Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет389/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   385   386   387   388   389   390   391   392   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

395 


алып  кеңістік  –  Ұлы  дала,  ал  уа қыт  ата-бабадан  жалғасқан  ұрпақ тардың 

өмірі  деуге  де  болады.  Елбасы  Ұлы  дала  елінің  этногенезіне  мән  беруі  тегін 

емес.  Бұл  киелі  ел  шежіресі  мен  жер  шежіресінің  тоғысар  түйіні.  Антрополог, 

академик Оразақ Смағұлов ұзақ жылғы зерттеулері арқылы Ұлы далада қазақ 

елінің  табаны  таймай  төрт  мың  жылдық  генетикалық  өмір-тіршілігі  жалғасқан 

деп  қорытынды  жасайды.  Қазақ  шежіресінде,  әпсана-дастанында  даланың 

мыңжылдық рухани тарихы қамтылғаны соның айғағы. Ұлттық сана тарихи сана 

арқылы қалыптасады десек, ХХІ ғасырда кескін-келбетіміз ді сақтап, ұлттық код, 

ұлттық  мә де ниет,  тарихи  жадыны  жаң ғырту  –  еліміздің  рухани  өміріндегі  тың 

белес. Ен деше бұл бағдарламалық мақа ла тарихшылар үшін жаңа мүм кіндіктер 

мен ізденістерге ауқымды жол ашып отыр. 

Ендігі жерде біздің алдымызда тұрған маңызды мін дет – мақалада айтылған 

ба ғыт-бағдарлар  мен  ұтымды  ұсыныстарды,  кешенді  жобаларды  жайдақ 

жиындарға айналдырмай, жүйесін тапқан мазмұнды жұмыс жүргізу бол мақ. Тағы 

бір ескеретін жайт, алда атқаратын ауқымды жұ мыс тардың барысында жалаң 

ұраншылдыққа ұрынбаудың, оны түрлі тайпалардың шежі ресін тарқатушылар мен 

ұлы тұлғалардың бәрін «қазақ тан шыққан» деп қисынсызды қиыс тыратындардың 

спекуля тивтік науқанына айналдыр маудың да маңызы зор. Оның үстіне, ауқымы 

кең болғандықтан, бұл жұмыстарға Ұлы дала ұғымындағы алып аумақты алып 

жатқан  тамырлас,  туысқан  елдердің  де  ғ алымдарын,  ғылыми-сарап шылық 

әлеуетін тартқан жөн. Мұның «Рухани жаңғыру» бағ дарламасының заңды жал-

ғасы бола тұра, одан негізгі айырмасы һәм ерекшелігі де осы болуы тиіс. Əсіресе 

«Түрк  өркениеті:  түп-тамырынан  қазіргі  заман ға  дейін»  атты  жобаны  жүзеге 

асыру және Астанада 2019 жылы Түркологтардың дүние жүзілік конгресін өткізу 

ісі  –  Қазақстанның  әлемдік  түрко логияның  орталығына  айналуына  мүмкіндік 

береді. Осы орайда Елбасының тікелей бастамасымен құрылған Халықаралық 

Түркі  академиясы  бұл  бағытта  жүйелі  жұмыстар  атқаруға  әзір  екендігін  атап 

өткім келеді. Ұлы даланың тарихы сөз болғанда айтпай қалмауға болмайтын 

келелі  жайттың  бірі  –  келер  жылы  750  жыл  толатын  ұлы  Талас  құрылтайы. 

Талай мемлекеттер ту көтерген киелі Талас жерінде 1269 жылы Қайду ханның 

шақыруымен құрыл  тай өтіп, Ұлы далада Жошы Ұлы сы (Алтын Орда), Моғол-

стан  және  Шағатай  Ұлысы  бой  көтерген  еді.  Сондықтан  келесі  жылы  Арқа 

төсіндегі  Алтын  Орда  мен  Жетісу  жеріндегі  Моғолстанның  құрылуының  да 

750 жылдығы! Бұл ұлыстардың қазіргі Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан 

елдерінің  де  бастауы  екенін  ескерсек,  атал ған  құрылтайды  жоғары  дең гей де 

атап  өту  –  қазіргі  Орта  лық  Азия  мемлекеттерінің  ын тымақтастығына  да  зор 

серпін берері анық. Мемлекет басшысы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап 

өту салтанатында: «...біз дің қасиетті жерімізді ықы лым замандардан Ұлы дала 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   385   386   387   388   389   390   391   392   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет