Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет385/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   381   382   383   384   385   386   387   388   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

391 


алты алаштың бақыт табалдырығы, ел тәуелсіздігінің берік қамалы, «Мәңгілік 

елдің» қасиетті қақпасына айналғаны – бүгінгі күннің ақиқаты. 

«Еділ  үйдің  есігі,  Жайық үйдің  жапсары, Түркістан  ұлы  төріміз»  деп  өсиет 

қалдырған бабалар жер-суының тұтастығын ұрпаққа аманат еткен. Əлемді дүр 

сілкіндірген Алтын орданың қасиетті атауы бүгін Ақорда болып жасампаздықпен 

қайта  жаңғырды.  Елбасының  Алтайдан  Атырауға,  Ертістен  Еділге  дейін 

созылған  салқар  даламыздың  шекара-шебін  мәмілегерлікпен  бекітуі  бабалар 

аманатының сан ғасырдан соң орындалуы еді.

Елбасы еліміздің әлеуметтік-экономикалық күш-қуаты нығайған соң ұлттық 

рухани  жаңғыруға  негіз  қалады.  Бұл  Елбасының  бастамасымен  жүзеге  асқан 

бірізді  де  жүйелі  саясаттың  бірегей  жемісі  деуге  болады.  Алдымен  «Халық 

тұтастығы мен ұлттық тарих жылы», кейіннен «Мәдени мұра», «Халық тарих 

толқынында» секілді кешенді бағдарламалар жүзеге асырылып, шын мәнінде 

рухани жаңғыруға берік негіз қаланды, зор тәжірибе, бай қор жинақталды. 

Тарихи  жады,  ұлттық  коды  –  ұрпақты  адастырмайтын  бойтұмар.  Елбасы 

даналық  іліммен  ата-бабалардың  ұлы  жолын  ұрпаққа  жалғап,  алаштың  ар-

намысын  асқақтатты,  Мәңгілік  ел  идеясын  қайта  түлетті,  өркениет  кілті  төл 

әліпбиімізді  бекітті.  Тәуелсіздіктің  25  жылы  ұлан-ғайыр  тарих  үшін  қас  қағым 

ғана сәт. Алайда осы қысқа мерзімде ата-бабалардың буырқанған рухы жебеген 

жаңа  ұрпақ  пассионарлық  қайсар  қайратымен  Қазақ  елінің  гүлденуіне  үлес 

қосты. Алашты алға жетелеген, Елтерістен жеткен аманатты жауапкершілікпен 

жүзеге асырған – ел тұтқасы Елбасы! 




ҰЛЫ ДАЛА тарихы

392 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   381   382   383   384   385   386   387   388   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет