ҰЛЫ ДАЛА тарихы
218
2013 жылдың 3 шілдесінде Бакуде ұйымдастырылған Түркі кеңесінің І Көлік
министрлері жиынында қол қойылған Бауырлас кемежайлар келісімшарты
шеңберінде Баку, Ақтау және Самсун кемежайлары арасындағы алғашқы
жиынның 2014 жылдың көктемінде Самсун кемежайының ұйымдастыруымен
өтеді деген шешімге келді. Самсун кемежайы аталған жиынды 2014 жылдың
17-18 сәуір күндері өткізуді ұсынды.
2012 жылдың 28 қараша күні Измирде қол қойылған Жібек желі (Silk Wind)
жобасының Ынтымақтастық меморандумы шеңберінде құрылған, бірақ бүгінге
дейін жиналмаған Жұмыс тобының алғашқы жиынын 2014 жылдың алғашқы
үш айында Бакуде ұйымдастыру шешілді. Тараптар сондай-ақ Жұмыс тобы
жүргізетін жұмыстар шеңберінде аяқталатын «Жібек желі келісімшартына» 2014
жылдың 19-21 мамыр күндері Астанада ұйымдастырылатын Түркі кеңесі Көлік
министрлерінің ІІ жиыны кезінде қол қойылатыны туралы келісімге келді. Баку,
Ақтау және Самсун кемежайлары арасында құрылатын «Бауырлас кемежай»
қарым-қатынасының алғашқы жиынын 2014 жылдың 17-18 сәуір күндері
Самсун кемежайы өткізді. Жиын барысында тараптар кемежайлардың әлеуеті,
кемежайлардан өтетін жүк тасымалы, Альят және Ақтау кемежайларында
жалғасып жатқан құрылыс жұмыстарына байланысты мәлімет берілді.
Тараптар сондай-ақ Шығыс-Батыс жүк тасымалының артуы және АҚШ/НАТО
күштерінің Ауғанстаннан шегінуі үрдісінде алуы мүмкін рөлдерге байланысты
пікір алмасты. Самсун кемежай базасын аралап, техникалық жабдық және
қызмет түрлерін орнында бақылады. Баку және Ақтау кемежайларының
жекешелендірілуіне байланысты мәлімет берілді. Осыдан кейінгі жиын
Əзербайжандағы Альят кемежайының ашылуына байланысты Бакуде жүзеге
асырылады.
Каспий теңізіндегі Баку және Ақтау кемежайлары арасындағы қатынастың
жүйелі түрде тұрақтандырылуы мақсатымен аталған кемежай басшылықтары
арасында Хатшылық негізінде басталған кездесулер жалғасуда. Алғашқысы
2013 жылдың 13-14 мамыр күндері Ақтауда жүзеге асырылған жиынның екіншісі
жақында Бакуде ұйымдастырылады.
Көлік министрлерінің ІІ жиыны VІІ Астана Экономикалық форумы және
Қазақстан көлік күндері шеңберінде 2014 жылдың 22 мамырында Қазақстанның
ұйымдастыруымен Астанада өтті. Жиын барысында тараптар Түркия жағынан
дайындалған Аралас тасымал келісімшарты жобасына байланысты пікір
мен ұсыныстарын ең қысқа уақытта хатшылыққа жолдау, тараптар келісетін
мәтін дайындалғанға дейін кездесу мен келіссөздерді жалғастыру шешімін
қабылдады. Баку, Ақтау және Самсун кемежайлары арасындағы Бауырлас
кемежай қарым-қатынасына Түрікменстанның Түрікменбашы кемежайын қосу
шешімі қабылданды.
|