e. دیهشلا – «әш-Шәһид»
В.Бартольд «Шахиншах» деп оқыған бұл сөз негізінде «әш-Шәһид» түрінде
келеді. Ескерткіштің бұл сөз тұрған бөлігі басқа жерлеріне қарағанда жақсы
сақталып, осылай оқуға ыңғай тудырды (қараңыз II сурет, 4-5). «Шейіт болған,
өлтірілген» мағынасындағы «әш-Шәһид» сөзі араб жазба деректері мен мазар
тастарында жиі кездеседі. Мысалы, Жамал Қаршидің жоғарыда айтылған
шығармасында Самани билеушілерінен болған Ахмед б. Ісмайыл (907-914)
туралы айта келе, оны Әбу Насыр әш-Шәһид деп те атайды және оны өзінің
құлдардан құралған әскері өлтіргендігін баян етеді. Осыған ұқсас дәл сол
еңбекте Қарахан билеушілерінен болған Әли Арслан хан әш-Шәһид Әбул Хасан
б. Байташ Арслан хан б. Сатұқ Бұғра хан 388 жылы мұхаррам айының соңғы
күндері (қаңтар 998 жыл) өлтіріліп, қабірі Қашқарда екенін жаза келе, жергілікті
тұрғындар оны көп зиярат еткендігі жеткізіледі
448
.
Мәлім болғандай, исламда соғыста немесе иман жолындағы күрес барысында
өлтірілген адамдар, әсіресе билеушілер, қолбасшылар, дін қызметіндегілер
«шейіт (шәһид)» деп аталып, олар халықтың ерекше ыстық ықыласына ие
болған. Олардың жатқан қабір-кесенелері зиярат орнына айналған. «Дәуітбек»
кесенесі де сондай халық жиі тәу етіп баратын, дұға оқылатын орын екенін
ескерсек, сол кездегі оқиғалар халық санасында ұзақ ғасырлар бойы сақталуы
ойландыратын жағдай.
«Дәуітбек» кесенесінде жерленген адам, яғни Дадбек Исфехсалардың әкесі
немесе атасы Ілияс ... Ұғыл бек әш-Шәһид Дадбек те сондай адамдардың бірі
болса керек. Шамасы ол соңғы Қарахан билеушілерінің бірі болып, Қарақытайлар
(1128-1213) я Хорезмшах-Ануштегіндер кезеңінде өлтірілуі әбден мүмкін. Оның
үстіне, жоғарыда жұмысымыздың «Дадбек» атты тақырыпшасында айтылғандай
оның немесе оның аталарының біреуі Хорезмшахтар кезеңінде өлтірілу
мүмкіндігі өте жоғары. Белгілі болғандай, Əлауаддин Мұхаммед Хорезмшах
445
Муминов, 2015, 236.
446
Temir, 1959: 22, 47, 224, 227.
447
Рашид-ад-дин, 1952, С. 191, 214, 244.
448
ал-Каршӣ, Джамāл. ал-Мулхакāт би-с-сурāх ... C. 104
ҰЛЫ ДАЛА тарихы
241
(1200-1220) тұсында Хорезмшах-Ануштегіндер әулеті дамуының шегіне
жетіп, Селжұқтардың мұсылман Азиясын бір күштің астында біріктіру мақсаты
жолында тұрады. Ол кезеңде Хорезмшахтар Қарақытайлар мен олар билігінде
болған Қарахандарды бағындырды. Қарахандардың соңғы бас билеушісі Ұлығ
Сұлтан Османды Хорезмшахтарға қарсы көтеріліп, Қарақытайлар қол астына
өткені үшін 1212 жылы Хорезмшах Мұхаммед өлтіреді
449
, Тараз бен көршілес
аймақтарына әскери жорықтар жасайды. Бұдан сәл бұрынырақ 1210 жылы
аталмыш Хорезм билеушісі Тараз маңында Қарақытайларды жеңіп, олардың
Таянгү атақты қолбасшыларының бірін тұтқынға алып, Хорезмге алып барады
450
.
Осылайша, Хорезмшах-Ануштегіндер Қарахан мемлекетін құлатып,
Тараз да кіретін аймақтарды, тіпті бір кездері Қарақытайлар қолында болған
Жетісу аймағын да өз билігіне алды. 1262 жылы Таразда жерленген аталмыш
билеушінің атасы немесе әкесі деп санап отырған Дадбек әл-Тарази де осы
кездері шейіт болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |