ҰЛЫ ДАЛА тарихы
216
толықтыратын болады. Мысалы, Қытайдың батысында өндірілген тауардың
теңіз жолы арқылы Батыс Еуропаға жеткізілуі үшін алдымен 3000 шақырымдық
жолдан өтіп, жүкті Қытайдың шығысындағы кемежайларға жеткізу керек. Содан
кейін шамамен 24 мың шақырымдық теңіз жолы арқылы Батыс Еуропаның
кемежайларына 45 күнде жетеді. Алайда тура сол тауар құрлық және темір
жолымен Қазақстан арқылы тек 8500 шақырымдық жолдан кейін сол пунктке
10 күнде жеткізіледі. Жалпы құны бұл көрсеткіштермен мөлшерлес болады.
Экономикалық байланыстардың дамуының арқасында түрк республикалары
арқылы өтетін жаңа және тиімді заманауи Жібек жолы үшін қажетті жағдайлар
жасалды. Тарих қалыптастырған шарттар шеңберінде кезінде жойылған
парадигма бүгін қайта оралатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |