Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет99/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   407
Байланысты:
udt

Адам мүсіндері. Көшпелілердегі мүсіндеу өнерінің тамаша үлгілеріне адам 

бейнелі  тас  мүсіндерді  қосуға  болады.  Мұндай  тас  мүсіндер  түрк  дәуіріндегі 

Еуразия кеңістігінде кеңінен таралған. Байырғы түрк шеберлері адам бейнесін 

сомдағанда көбінесе гранит, базальт, диорит секілді тас түрлерін пайдаланған. 

Шивээт-улаан кешеніндегі тас мүсіндердің барлығы базальт тасынан жасалған. 

Ғұрыптық  кешен  құрамында  әртүрлі  әлеуметтік  дәрежесі  бар  тұлғаларды 

сипаттайтын  тас  мүсіндер  орнатылған.  Мүсіндердегі  ақсүйектерге  тән  киім 

үлгілері мен ондағы түрлі атрибуттары (қолдарындағы аса таяқ, шаршы орамал, 

ғұрыптық  ыдыс),  иконографиялық  стилдері  олардың  сол  түрк  қоғамындағы 

текті, ақсүйек әулеттен шыққандығын білдіреді. Тас мүсіндердің көпшілігі басы 

мен  денесі  бөлек,  тіпті  кейбір  тас  мүсіндер  бірнеше  бөлікке  бөлшектенген. 

Мүсіндердің  бұлай  бөлшектенуінің  себебі  Түрк  қағандығын  дұшпандарының 

сол  территорияға  үстемдік  етуімен  байланысты  болуы  мүмкін  деген  пікірлер 

кездеседі

171

.

Адам  бейнелі  тас  мүсіндердің  орнатылуына  қатысты  әртүрлі  ғылыми 



пікірлер  бар.  Көне  түрктердегі  марқұмды  жерлеу  ғұрыптары  және  оның 

жол-жоралғыларын  орындаулары  туралы  мәліметтер  жазба  деректерінде 

кездеседі. Мәселен, В.Рубрук өзінің шығысқа жасаған сапарында: «Кумандар 

үлкен  төбе  үйіп,  қолында  құмырасы  бар  мүсінді  шығысқа  қарата  орнатып 

қояды» деп сипаттайды

172


. XVII ғасырдағы түрк тарихшысы Əбілғазы Баһадүрдің 

«Түрік шежіресінде»: «түрктердің қандай да бір жақындары қайтыс болса, үйіне 

(ғұрыптық  кешеніне)  сол  марқұмның  бейнесіне  ұқсатып  мүсін  жасап  қояды, 

сосын  оның  алдына  тамақ  қойып,  мүсіннің  беті  мен  көздеріне  май  жағады» 

дейді

173


. Тас мүсіндер қайтыс болған марқұмның бейнесі, туыстары марқұмға 

171


 Кубарев, Баяр, 2002. – С. 83.

172


 Путешествие в восточные страны Плано Карпипи и Рубрука, 1957. – C. 72 

173


 Березин, 1854. – С. 34




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет