Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы


ТҮЙІН СӨЗ: ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАҒАТЫ



Pdf көрінісі
бет386/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   382   383   384   385   386   387   388   389   ...   407
ТҮЙІН СӨЗ: ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАҒАТЫ 

Елбасының  «Егеменде»  жарық  көрген  «Ұлы  даланың  жеті  қыры»  атты 

бағдарламалық мақаласы көпшіліктің көңілінен шығып, жұртшылықтың жүрегіне 

жол тапты. Қазақ елінің ғана емес, бүгінде Ұлы даладан тамыр тартқан туыс 

халықтардың  да  көшбасшысы  ретінде  мойындалып,  ортақ  мақтанышына 

айналған  Қазақстан  Президентінің  тарихи  санаға  сілкініс  әкелген,  дәйекті 

деректері мен мәйекті мазмұны үйлескен маңызды мақаласы түрк әлемі үшін 

де байламды сөз, бәтуалы бағдар болды.

  Өткенге  үңілсек,  тарихты  жасайтын  да,  жазатын  да  бірегей  тұлғалар 

болғанын байқаймыз. Олар – әйгілі Білге қаған, Тұран әміршісі Темір мен оның 

ұрпағы Бабыр, Мұстафа Кемал Ататүрік пен Уинстон Черчилль секілді адамзат 

тарихында елеулі із қалдырған біртуар қайраткерлер. Саусақпен санарлықтай 

бұл тізімге Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевты 

да қосуға болады. «Ұлы даланың жеті қыры» деген бағдарламалық мақаланы 

оқыған  соң  қаймана  қазақтың  ғана  емес,  Ұлы  даланы  мекендеген  түгел  түрк 

жұрттарының тарихын түгендеген кемеңгердің кестелі сөзін оқып, ұлан-ға йыр 

дала тарихының ұзын-ыр ғасын, кесек келбетін айпарадай танығандай боласың. 

Бұл  мақала  еліміздің  рухани  қа зынасын  еселеп,  тамырлы  тарихымызды 

түгендеуге толайым табыс әкелген «Мәдени мұра», «Халық тарих толқынында» 

сияқты іргелі мемлекеттік бағдарламалар мен Елбасының ұлт ұясы Ұлытауда 

берген  сұхбаты,  Қазақ  хандығының  550  жылдығында  сөйлеген  сөз дерінің 

тұжырымы,  мазмұндық  жал ғасы,  сараланған  түйіні,  соны мен  бірге  кешенді 

жоспар ларды  жүзеге  асырудың  жолы,  тарихты,  мұраны,  өнерді  зерт теудің, 

ұрпаққа  кәдеге  жарату дың  ілкімді  тәсілі,  амалы.  Əйгілі  тарихшы  Рене  Грус се 

1938  жылы  жарыққа  шық қан  «Ұлы  дала  империялары»  деген  еңбегінде  Ұлы 

дала  ұғы мын  әлемдік  тарихнамаға  алғаш  ен гізсе,  Елбасы  өзінің  әр  кезеңдегі 

ұлағатты  сөздерінде  Ұлы  да ланың  халқымыздың  рәміздік  киелі  нысаны 

болғанын  әйгілеп  ке леді.  Сондықтан  Ұлы  дала  ұғымы  бүгінде  Қазақ станның 

ұлттық кодына айналып үлгерді. 

Мақалада Мемлекет бас шы сы Ұлы даланың қастерлі қа сиет  теріне, сан түрлі 

қырына  ай рықша  тоқталыпты.  Шынтуай тында,  Ұлы  дала  –  кеңістіктің  атауы, 

оның ауқымы өте кең. Ал тайды кіндік жұрт санайтын алтай тілі тобына жататын 

ұлыстардан бастап, Байкал дан Балқанға, Мажардан Моңғо лия ға дейінгі алып 

аумақты  жай лаған  халықтардың  бәрінің  дер лік  түп-тамыры,  генезисі  Ұлы  да-

ладан бастау алып жатыр. Сонымен қатар Ұлы дала – өр кениеттің атауы! Ал 

өрке ниет тің қатпары мен қыры, қасиеті мен қазынасы көп болары анық. Ендеше, 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   382   383   384   385   386   387   388   389   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет