ҰЛЫ ДАЛА тарихы
196
Құтлық Елтеріс қаған кезеңінде «Екінші шығыс» Түрк қағандығы шекаралары
батыста Темір қақпа (Каспий теңізі), Алтай тауларын, солтүстікте Оңтүстік
Сібір, солтүстік-шығыста Керулен және Онон өзендерінің алқаптарын, Корей
түбегі, оңтүстікте Қытайдың солтүстік аймағын өз ішіне алған үлкен бір қуатты
империяға айналды
380
.Оның мұрагерлері Бек-чұр Қапаған (691-716 жж.) мен
Білге қаған (716-732 жж.) кезеңінде мемлекет шекаралары одан әрі кеңейіп,
Шығыс Түркістан, Жетісу мен Əмудария-Сырдария арасындағы өңірлерді
де толық қамтыды. Осылайша, түрк тайпаларының үлкен бір бөлігі жаңадан
ортақ саяси шаңырақ астында бірікті. Киелі Өтүкен даласында екінші рет Түрк
қағандығының құлаған туы қайта көтеріліп, «Екінші шығыс» Түрк қағандығы
пайда болды. Құтлық Елтеріс қаған көктүрктердің құлаған шаңырағын қайта
көтеруде өлшеусіз еңбек етті. Ол көтерілісшілерге басшы болып, «Ел-теруші,
Елді біріктіруші» деп жақсы ырыммен аталды, одан бергі өмірінде жауларына
қарсы 47 рет жорық жасап, соның жиырмасына тікелей өзі араласып соғыстарда
жеңіске жетті.
Екінші түрк қағандығын құру жолында Құтлық қағанның ең сенімді әрі ақылды
кеңесшісі Білге Тоныкөк болған. Тоныкөк өз заманында үш қағанға кеңесші
болған тарихи тұлға. Аш халықты тоқ етіп, кедей халықты бай қылған соң,
түрк билеушілері тарихи сананы жаңғыртып, бабалар мұратын жалғастыруды
көздеді. Данагөй Тоныкөк пен Құтлықтың бар мақсаты халықты елдікке шақырып,
қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманға жеткізгісі келді. Ғұн бабаларынан
бері табғаштармен текетіресіп өмір сүріп келе жатқан түрк халықтарының
жойылмауы, Ел болуы үшін көптеген жорықтар мен шайқастарды өткеру
керектігін түсінді.
Құтлық қаған мұрагерлері Білге мен Күлтегін де бабалары құрған қуатты
қағандықты өркендетуде аянбай қызмет етті. Білге қаған билік құрған 18
жыл (716-734 жж.) ішінде қағандықтың территориясы бекемделіп, соғыс пен
жаугершіліктен күйзелген халықтың жағдайы түзеле бастады. Ол туралы Орхон
жырларында: «жадау халықты тонды, аш халықты тоқ, кедей халықты бай
қылдым, аз халықты көп қылдым»
381
, – деп аса зор мақтанышпен баяндайды.
Білге қаған жаугершілікті емес, бейбіт заманды мұрат еткен қаған ретінде
тарихта қалды. Оның бірнеше жорыққа қатысып, ұлы жеңістерге жетіп отырғаны
Орхон жырларында тамаша баяндалады. Мысалы, Күлтегін (бітіктастың үлкен
қапталындағы мәтін) жазуында інісі Күлтегін екеуінің бірігіп, 37 рет «қырғыз,
қытан, татабы, оғыз, қарлұқтарды біріктіріп, батысы Темір қақпаға, шығысы
Бөкілі еліне (Корей жұртына) дейін
382
» соғысқандығы баяндалады.
380
Kafesoğlu, 1993, S.108
381
Жолдасбеков, Сартқожаұлы, 2005.
382
Жолдасбеков, Сартқожаұлы, 2005.
|