ҰЛЫ ДАЛА тарихы
146
ру таңбалары суреттелген. 2016 жылдың шілде-тамыз айларында Халықаралық
Түркі академиясы тарапынан жүзеге асырылған археологиялық қазба
жұмыстарының нәтижесінде осы таңбалар санының жиырмаға жуық екендігі
анықталды. Бұл ру таңбаларының көпшілігі Шивээт-улаандағы Мәңгі тастағы
таңбаларга ұқсауы маңызды дерек. Əсіресе, біршамасы аталған ескерткіштің
жоғарғы жағындағы қырғыз, едиз, ұйғыр және т.б.таңбалардың нақ өзі. Шивээт-
улаандағы Мәңгі тасы мен ғұрыптық кешеннің байланысы туралы төмендегідей
мәлімдеме жасауға мүмкіндік береді:
1) Жаңа табылған бұл таңбалардың жеке-жеке суреттеліп, жақсы
сақталғандығы байқалды. Бұл тұрғыдан олар Шивээт-улаан мөрлі ескерткіштегі
кейбір жартылай өшкен немесе бір-біріне ығысып кеткендіктен негізгі түп-
нұсқасы белгісіздеу қиын таңбаларды анықтауға септігін тигізеді.
2) «Шивээт-улаан» тауы мен оған жақын аймақта белгілі бір мерзімде
аталған түрк руларының, кем дегенде солардың өкілдерінің болғандығы және
өз ру таңбаларын жартасқа салғандығына меңзейді.
«Шивээт-улаан» таңбаларының қандай тайпаларға тиесілі болғандығын
анықтаған кезде өздерінде таңбалар болған Орхон және Енисей бітіктастарына
206
,
және де көне түрк таңбалары туралы мәліметтер ұсынған бастапқы 3 шығарма
– қытай авторы Ван Пудың «Тан патшалығы саяси істер энциклопедиясы» (Tang
hui yao) (961 ж.), Махмұд Қашқаридың «Түрік тілдерінің сөздігі» (Диуани лұғат
ат-түрк) (ХІғ.), Рашид ад-диннің «Шежірелер жинағы» (Жамиғ ат-тауарих)
(ХІV ғ.) туындыларындағы мәліметтерге
207
жүгінеміз. Мұнымен қатар, далалық
зерттеулер жүргізген тарихшы, түрколог, этнограф және археолог ғалымдардың
көзқарастарын іске жаратуға көңіл бөлінді. Тағы да тарихи дүниелер арасында
біршама тұрақтанған нумизматикалық деректер көмек болды. Осылайша, Батыс
Түрк (VІ-ҮІІІ ғғ.) және Түргеш қағандықтары (ҮІІІ ғ.), және де Қарлұқ ябғулығы (VІІІ-
ІХ ғ.) тиындарында басылған таңбалар Шивээт-улаан кешеніндегі таңбалармен
салыстырғанда тұтас қорытындылар қолға ілігеді.
Қытай авторы Ван Пудың «Тан хуэй яо»
208
кітабы X ғасырда құрастырылған.
Алайда түрктерге қатысты дереккөздері VI-VIII ғасырларда жиналған
мәліметтерге негізделген. Шығарманың «Чжу фань ма ин», яғни «Патшалыққа
тәуелді елдердің жылқыларында басылған таңбалар» бөлімінде 40 шақты
Қытайдың солтүстік және солүстік-батысында, Моңғолия, Оңтүстік Сібір, Қиыр
Шығыс және Орталық Азияда өмір сүрген тайпаларға тиесілі атаулар туралы
деректер және олардың жылқыларына басылған таңбалардың сызбалары орын
алған
209
. Бұл таңбалардың үлкен бір бөлігі Моңғол және басқа Қиыр Шығыстан
206
Moğolistan’daki Türk Anıtları Projesi Albümü, 2001, 2009; Каржаубай, 2002.
207
Зуев 1960, С. 94–140; Dobrovits 2004, P. 258-259; DLT, 1985; Рашид-ад-дин, 1952.
208
Зуев 1960.
209
Зуев 1960, С. 93-140; Esin, 1982, Р. 167-227.
|