Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет230/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

243 


жерімен байланысты. Расында бұл ескерткіштің оңтүстік-батысында шамамен 

100 м қашықтықта «Қарахан әулие» кесенесі тұр, ал ол кешенде XI ғасырда билік 

еткен  Қарахан  билеушісі  Шах-Мансұр  Арслан  Илигпен  байланыстырылатын 

қабір қойылған

455



Сондай-ақ,  Тараз  аймағы  мен  айналасында  ХІІІ  ғасырдың  алғашқы 



жартысында,  яғни  Тараз  мазар  тасында  жазылған  аталмыш  билеуші  мен 

оның аталары өмір сүрген кезеңде болған оқиғаларға қарағанда, бұл адамның 

Қарахан  әулетінің  өкілі  болғандығы  анықталады.  Жоғарыда  айтылғандай, 

1220-жылдары Хорезмшахтар мемлекеті жерлерін Шыңғыс хан жаулап алуымен 

Тараз аймағы да сол территорияның ішіне кірді. Бұндай жағдайда, бір кездері 

биліктен  айырылған  Қарахан  әулетінің  өкілдері  шыңғысхандықтарды  қолдап, 

солардың  билігінің  астында  өз  билігін  жаңадан  құрған  болуы  мүмкін.  Себебі 

аталмыш билеушінің аймақта Шыңғыс хан үстемдігі орнаған 1220-жылдардан 

1262 жылға дейін 40 жылдан астам уақыт өтсе де аталарының атақтарын сақтап 

қалуы осындай қорытынды жасауға итермелейді.

Бір жағы осы мәліметтер, бір жағы жоғарыда Шыңғыс хан империясының бір 

бөлігі болған Шағатай ұлысы билігінің алғашқы он жылын қарастырғанымыздағы 

мәліметтер  моңғолдар  кезеңінің  беймәлім  тұстарын  көрсетеді.  Қатарында 

Тараз  да  бар  бірқатар  отырықшы  аймақтарда  жергілікті  билеушілердің  өз 

билігін  сақтап  қалуы  Орта  Азия  тарихының  бұл  кезеңін  қайта  қарауға  деген 

қажеттілігін тудырады. Алайда, осы кезге дейін «Шыңғыс хан мен оның ұрпағы 

Хорезмшахтарды қоса алғанда бүкіл мұсылман билеушілерін жойды, осылайша 

жергілікті  әулеттер  билігі  тоқтады»  деген  пікір  басымдыққа  ие.  Бұл  пікір  сол 

кезеңнің  көптеген  жазба  деректерінде,  әсіресе  мұсылмандар  деректерінде 

жазылған  «моңғолдар  барлық  жерді  өртеді,  қиратты,  жергілікті  билеушілерді 

қырды» мағынасындағы мәліметтерден пайда болған. Дегенмен, моңғолдарға 

бағынып, өз билігін қорғаған әулеттерге қатысты сирек болса да кездесетініне 

қарамастан, зерттеушілер бұл пікірді елемей келеді. Негізінде, моңғолдар мен 

олардың қол астында өз билігін сақтап қалған жергілікті әулеттер тақырыбы осы 

тұрғыдан қайтадан қолға алынуы тиіс. 

Осылайша, Тараз қаласында орналасқан көне сәулет ескерткіштерінің бірі 

болған  аталмыш  кесененің  түрк  халықтары  тарихында  мәдени  жағынан  да, 

саяси жағынан да маңызды орын алатын Қарахандарға тиісті екені айқындалды. 

Оған  қоса,  Шах-Мансұр  тарихи  ескерткіші  мен  «Дәуітбек»  кесенесінің  қатар 

орналасуы Тараз қаласының Қарахандар кезеңінде мәдени әрі рухани тұрғыдан 

маңызды орталық болғандығын растайды.

455


 Қыдырәлі, 2008, 49 б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет