ҰЛЫ ДАЛА тарихы
183
төрт ұл, барлығы 24 ұрпақтың тарайтындығы туралы деректер кездеседі. Бұл
жөнінде Рашид ад-диннің «Жамиғ ат-тауарих»
351
пен Əбілғазы Баһадүрдің
«Түрік шежіресі»
352
атты еңбектерінде аталмыш тайпалардың тотемдері және
ұрандары мен таңбалары туралы кеңінен баяндалады.
Ғұндар өздері қоныстанған аймақты әлемнің орталығы деп қабылдағанын
айналасындағы үйсін (wusun), юэйцжи (yuechzji), қаңлы (kangüy), динлин
(tingling) сияқты саяси бірлестіктерді бағындырып, Қытайға үстемдік етуге
тырысуынан да аңғаруға болады. Елге, жерге, отанға деген адалдықты,
ұрпақ алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, ғұндар сонау Сары өзеннен
Еуропаның батысына дейін таралып, өздерінің Ұлы империясын құру жолында
жалғасты жорықтар жасаған.
Ғұндардың отансүйгіштік және жердің қасиеті туралы түсініктері олардың
қуатты ел құру әрекеттерімен астасып жатыр. Осы негізге құрылған ғұн мемлекеті
шамамен бес жүз жыл билік құрған еді. Қытай дереккөздеріндегі хүннү // сүйннү //
сиун-ну деп аталған Ғұн империясы біздің жыл санауымызға дейінгі 214 жылдан
– біздің жыл санауымыздағы ІІІ ғасыр арасында билік құрды. Мемлекеттің
құрушысы
Түменнің (Тұман) билігі кезінде елдің территориясы Орталық Азия,
Оңтүстік Сібір, Моңғолия және Солтүстік қытайды толық қамтыды. Тұманның
ұлы
Мөде Шаньюй («Моу-дун Тәңірі-Құт») билеген кезеңінде ғұндардың
шекарасы едәуір кеңейіп, әскери жасақтарының саны 100 мыңнан асты. Ол
көшпелілерді бір тудың астына ұйыстыру мақсатында жан-жақтағы юэчжи,
үйсін, дунху, тинлин тайпаларын өз билігіне бағындырды. Мөде қытайдағы хан
әулетінің әскерін талқандап, солтүстік қытайдағы көптеген аймақтарды жаулап
алып, билік ауқымын ұлғайтып отырды. Шығыс Түркістандағы мемлекеттерді
өздеріне қаратып, Қытайдың солтүстігі және Қиыр Шығысқа баратын Жібек
жолының солтүстік күре тамыр бағытын толыққанды өз бақылауына алды.
Б.з.б. 162 жылы Мөденің ұлы Лаошань Тәңірқұтқа қытай патшасы Сяо-
вэньди Ғұн империясы мен Хань патшалығы арасында бейбітшілік келісім
жасауға ниетті екендігін білдіріп, «ұзын қабырғадан (аққамалдан) солтүстіктегі
барлық садақшылардың (көшпелілердің) жұрты Ғұн Тәңірқұттың билігінде, ал
аққамалдың ішкі жұрты Хань патша билігінде болса екен, осыған қарсылық
білдірмесеңіз» деген мәнде келісімді сөзімен бірге сый-сияпаттарын ұсынып,
жыл сайын тұрақты түрде алым-салықтарды төлеп тұруға келісім беріп, елші
жібереді
353
. Зерттеушілер бейбітшілік келісім жасасқан бұл уақыттың б.з.б. 198
жылы болғандығын жазып, мұның дүние жүзі тарихында алғашқы халықаралық
ірі келісім, көшпелі Ғұн империясы мен қытайлық Хань патшалығы арасындағы
бейбітшілікте өмір сүру туралы ірі саяси оқиға деп бағалайды
354
.
351
Рашид-ад-дин, 1952, С.
352
Əбілғазы, 1991, 27-29-б.
353
Бичурин, 1998 – С. 60-61.
354
Хүннүгийн толь бичиг, 2011, 176 б.
|