Түркі кеңесі және Жібек жолы
Түрк әлемі өз әлеуетін әлі де толық пайдаланған жоқ. Түркі кеңесі түрк әлемі
азиялық достарының қасындағы тиісті орнын алуы үшін күш-жігер жұмсауда.
Жібек жолын жаңғырту жобасы сондай күш-жігерлердің бір бағыты болып
табылады. Жібек жолы бойында бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті
қамтамасыз ету өте маңызды. Түркі кеңесі өңіраралық байланыс пен
ықпалдастықты нығайтуда маңызды рөл атқаруда. Жібек жолы бойындағы төрт
ел – Əзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркияның өңірлік интеграция
жобасы аясында бас қосуы бұл бағытта жасалған маңызды қадамдардың бірі.
Бұл елдер Түркі кеңесіне мүше болу арқылы «өзара сенімді, достық және тату
көршілік қатынастарын нығайту» және «өңірдегі және тұтас әлемдегі бейбіт-
шілікті нығайту, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету» бойынша
келісімге келген. Түркі кеңесін құру туралы келісім құжаты болып табылатын,
2009 жылы Əзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия арасында
жасалған Нахчыван келісіміндегі Түркі кеңесінің басты мақсаттары мен
міндеттері осылайша белгіленген. Көрініп тұрғандай, Түркі кеңесінің қызмет
|