ҰЛЫ ДАЛА тарихы
157
Басқа жағынан алғанда, ашида мен едіз сынды біреуі көне түрк, біреуі Ұйғыр
қағандығы билеуші әулеттерінің одақтары болған бұл екі «хатун» тайпаларының
таңбаларындағы сыртқы көрінісі мен мағынасының ұқсастығын, сондай-ақ екі
таңбаның көбінесе мемлекеттік жазуларда «хандық» таңбасының жанында
емес, төменгі бөлігінде бейнеленуі қызық жайт. Бұл тақырып алдағы уақытта
түпкілікті зерттеулерді қажет етеді. Тағы бір айта кететіні, ашида мен едіз
таңбаларының мағына жағынан «айдаһарды» білдіретіндігіне және әрбіреуінің
түрі ұқсас болғандығына қарамастан, бір-бірінен өзгешелігін, олардың сызба
мәнерінде әртүрлі екендігін айтуымыз керек: /
/
/
(ашида) -
/ / (едіз).
Едіз тайпасы қытай жылнамалары мен Орхон жазуларынан белгілі болғандай,
Көктүрк қағандығы кезеңінде Тоғла (Тола) өзені маңында және Өтүкенде (Орхон
жазығы), бір бөлігі Еділ (Волга) маңында, Жетісу мен Шығыс Түркістанда өмір
сүрген
237
.
Достарыңызбен бөлісу: