ҰЛЫ ДАЛА тарихы
190
әулеті (630-750 жж.), Тохаристан Ябғулары (620-740 жж.) және Кабул Тегін-
шахтары (630-843 жж.) сияқты әулеттердің биліктері құрылды
368
. Олардың арғы
тегі Ашина әулетінен тарайтын еді. Осы кезеңдерде Хазар (Каспий) теңізінің
оңтүстік-шығысында Дихистан, Гүрган және Мерв (қазіргі Түркменстан) жерлері
де Көктүрктердің билігіне қарады.
Осыншалықты үлкен территорияда шамамен 200 жылдай үстемдік
құрған және өз кезеңінде барлық түрк руларының басын қосып, бір саяси
мүддеге біріктірген Көктүрк қағандығының тағы бір мақсаты – жаулап алған
жерлерін тәртіпке келтіру, сол жерлерді отанға айналдыру болды. Мұндай
дәстүр Көктүрктерден бұрын Ғұн империясында бастау алған болатын. Мөде
қаған Қытайды жаулап алуға тырысты. Алайда саны көп халықты иемдене
алмайтындығын, керісінше өз халқының қытай ықпалында қалып қоятындығын
және қытайланып кететіндігін ойлап, ол ниетінен бас тартты. Қытайды тонау
оңай, алайда ол жерлерді мекендеп қалса, алдыңғы Орталық Азия көшпелілері
сияқты жоқ болып, жұтылып кететін еді. Байқағанымыздай, бір жерді бағындыру
маңызды емес, маңыздысы сол жерді ұстап тұру болатын. Бұл да тек қана
белгілі бір халықтың сол жерге орналастырылуымен мүмкін болады. Мұны
қазіргі кездерде «қоныстану» деген сөзбен түсіндіруге болады. Мысалы,
Батыс Түркістанға қоныстандырылған Көктүрк тайпалары тайпа билеушісінің
басқаруымен шағын мемлекет құрды. Уақыт өте келе бұл жерлердің шекарасы
кеңейген сайын ол да өз аймағында басқа түрк халықтарына жер беретін еді. Tүрк
мемлекеттілік дәстүрінде мұның атауы - «орын». Орналастырып, қоныс бөліп
беру жүйесі Оғыз ханнан бастау алып, ислам дінін қабылдаудан бұрын және кейін
де барлық түрк мемлекеттерінде жалғасын тауып отырған
369
. Бұл дәстүрге сай
түрктер байырғы әлемнің түкпір-түкпіріне тарап, сол жақтарды өздеріне мекен
еткен. Байқағанымыздай мекен, қоныс (атамекен) түрк мемлекеттілігі және
билік түсінігінің бөлінбес бір бөлшегі болып табылады. Осылайша солтүстік-
батыс Қытайдан Қаратеңіздің солтүстігіне дейінгі кең-байтақ жерді алып жатқан
аумақ тұрғындары әр түрлі ру атауларына ие болумен қатар,
Достарыңызбен бөлісу: |