Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет107/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

116 


мүмкін деген болжамдар айтады. Белгілі зерттеуші В.Войтов Орталық Азиядағы 

барлық қой мүсіндері, оның ішінде Барнаул музейіндегілер де Екінші Шығыс Түрк 

қағандығы дәуіріне тиесілі және олар Түрк қағандарының құрметіне орнатылған 

кешендерде  қойылған  деп  тұжырымдаған  болатын.  Белгілі  археологтар 

А.Ю.Борисенко  мен  Ю.С.Худяков  аталмыш  музейдегі  қой  мүсіндерінің  қай 

өңірлерден  әкелінгендігіне  және  қай  дәуірге  тиесілі  екендігіне  байланысты 

ғылыми-зерттеулер  жүргізеді.  Нәтижесінде  авторлар  В.Войтовтың  пікірін 

қуаттай отырып, қой мүсіндерінің мүсінделу қалпы Моңғолиядағы Шығыс түрк 

қағандарының кешендеріндегі қой мүсіндеріне сәйкес келеді, әсіресе Шивээт-

улаан кешеніндегі қой мүсіндеріне қатты ұқсайды деп қорытындылайды

188

.

Түрк дәуіріндегі қой бейнесін мүсіндеу және түрлі заттарға қашаудың алғашқы 



үлгілері сақтардың аң стилінде кездесетін арқар бейнесімен тығыз байланысты. 

Алтын адамдағы аң стиліне ғылыми талдау жасаған А. Акышев сақтардың «аң 

стилі» аталатын қол өнерінде асыранды (үй жануары) қой мен ешкі бейнелері 

кездеспейді,  тек  тау  ешкі  мен  арқар  бейнесі  сомдалған  дейді

189

.  Дегенмен, 



ғұрыптық  қоршаулар  мен  қорғандарда  табылған  әртүрлі  заттардағы  қой 

бейнелері – ежелгі дәуірлерінен үзілмей келе жатқан мүсіндеу өнеріндегі негізгі 

образдардың бірі әрі көнесі. Тіпті, бертінге дейін қазақ зираттарының басынан 

(XIV-XVI ғғ. Батыс Қазақстанның бейнеу қорымындағы және XIX ғ. Сейсен ата 

зиратындағы қойдың көлемді мүсіні)

190


 қойтас мүсіндерін кезіктіреміз. Бұдан өзге 

Батыс Қазақстанның Арал-Каспий, Маңғыстау, Үстірт аймағындағы мазарларда 

алуан түрлі ою-өрнектермен безендірілген 30-дан астам қой бейнелі тас мүсіндер 

кездеседі. 

Сонымен  қатар  осы  өңірді  мекен  еткен  оғыз  тайпаларының  бұл  дәстүрді 

өздерімен  бірге  Əзербайжан,  Анадолы  далаларына  апаруы,  қойтас  мүсініне 

қатысты  мәселені  кеңінен  зерттеуді  қажет  етеді.  Мәселен,  оғыздардың  бір 

бұтағы әзербайжан халқында да мазар басына  қой/қошқар бейнелі тас мүсінді 

орнату  дәстүрі  және  әзербайжан  тілінде  аталмыш  ескерткіштердің  «даш  ат», 

«даш гоч» деп аталуы бұл дәстүрдің ислам дінін қабылдағанға дейінгі ғұрыптық 

жоралғылар  екендігін  айғақтайды.  Мазар  басына  қой  бейнелі  тас  мүсіндердің 

орнатылуы  белгілі  бір  ру-тайпалардың  қорғаушысы  деген  байырғы  түрктік 

сенімнен шыққан дейді зерттеушілер

191


. Ежелгі дәуірлерден үзілмей келе жатқан 

қойды құрметтеу культі мүсіндеу өнерінен кейін түрлі заттардағы дәстүрлі ою-

өрнек үлгісіне ауысқанын көреміз. Мысалы, қазақ, қырғыз, алтай және т.б. түрк 

халықтарының  басым  көпшілігінде  қошқар  мүйізді  оюлар  түрлі  бұйымдарға, 

оның ішінде киім-кешек пен текемет, кілемдерге өрнектелуімен жалғасын тапты.

188


 Борисенко, Худяков, 2000. – С. 134-142.

189


 Акишев А. Искуство и мифология саков. – Алма-Ата, «Наука». 1984, 37 б.

190


 Қазақ өнерінің тарихы. – 3 томдық. (Ежелгі дәуір II том) – Алматы, «Өнер», 2007. 31 б.

191


 Ажигали, 2002, 342-350 бб.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет