Шығыс Түрк қағандығы
364
Оңтүстік Сібір, Моңғолия,
Қиыр Шығыс және Солтүстік Қытайды биледі. Көне түрктер тарапынан
қасиетті саналған Өтүкен алқабы, Орхон жазығында орналасқан болатын.
Осы аймақта қағандар тарапынан түрк бұдынға, күллі халыққа үндеу жолдау
мақсатында көптеген жазба тастар (бітіктастар) орнатылған. Ол жерде түрк
ру-тайпаларының бірліктерін нығайту керек екендігін, тек қана осы бірліктің
арқасында халықтың Ұлы қағандық құра алатындықтары, ұлт ретінде
мәңгілікке қалатындықтары өсиет етіліп жазылған.
364
Көк – аспан, Көктүрк те Көктен тараған, аспан сипатты, Тәңірі тұрпатты түрк деген мағына береді.
|