ҰЛЫ ДАЛА тарихы
72
Тақырыпқа қатысты әдебиеттерде түрктердің байырғы сенімі «тәңіршілдік»
деп аталып жүр. Ислам дінін «Аллашылдық» немесе «Мұхаммедтің діні»
деп атау қаншалықты қате болса, біздің ойымызша, «тәңіршілдік» деген атау
да соншалықты қате ұғым. Бұл – бертінде ориенталистік көзқарас негізінде
қалыптасқан атау деп ойлаймыз. Байырғы түрктердің өз діндерін қалай атағаны
жайлы қолымызда дерек жоқ, ендеше оны шартты түрде атау қажет. Бұл орайда
біз «байырғы түрктердің ханифтік діні» деп атауды ұсынамыз.
Бүгінде «тәңіршілдік» тақырыбын қайта көтеріп жүргендер жоқ емес.
Ондайлар шетелдерде сыртта да, өз арамызда да кездеседі. Мәселен, елімізде
асыра дәріптеліп, төбемізге көтеріп жүрген Мұрат Аджи өз еңбектерінде
ұлттық намысты қайрай отырып, астыртын «тәңіршілдікті» қаузап қояды.
Олай дейтініміз, Мұрат Аджидің көздеген түпкі мақсаты, яғни «тәңіршілдігі» -
мәсіхшілдікке апаратын жол ғана. Ол кейде тіпті, қызды-қыздымен, өзін тоқтата
алмаған қалпында Иса алейһиссаламға серік болған алғашқы хауарилерді де
түрктердің санатына қосып қояды. Мұрат Аджидің болжамы бойынша, киелі
кітаптардың барлығы да түрк тілінде түсіпті-міс. ІV-V ғасырларда түрк тайпаларын
шоқындыру мақсатында аударылған христиандық мәтіндерді жалаулатып
дәріптеу, халықтық этимологияға сүйеніп, әр сөздің астарынан түрктік астар
іздеу – тек тарих методологиясынан алшақты ғана емес, миссионерлік ниетті де
әйгілеп тұрғандай.
Бұл, әрине, жаңа тәсіл емес. Негізін әйгілі миссионер Н.Ильминский қалап
кеткен бұл әдіс бойынша, «шоқындыруға» барынша кедергі болған мұсылмандық
сауытты сыпырып тастау үшін «бұратаналарды» әуелі байырғы бұлыңғыр
сеніміне жетелеу керек. Одан кейінгісі оңай, рухани қауқарсыз, қорғансыз елді
Сібір халықтары сияқты суға тоғытып, шоқындыра бер...
Содан да болса керек, бұл тақырыпқа Ресейдің ориенталист-шығыстанушы
ғалымдары тым үйірсек болып келеді. Басын ашып айту керек, олар көбіне
түрктер ұстанған байырғы ханифтік дін мен Сібірді мекендеген халықтардың
арасындағы шамандық сенімді шатастырады немесе саналы түрде бізге соны
тықпалауға тырысады. Сондағы айтар уәждеріне сенер болсақ, «Сібірдегі
қауымдар – ежелгі түрктердің байырғы сенімін шынайы сақтап, қылау түсірмей,
оны бүгінге жеткізушілер» болып саналады екен. Əрине, мұнымен мүлде
келісуге болмайды. Біріншіден, байырғы түрктердің діні ұмыт болғаны қашан.
Оны бүгінде толық ұстанып отырған халық та жоқ. Екіншіден, түрлі тотемдер
мен пұттарға табынатын Сібір қауымдарының наным-сенімдері байырғы
Тәңірлік дінінің кейбір элементтерін сақтағанымен, кейін мүлдем басқа сипатта
дамыған. Олардың сеніміне моңғол текті халықтардың түрлі ырымдары мен
жоралғылары, христиандық дүниетаным мен будданың кейбір уағыздары
араласып, будандасып кеткен. Оның қайсысы көне, қайсысының кейін сіңіскенін
|