Бөрі (қасқыр). Түрк дәуіріндегі мүсіндеу өнерінде алдыңғы сақ, ғұн
дәуіріндегі жануарлармен қатар, өздерінің тотемі саналған бөрі бейнесін де
жиі суреттегендері байқалады. Əсіресе, түрктер мекендеген сонау Байкалдан
Балқанға дейінгі кең аймақта әртүрлі заттар мен жартас беттерінде бөрі бейнесі
мен оның мүсіндері молынан ұшырасады. Мысалы, бала емізіп тұрған Бұғыты
кешеніндегі тас ескерткіштегі аналық қасқыр мен Капитолий қасқыры мүсіндерін
атауға болады. Түрктердің өздерін бөріден тарататын аңыздардың біраз нұсқасы
қытай жылнамаларында сақталған. Сондай жазбалардың бірінде: «Бұмын
қаған ордасында бөрілі басты байрақ ілінгендігі және түрк әскеріндегі ерекше
қорғаушы жасақты «фули»
179
, яғни бөрілер деп атайтындығы» туралы мәліметтер
кездеседі. Бұл бір жағынан түрк жауынгерлерінің ержүректігін сипаттайтын бөрі
мінезділікті көрсетсе, екінші жағынан тотемдік мағынаны білдіреді. Күлтегін
ескерткішінде де «...әкем қағанның әскері бөрідей болыпты, жаулары қойдай
болыпты»
180
деп қашалған жолдар алдыңғы мәліметтерді қуаттай түседі. Түрк
дәуірінде негізгі тотемі бейнесі бөріден өзге арыстан, қой, айдаһар және тасбақа,
таутеке мүсіндерін орнату үрдісінің басым болғанын байқаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |