ҰЛЫ ДАЛА тарихы
114
артқа қайырылып байлаған тымақ үлгісіндегі бас киім суреттелген. Бас киімінің
маңдай бөлігінде қанатын қомдап ұшқалы тұрған қандай да бір құстың бейнесі
қашалған. Мұндай құс бейнесі Күлтегін мүсінінің маңдай бөлігі мен Білге қағанның
алтын тәжінде және Батыс түрк қағандығына (Қазақстан, Жамбыл обл) тиесілі
Қарақыстақ 1-қорғанын табылған
177
алтын қаңылтырда да бейнеленген. Қыран
құстың бейнесін сомдау түрктерден алдын сақ, ғұн қоғамында да болғандығы
археологиялық зерттеулерден анықталып отыр. Мәселен, сақ-скифтердің
«аң стилі» өнері мен ғұн билеушілерінің алтын тәждерінде де кездеседі. С.С.
Черниковтың «қанатын жайып ұшқалы тұрған бүркіт бейнелі жапсырмалар
бас киімге орнатылған»
178
деген пікірін ескерер болсақ, аталған құс бейнесінің
символдық мәні ашыла түсері анық. Сақ, ғұн, түрк билеушілерінің бас киімі
немесе тәждеріндегі бірдей үлгідегі құс бейнелері (қыран) тек қаған әулеттеріне
ғана тиесілі билік нышаны немесе тотемдік символы екендігін білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |