Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет164/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

183 


төрт ұл, барлығы 24 ұрпақтың тарайтындығы туралы деректер кездеседі. Бұл 

жөнінде  Рашид  ад-диннің  «Жамиғ  ат-тауарих»

351

  пен  Əбілғазы  Баһадүрдің 



«Түрік шежіресі»

352


 атты еңбектерінде аталмыш тайпалардың тотемдері және 

ұрандары мен таңбалары туралы кеңінен баяндалады. 

Ғұндар  өздері  қоныстанған  аймақты әлемнің  орталығы  деп  қабылдағанын 

айналасындағы  үйсін  (wusun),  юэйцжи  (yuechzji),  қаңлы  (kangüy),  динлин 

(tingling)  сияқты  саяси  бірлестіктерді  бағындырып,  Қытайға  үстемдік  етуге 

тырысуынан  да  аңғаруға  болады.  Елге,  жерге,  отанға  деген  адалдықты, 

ұрпақ алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, ғұндар сонау Сары өзеннен 

Еуропаның батысына дейін таралып, өздерінің Ұлы империясын құру жолында 

жалғасты жорықтар жасаған.

Ғұндардың  отансүйгіштік  және  жердің  қасиеті  туралы  түсініктері  олардың 

қуатты ел құру әрекеттерімен астасып жатыр. Осы негізге құрылған ғұн мемлекеті 

шамамен бес жүз жыл билік құрған еді. Қытай дереккөздеріндегі хүннү // сүйннү // 



сиун-ну деп аталған Ғұн империясы біздің жыл санауымызға дейінгі 214 жылдан 

–  біздің  жыл  санауымыздағы  ІІІ  ғасыр  арасында  билік  құрды.  Мемлекеттің 

құрушысы 

Түменнің (Тұман) билігі кезінде елдің территориясы Орталық Азия, 

Оңтүстік Сібір, Моңғолия және Солтүстік қытайды толық қамтыды. Тұманның 

ұлы 

Мөде  Шаньюй  («Моу-дун  Тәңірі-Құт»)  билеген  кезеңінде  ғұндардың 

шекарасы  едәуір  кеңейіп,  әскери  жасақтарының  саны  100  мыңнан  асты.  Ол 

көшпелілерді  бір  тудың  астына  ұйыстыру  мақсатында  жан-жақтағы  юэчжи, 

үйсін, дунху, тинлин тайпаларын өз билігіне бағындырды. Мөде қытайдағы хан 

әулетінің әскерін талқандап, солтүстік қытайдағы көптеген аймақтарды жаулап 

алып,  билік  ауқымын  ұлғайтып  отырды.  Шығыс  Түркістандағы  мемлекеттерді 

өздеріне  қаратып,  Қытайдың  солтүстігі  және  Қиыр  Шығысқа  баратын  Жібек 

жолының солтүстік күре тамыр бағытын толыққанды өз бақылауына алды. 

Б.з.б.  162  жылы  Мөденің  ұлы  Лаошань  Тәңірқұтқа  қытай  патшасы  Сяо-

вэньди  Ғұн  империясы  мен  Хань  патшалығы  арасында  бейбітшілік  келісім 

жасауға ниетті екендігін білдіріп, «ұзын қабырғадан (аққамалдан) солтүстіктегі 

барлық садақшылардың (көшпелілердің) жұрты Ғұн Тәңірқұттың билігінде, ал 

аққамалдың  ішкі  жұрты  Хань  патша  билігінде  болса  екен,  осыған  қарсылық 

білдірмесеңіз»  деген  мәнде  келісімді  сөзімен  бірге  сый-сияпаттарын  ұсынып, 

жыл сайын тұрақты түрде алым-салықтарды төлеп тұруға келісім беріп, елші 

жібереді


353

. Зерттеушілер бейбітшілік келісім жасасқан бұл уақыттың б.з.б. 198 

жылы болғандығын жазып, мұның дүние жүзі тарихында алғашқы халықаралық 

ірі келісім, көшпелі Ғұн империясы мен қытайлық Хань патшалығы арасындағы 

бейбітшілікте өмір сүру туралы ірі саяси оқиға деп бағалайды

354


351


 Рашид-ад-дин, 1952, С.

352


 Əбілғазы, 1991, 27-29-б.

353


 Бичурин, 1998 – С. 60-61.

354


 Хүннүгийн толь бичиг, 2011, 176 б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет