Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы


Тараздағы соңғы Қарахан билеушілеріне тиесілі мазар ескерткіші



Pdf көрінісі
бет210/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   407
Байланысты:
udt

Тараздағы соңғы Қарахан билеушілеріне тиесілі мазар ескерткіші

Тараз  бірқатар  тарихи  сәулет  ескерткіштері  орналасып,  көптеген  мәдени, 

эпиграфикалық, нумизматикалық және археологиялық жәдігерлердің табылуы 

себепті түрк халықтарының тарихында айрықша орынға ие. Қазір Қазақстанның 

ірі  қалаларының  бірі  Тараз  қаласы  елдің  оңтүстігі,  Талас  өзенінің  алабында 

Қырғызстанға жақын жерде орналасқан. Бір жағы өзен, бір жағы аймақ (облыс) 

атауы, екі мың жылдан аса уақыт шамасында «Тараз» атымен белгілі бұл қоныс 

ХІХ-ХХ ғасырларда Əулиеата, Жамбыл деп аталған кездері де болған. Алғаш 

рет  қытай  жылнамаларында,  кейін  византия,  араб,  парсы  деректерінде  жиі 

кездесетін Тараз шамамен сонау Ғұн империясы (б.д.д. ІІІ – б.з. ІІІ ғғ.) кезеңінен 

бастап  Көктүрк  (552-744  жж.),  Түргеш  (699-766  жж.),  Қарлұқ  (766-840  жж.) 

қағандық


тары, Қарахан мемлекеті (840-1212 жж.) сынды түрк текті әулеттердің 


ҰЛЫ ДАЛА тарихы

225 


уақытында  билік  ордаларының  бірі  немесе  маңызды  әкімшілік,  мәдени,  діни, 

экономикалық  орталық  міндетін  атқарған.  Əсіресе  Тараздың  Қарахандар 

кезеңіндегі алар орны ерекше. 

Осылайша  бір  ғасыр  шамасында  бұл  қала  мен  маңайында  жүргізілген 

археологиялық  қазба  жұмыстары  нәтижесінде  Қарахандар  кезеңіне  тиісті 

біршама  нумизматикалық  және  эпиграфикалық  деректер  (кірпіш,  құты,  қыш 

пен  темір  бұйымдарындағы  жазулар,  мазар  көктастары,  т.с.с.)  табылып, 

көптеген сәулет ескерткіштерінің аты аталмыш әулетпен байланысты екендігі 

аңғарылады.  Əсіресе,  байырғы  халық  тұрғызған  «Əулие  Қарахан  баба», 

«Тектұрмас  ата»,  «Айша  бибі»  /  «Бабаджа  хатун»  мешіт,  кесенелері  сияқты 

тарихи-мәдени ескерткіштер Қарахандар кезеңінің бүгінге дейін жеткен айқын 

айғақтары

405

Тараз бен қала маңының ортақ түрк тарихы үшін маңызы әлі күнге дейін толық 



айшықталмады. Бұл ретте Қарахандар кезеңіне тиесілі археологиялық олжалар 

мен  сәулет  туындыларында  кездесетін  мәліметтермен  арапша,  парсыша, 

түркше жазылған деректердегі мәліметтерді салыстырсақ, Тараз өңірінің түрк 

әлемі  үшін  маңыздылығы  ашыла  түседі.  Тараз  жазба  деректерде  кездесетін 

ең көне түрк жер аттарының бірі

406


 болуымен қатар түрк қала салушылығының 

басы ретінде қарастырылуы да ерекше маңызға ие. 

Бұл  жұмыста  түрк  тарихы  тұрғысынан  Тараз  қаласының  қандай  мәнге  ие 

екендігін көрсететін сәулет туындысы мен оның ішіндегі мазар тас жазуларына 

тоқталамыз. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет