Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет165/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

184 


БАТЫС ҒҰН ИМПЕРИЯСЫ 

Азиядағы  Ғұн  империясы  қытайлықтардың  кірігуі  және  билеушілерінің  тақ 

таласы  салдарынан  б.з.  ІІІ  ғасырында  ыдырай  бастады.  Ғұндардың  бір  бөлігі 

Қытайға  өтіп,  сол  жерде  шағын  мемлекеттер  құрса,  тағы  бір  бөлігі  батысқа 

қарай  ығысып,  Шығыс  Еуропада  өз  мемлекеттерінің  негізін  қалады.  Тарихта

 

Еуропадағы ғұн империясы ретінде танылған аталмыш мемлекет б.з. ІІІ - V 

ғасырларында  билік  құрды. 



Балами  негізін  қалаған  Еуропа  ғұн  мемлекетінің 

жер  аумағы  Солтүстік  Кавказ,  Қара  теңіздің  солтүстігі  және  Шығыс  Еуропаны 

қамтыды. Рим империясына қарсы көптеген соғыстарды жүргізген ғұн әскерлері 

Балқаннан өтіп, Францияға дейін жеткен болатын

355

.

Еуропадағы  ғұндар  құдіретті  билеушісі 



Aттила  (434-453  жж.)  кезеңінде 

дамудың  шарықтау  шегіне  жетті.  Ол  туралы  Италияда,  Галияда,  Герман 

елдерінде,  Скандинавияда  және  Орталық  Еуропада  ғасырлар  бойы  ауыздан-

ауызға  жеткен  аңыздарда  жырланып,  талай  жазушылардың,  суретшілердің, 

мүсіншілердің  шығармаларына  арқау  болды.  Осылайша  Аттила  талай  өнер 

туындыларының бас қаһарманына айналды.

Еуропадағы  ғұндар  өзінен  кейін  Шығыс  Еуропада  құрылған  көптеген  түрк 

текті (бұлғар, авар, он-оғыр) немесе түрктермен туыс топтардың (мажар) саяси 

бірліктерінің қалыптасуына негіз болды. Олардың көне түрк тілінде сөйлегендігі 

кейбір деректер мен кісі есімдерінен белгілі. Мысалы, Қаратон (қара киім «қара 

түсті  киім»),  Мунжук  (моншақ,  сонымен  қатар  «байрақ»  мағынасында);  Аттила 

(аттылы),  Илек,  Денгизик  (теңіз),  Ирнек,  Айбарыс,  Октар,  Арыкан  (Арыгхан), 

Басык, Курсык, Атакам, Ешкам

356


 секілді ғұн билеушілерінің есімдері сақталған. 

Ғұн атауы бірнеше ғасыр ішінде түрлі атауларға ие болған көне түрк руларын 

біріктіретін жалпы атау болып қалыптасты. Қытайлықтар Ту-жүе (түрк) және басқа 

да түрк руларын Сюн-ну (ғұн) деп атаса, б.з. ІІІ-IV ғасырларға тиесілі соғды тіліндегі 

«Көне  хаттарда»  ғұн  атауы  Қытайдың  солтүстік  батысында  өмір  сүріп  жатқан 

барлық көшпелілерді білдірген. Ал армян деректеріндегі ғұндар кейін қыпшақтар 

ретінде «хун» деген атаумен белгілі болса, Пенжикентте (Тәжікстанда) табылған 

VІІІ ғасырдың бастапқы кезеңдеріндегі «Муг тауы соғды құжаттары архивінде» 

Түрк қағандығы (552-744 жж.) «xwn» (хун, ғұн) атауымен жазылған еді 

357


Араға бірнеше ғасыр салып, Ғұн империясының бір жұрнағы «ашина» әулеті 

– көктүрктер тарих сахнасына қайта оралады. Ашина түрктерінің шығу тегі мен 

олардың Алтай тауларына қоныс аударуы туралы аңыздар мен деректерді қытай 

жылнамалары мен шығыс жазба деректерінен кездестіреміз. Бұл туралы алдағы 

бөлімде кеңінен.  

355

 Golden, 2002, S. 71.



356

 Golden, 2002, S. 72-74.

357

 Согдийские документы с горы Муг, 1962, С. 120. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет