп еткені үшін Аллаға шүкіршілік етемін!
Сіздерге мына бір оқиғаны баяндап берейін: «Үйде болған кезімде, маған бір кісі
бұйымтайымен келді. Қалтасынан бір бума ақша шығарып, «мынау сыйлығым» деп ұсынды.
Негізі, ұсынған ақшасы сыйлық емес, пара болатын. Мұны байқаған әйелім әлгі кісіге: «Егер
жұмысқа қатысты мәселең болмағанда, осы ақшаны сыйлық ретінде берер ме едің?» – деді.
Әлгі кісі айтарға сөз таппай, тілі күрмелді де қалды. Бір жыл өткен соң әлгі кісі маған
(отбасымыздағы адалдық пен әділдікті көрген соң) өзінің бір шаруасын сеніп тапсырған еді.
Хатымды осымен аяқтайын, өйткені аяулы жарымның ізгі қасиеттерін сипаттауда парақтар
аздық етеді. Әйеліме деген шынайы махаббаттан болар осы хатты жазу барысында жанарым
жасқа толып біраз толқып та алдым. Сіздерге тағы да осындай инабатты да ибалы қыз
тәрбиелегендеріңіз үшін алғысымды білдіремін!»
Алланың разылығын қалаймын, күйеуімді де жақсы көремін!
Күй сандықта шебер ойнауды мақсат тұтқан адам күніне тоғыз сағат дайындық жасайтын
болса, бақытты отбасы болу одан да биік мақсатты талап етеді. Себебі бұл сіздің өміріңіз! Бұ
дүниелік және ақиреттік бақытыңызға себеп.
Отбасылық өмірін бақытты етуге тырыспаған және оны мүмкіндік деп білмеген адам өзіне
зұлымдық жасаған болады. Яғни, құрылған шаңырақтың қадірін білмей, отбасылық бақытқа
жетуді көздемесе, екі ғана жол бар:
1. Бақытсыз ғұмыр кешу
2. Ажырасу
Ажырасу – жалғыз қалу деген сөз. Ал адам қоғам боп, ер мен әйел болып бірге өмір сүруге
бейімделген. Сол себепті, уақыт өте келе адам табиғаты сыңарын іздей бастайды. Адам құрған
отбасының қадірін білмей, шаңырақтың шайқалмауын қадағаламай, отбасылық өмірде
бақытқа жетуді көздемесе, түбі ажырасып тынады. Ал ажырасып қайта тұрмысқа шыққан әйел
кісі бәрібір келесі шаңырақтың қадірін білуге, екінші күйеуін разы қылуға мәжбүр қалады.
Әйтпесе тағы да ажырасады. Тағы да жалғыздық. Демек, адам өз өмірін, отбасылық өмірін
бақытты етуге мәжбүр. Сол себепті құрған шаңырақтың қадірін біліңіз.
Отбасылық өмірді ретке келтіру үшін жасалатын алғашқы қадамдар:
1. Алла тағала разы болатын амалдарды іздеу
Осы нәрсе сізді ізденуге жетелейді. Яғни, сіз сұрастырасыз, оқисыз т.б. Демек сіз ізденесіз:
2. Ізденесіз
Іздену, сұрастыру барысында сіз Алла разы болатын амалдарды үйренесіз және оның ішінде
күйеуіңізді разы қылу Алланы разы ететінін түсінесіз. Демек сіз:
25
3. Күйеуіңізді қалай разы қыласыз, соны қарастырасыз
«Қайткенде күйеуімнің разылығын табамын?» – деген сұраққа жауап іздеу барысында сіз ең
әуелі мінезіңіз бен кемшілігіңізге мән бере бастайсыз. Өзгеруіңіз керек екеніне көзіңіз жетеді.
Адам материалдық мәселеде үнемі жаңашылдықты қалайды. Мысалы, киімде, көлікте, үй
жиһаздарында т.б. Бірақ өзінің рухани дүниесін жақсы жағына қарай өзгертуді ұмытып кетіп
жатады. Адамның рухани дүниесінің жақсы жаққа қарай өзгеруі өмірінің дұрысталуына алып
келеді. Демек сіз:
4. Кемшілігіңізді дұрыстау арқылы өзіңізбен жұмыс жасай бастайсыз
Адамның бойындағы кемшілігін дұрыстау үшін өзімен жұмыс жасауы бірден нәтиже бере
салатын нәрсе емес, көптеген қиындықтарға тап боласыз. Демек сіз:
5. Сабыр етуді үйренесіз
Ал сабыр ету арқылы көптеген жетістіктерге қол жеткізесіз
103
. Алла нәсіп етсе!
103
Пайғамбарымыз: «Біліп қойыңдар! Жеңіс сабырмен болады!» – дейді. (Тирмизи, 2516)
Өзімді өзгерте аламын ба?
Өзгерте аласыз! Психолог ғалымдар адам егер айнаның алдында тұрғанда немесе белгілі
ортада жүргенде жасанды болса да күлімдеп жүретін болса, көңіл-күйі жақсаратынын айтады.
Дәл солай жасанды мұңайып жүретін болса, көңіл-күйінің төмендейтінін алға тартады. Бұл
әрине толық дәлел болмаса да, адамның өзін өзгерте алатынын көрсетеді. Адам өзін жақсы
жаққа қарай өзгертпейінше, дұрысталуы өте қиын. Әсіресе рухани тұрғыдан. Бірақ өзін
дұрыстау қашан да кеш емес және адамның бұған шамасы жетеді. Адам қашан өзін қолға алып,
тани бастаса, рухани тұрғыдан дами түседі, әрі басындағы көп қиындық оңай шешімін табады.
Өзін танып, бойындағы артықшылықты одан әрі дамытуға, кемшілікті түзетуге тырысқан адам
басқалардың кемшілігіне түсіністікпен қарап, қажет жағдайда көз жұма да біледі. Бұл – үлкен
жетістік, адамды бақытты ететін фактордың бірі. Бұл дүниеде ғана емес, екі дүниеде де. Ең
бастысы үмітсіздікке салынбаңыз.
Есте сақтаңыз:
Адам баласында басына келген проблеманы шешу барысында тосыннан бір ғажайыптың
болуын күтетін әдеті бар. Әрбір іс қиындықсыз, оңай шешіле салса екен дейді. Сондай-ақ
қиындықтың туындау себебін сырттан іздейді. Біреуді кінәлайды, біреуге ренжиді, бірақ өзін
ұмыт қалдырады. Проблеманың ең үлкені де негізінен осы.
Достарыңызбен бөлісу: |