Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет70/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

74 


ҰМАЙ КУЛЬТІ

Қазіргі  түрк  халықтарының  басым  бөлігі  ислам,  христиан,  будда  діндерін 

ұстанады,  оған  қарамастан  ежелгі  түрк  ата-бабаларының  наным-сенімдерінің 

көптеген реликт іздерін сақтап қалған. Əсіресе Тәңір сенімінің ең басты ерекше 

бейнелерінің  бірі  болып  саналатын  −  Ұмай  немесе  Ұмай  ана  культі  түрк 

халықтарының  қайсы  бірінде  болмасын,  байырғы  наным-сенім  тұрғысынан 

белгілі бір дәрежеде мазмұндық келбетін сақтап қалған.  

Мысалы, мұсылман түрк халықтары − қырғыз, қазақ және өзбектерде «Ұмай 

ана»  немесе  «Ұмай  ене»  жүктілікті  желеп-жебейтін,  қиындықсыз  босануды 

қамтамасыз  ететін,  балаларды  қорғап  жүретін  әйел  рух  немесе  періште-пір 

ретінде қабылданады. Қазақтарда Ұмай ана, Май ана, Жер ана, Жер ұйық деп, 

шорларда Ұмай еезі (бала киесі, құты), Қара май (қара пәлесі, баланың қатерлі 

ауруы, өлімі), хакастарда Умай, Нумай, Омай, Ымай еже, Ымай ине және басқа 

тұлғасында, моңғолдарда Эхийн умай (ана құрсағы) тұлғасында атаулары және 

ғұрыптық жосындары сақталынған. 

Ислам  және  христиандық  діни  салттары  аралас-құралас  болып  кеткен 

қарашай-балқарларда «Ұмай» немесе «Ұмай бичче» құт-берекенің қамқоршысы, 

аналар мен балаларды қорғап жүретін ерекше жаратылыс ретінде қабылданады. 

Тіпті оларда «Ұмай-бичче Тейрінін (Тәңірдің) қызы» деген сөз де бар.

«Күдірге» ғұрыптық кешені. Тас қапталдағы сюжет.

Таулы Алтай. (А.А. Гаврилова бойынша

116

)

116


 Гаврилова, 1965


ҰЛЫ ДАЛА тарихы

75 


Сондай-ақ  Оңтүстік  Сібір  мен  Алтай  аумағындағы  көне  түрк  наным-

сенімдеріне христиандық, буддизм элементтері араласқан ортада Ұмай немесе 

Ұмай-енеге қатысты көптеген сарқыншақ ұғымдар кездеседі. Бұл аймақтардағы 

түрк халықтары Ұмайды жоғарыда аталған «абал қамқоршысы» сипаттарымен 

қабылдаумен  қатар,  көптеген  салт-жосындарын  байланыстырады.  Мысалы, 

Алтай тауларының ең биік бөліктерінің бірін Ұмайдың өмір суретін жері немесе 

үш шыңы бар мұзарт тауды («Ақтау», кейіннен «Мұзтау») «Ұмай Ененің мекені» 

деп қабылдап құрметтейді.



Umay>Ұмай.  Көк  түрктердегі  қастерлі  жер  ұғымымен  байланысты,  киелі 

жер су, туған өлке әлеміне қатысты «Ұмай» туралы ұғым бар. Көне түрк жазба 

ескерткіштері  мәтіндерінде  Ұмай  туралы  бірсыпыра  деректер  кездеседі. 

Ұмай  деген  көне  түрктердің  Тәңірілік  дүниетанымында  жер  әлемінің,  жердің 

этносимволдық жалпылама атауы. 

Ұмай көне түрктерде жүкті әйелді, балаларды және әскерлерді желеп-жебейтін 

әйел рух-иесі ретінде танылды. Мұнысы Сібір мен Орталық Азияның кейбір түрк 

халықтарында әлі де сол сипаттағы періште ретінде халықтық наным-сенімдерде 

кездесіп  отырады.  Аталмыш  аймақтарда  да  Ұмай  –  әйелді  босандырумен 

айналысатын бір періште сипатында қабылданады.

Ең алғаш Күлтегін жазба ескерткішінде (732 ж.) «

Umay teg ögüm qatun qutuŋa 

inim Kültegin er at boltï altï jegirmi jašïŋa ečüm qaγan Еlin törüsün anča qazγantï – 

Ұмай текті шешем қатұнның құтының арқасында інім Күлтегін батыр ер атанды. 

Ол  он  алты  жасында  әкем  қаған  орнатқан  елін,  төрелігін  бекіте  орнықтырды» 

түрінде кездесетін Ұмай көне түрктерде құт-берекені қамтамасыз ететін ерекше 

жаратылыс ретінде Тәңірден кейінгі ең жоғары дәрежеде тұрады. 

Тоныкөк жазба ескерткішінде (712-716 жж.) кездесетін мына сөйлемдер «Teŋri



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет