Қой мүсіні. Шивээт-улаан ғұрыптық кешенінде базальт тасынан жасалған
қой мүсіндерінің көркем үлгілері орнатылған. Шивээт-улаандық қой мүсіндерінің
арасында қошқар, қой және өсіп-өну, ұрпақ жалғастығын көрсететін қозылы қой
мүсіні де бар. Аталған қойтастардың ұқсас үлгілері Алтай Республикасының
Барнаул музейінде шоғырланған. Археологтардың айтуынша, мұндай қой
бейнелі тас мүсіндер Алтайдың таулы және далалы өңірлеріндегі ескерткіштер
арасынан мүлдем кездеспейді
187
. Бұл қой тастар әртүрлі аймақтардан табылып,
әкелінген. Қойтастар туралы түрлі пікірлер де жоқ емес. Кейбір ғалымдар бұл
қой мүсіндері моңғол дәуіріне тиесілі десе, кейбірі таштык мәдениетіне жатуы
181
Қазақ өнерінің тарихы. – 3 томдық. (Ежелгі дәуір I том) – Алматы, «Өнер», 2007. 88 б.
182
Акишев А. Искуство и мифология саков. – Алма-Ата, «Наука». 1984, 37 б.
183
Қазақ өнері, 2007, 88б.
184
Radloff, 1994, S. 16-18, 58-60, 63-64; Moğolistan’daki Türk Anıtları Projesi Albümü, 2001, S. 23, 84, 168,
220, 274, 297-298; Dobrovits 2004, P. 259
185
Войтов, 1987.
186
Савинов, 1984. -174 с.
187
Борисенко, Худяков, 2000. – С. 134-142.
|