ҰЛЫ ДАЛА тарихы
115
немесе жартас беттеріне қашау үрдісі сонау қола дәуірінде пайда болып, сақ
дәуірінде кеңінен таралған. Тыва мен Моңғолиядан бастап Тәңіртаудың шығысы
мен Памир-Алтай тауларынына дейінгі кең алқаптағы жартас беттері мен түрлі
бұйымдарда таутеке бейнесі жиі кездеседі.
Шөптің тазасын, судың тұнығын ішетін таутекелер/тауешкілер шынайы
өмірде биік құздар мен қия жартастарды мекендейді. Осыған орай, ерте
көшпелілер мифологиясында тау ешкісінің образы биік таулардың шыңдарына
адам жанын «тасымалдаушы» құдіретке ие жануар ретінде сипатталады
181
. Ал,
Ежелгі Шығыста таутеке ұғымы еркектік күш-қуат пен құнарлылыққа ие образ
саналады
182
. Бұл түсінік таутекелердің адам аяғы баспас қарлы шыңдарда
«Тәңірлер мекенін
183
» мекендеуіне байланысты сенімнен туындаса керек. Есік
қорғанынан (Алматы обл, Есік қаласы) табылған «алтын адамның» бас киімінің
жоғары тұсына таутекенің шағын мүсінінің жапсырылуы осындай мағынаға
саяды. Біз таутеке мүсіндерін қарастырғанда, олардың мүсінделу мәнері мен
көлеміне ерекше мән беруіміз қажет. Мәселен, түрк билеушілерінің ғұрыптық
кешендеріндегі арыстан немесе жазулы ескерткіштерде қашалған схематикалық
таутеке (Ашина таңбасы) кескіні жартас беттеріндегі үйірімен суреттелген таутеке
бейнелерінен өзгеше сипатқа тән, яғни бұлардың біріншісі саяси маңызға ие.
Белгілі түрколог В.Радлов Күлтегін мен Білге қаған ескерткіштерінде кездесетін
схематикалық үлгідегі таутеке белгісін «қаған таңбасы» деп тұжырымдаған
еді
184
. Ғалымдардың пайымдауынша, таутеке бейнесі көк аспанмен (тәңірмен)
байланыстырылып, түрктерге ғұн билеушілері арқылы жалғасқан
185
. В.Савинов
мұндай таутеке таңбасының байырғы сақтарда да болғандығын ескере отырып,
бұл таңбаны Екінші Шығыс Түрк қағандарына көне дәуірлерден құқықтық-
мирасқорлық жолмен жалғасқан болуы мүмкін дейді
186
.
Достарыңызбен бөлісу: |