Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет100/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

113 


құрбандық шалып, жоралғылар атқарғанда өзі де (марқұм) тас мүсін бейнесінде 

қатысады  деп  түсінген.  Ғұрыптық  қоршаудың  алдында  марқұмның  құрметіне 

мал сойып, өздері де еттен және сүттен құрбандық тамақтарын жеп, марқұмға 

да  ауыз  тигізген.  Шивээт-улаан  ғұрыптық  кешені  аумағынан  құрбандыққа 

шалынған жылқы, қой, ешкі сүйектері мен өртелген күл орындары жиі кездесіп 

отырды. 


Шивээт-улаан  ғұрыптық  кешенінің  құрамында  әйел  адамға  арналған  тас 

мүсін  де  кездеседі.  Жалпы  әйел  адам  мүсіні  Орта  Азия  мен  Шығыс  Еуропа 

территорияларында болмаса, Моңғолия, Алтай өңірлерінде сирек ұшырасады. 

Кешендегі әйел мүсінінің үстінде ақсүйек әулетіне тән ұзын етекті қымбат тон 

бейнеленген. Мүсіннің кеуде тұсы қолында орамал тәрізді зат бейнеленген. Дәл 

осындай орамал ұстаған әйел адам мүсіні Күлтегін кешенінде де кездеседі

174



Кешендегі барлық ер адам мүсіндерінде белдік бейнеленген. Уақыт тезі мен 



жауын-шашынның әсерінен белдіктің бедерлері өшкен. Мүсіндегі белдік үлгілері 

ақсүйектер  ғана  тағынатын  алтын,  күміспен  әшекейленген  кемер  белдіктер 

болуы керек. Археологиялық қазбалар кезінде көне түрк дәуірінің қорғандары 

мен қоршауларынан көптеген алтын, күміс белдік үлгілері табылған болатын. 

Мысалы,  Білге  қаған  ғұрыптық  кешенінен  күмістен  жасалған  белдік  табылған 

болса,  682-744  жылдары  Екінші  Шығыс  Түрк  қағандығы  дәуіріндегі  Катанды 

кезеңінің  қорымдарынан  күміс  ыдыстар  мен  белдіктер  көптеп  кездеседі. 

Алтай  мен  Моңғолиядағы  түрк  дәуірі  қорғандарынан  әртүрлі  формадағы 

пластиналармен қатар, алтын және алтын жалатылған сырғалар, күміс ыдыстар, 

күміс және алтынмен әшекейленген белдіктер, сауыт-сайманның бөлшектерінің 

табылуы Екінші Түрк қағандығы билеушілерінің әл-ауқатын көрсетеді

175


. Билік 

дәрежесін  көрсететін  кісе  белдіктерді  негізінен  қағандар,  ханзадалар  мен 

тегіндер таққан. Мұндай қымбат асыл тастармен безендірілген белдік түрлерін 

XVIII – XIX ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары да таққан

176





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет