ҰЛЫ ДАЛА тарихы
212
Əзербайжан арасындағы «Баку – Тбилиси – Карс» темір жол жобасы, жалпы
алғанда Қазақстанды да қамтитын және Ақтау – Баку – Самсун аймақтары
арасындағы тасымалдауды нығайтып, жеңілдететін жоба. Сондай-ақ Қазақстан
арқылы өтетін «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автокөлік жолдары, Қазақстан –
Түрікменстан – Иран темір жол жобалары көне Жібек жолын жаңғыртып, түрк
әлемінің маңыздылығын арттырады. Осы ретте өңірдің энергетика қуатының
әлем нарығына жеткізілуі де ынтымақтастықтың маңызды бір бөлшегін
құрайды. «Баку – Тбилиси – Джейхан» және «Баку – Тбилиси – Эрзурум»
секілді Каспий – Əзербайжан – Анадолы – Еуропа бағытындағы құбыр
желісі жобалары да түрк әлемінің экономикалық мүддесіне сай келеді. Түрк
мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастарда тарихи Жібек жолын қайта құру,
Шығыс-Батыс, тіпті солтүстік-оңтүстік көлік және коммуникация дәліздерін іске
қосу, әлеуметтік және мәдени байланыстарды нығайту, өзара сенімді күшейту
секілді көптеген мәселелер тұр. Бұл мәселелерді мүмкіндікке айналдыру әрі
түрк мемлекеттерінің өзара ықпалдастықтарын нығайтуларына әрі өңірдегі өзге
елдермен ынтымақтастықтарын арттыруларына байланысты.
Орталық Азия елдері Жібек жолы жобаларында пассив бақылаушы емес,
белсенді ойыншы болуды артық көреді. Мысалы, Қазақстан алдымен өз
тәуелсіздігін, одан кейін Орталық Азия елдерінің тәуелсіздіктерін нығайту
бағытында өзгеше және көп бағытты тасымалдау және логистика жобаларына
қатысумен ғана шектелмей, өзі де көптеген өңірлік жобаларға мұрындық
болуда. Мысалы, Қытаймен бірге темір жол және мұнай құбырын салды, Иран
және Түрікменстанмен бірігіп темір жол құрылысын аяқтады. Қазақстан өз
жұмыстарын экономикалық стратегиясы шеңберінде әрі қарай жалғастыруда.
Шығыс пен Батыстың арасында транзиттік орталық болуды көздеген Қазақстан
2020 жылға қарай тасымалдау қуатын екі есе арттырып, 50 миллион тонна
жүк жібермек. Бұлардың бәрі Қазақстан мен Орталық Азияның жаһандық көлік
желісіне қосылуы үшін жасалған нақты қадамдар. Қазақстан арқылы Ресейден
өтіп, Еуропаға жетуі жоспарланған «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автокөлік
жолы жобасы болса, Еуразия экономикалық одағы шеңберінде іске асырылуда.
Жібек жолын жаңа заманға сай қайта жаңғыртатын, құрлық көлігін дамытатын
бұл жолдың маңызы ерекше екені белгілі. Жезқазған жерінде жүзеге асқан
стратегиялық жасампаз жолды да теріскей мен күнгейді, Шығыс пен Батысты
жалғайтын осы ғасыр жобасы төңірегінде қарастыруға болады.
Жалпы, тәуелсіздік жылдары 2300 шақырымнан астам темір жол салынған
екен. Ал «Бейнеу – Жезқазған» теміржолы – тәуел сіз дік алғаннан бергі жаңадан
са лынған ең ұзын темір жол желісі. Мамандардың айтуынша, жаңа жолдың
арқасында жылына 21 млн тонна тауар өткізуге болады. Жол бойына 8 темір
жол бекеті мен стансалар салынады, 400-ден астам жұмыс орны ашылады. Жол
|