Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы

Pdf көрінісі
бет292/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

304 

АСТАНА – ҚҰТТЫ ШАҺАР

Қазақ  даласының  ұлы  перзенті,  даңқты  бабамыз  әл-Фараби  өзінің  әйгілі 

еңбегінде  қайырымды  қоғам,  парасатты  қала  туралы  ой  толғайды.  Оның 

пікірінше, зиялылар басқарған, қайырымды, парасатты адамдар шоғырланған 

қала парасатты, тұрғындары да бақытты болмақ.

Адамзаттың ой алыбы аңсаған мұндай парасатты, қасиетті, бақытты қала бұл 

дүниеде бар ма? Қалалар да адамдар сияқты бақытты һәм бақытсыз, қайырымды 

һәм қайырымсыз бола ма? Қала қайтсе парасатты болмақ? Шынында шығыс 

шайырлары жырлағандай, шаһарлардың да рухы мен жаны, өмірі мен өзегі бар 

ма?

Біздіңше, қала рухының қандай болмағы әң әуелі сол қаланың тұрғындарына 

тікелей байланысты сияқты. Тұрғындарының біте қайнасқан тыныс-тіршілігімен, 

мұң-махаббатымен,  қуаныш-қайғысымен,  арман-аңсарымен  қаланың  рухы 

қалыптасады.  Сондықтан  сәулеті  мен  сымбаты,  кескіні  мен  келбеті  әрқилы 

болатын қалалардың да «тағдыры» әртүрлі өрбиді.

Қалалар да адамдар сияқты әртүрлі болады. Ал жаңа жыл сайын көрсетілетін 

баршаға белгілі комедия тек Кеңес өкіметінде ғана болуы мүмкін оқиға шығар, 

сірә.  Өйткені  «кеңес  адамы»  мен  «кеңестік  қоғам»  қалыптастыруды  көздеген 

әміршіл-әкімшіл  жүйе  қалаларды  да  бір  қалыпқа,  бір  жүйеге,  бір  тәртіпке 

келтірген еді. Адам қиялына тұсау салатын, темірдей тәртіпке бағынған кеңестік 

қалалар  партияның  сара  саясатын  жүзеге  асыру  үшін  жұмыс  істеді.  Белгілі 

жоспар шеңберінде бірінен кейін бірі бой көтерген кеңестік қалалар бір-біріне 

қатты  ұқсайтын.  Бір-бірінен  аумайтын  сұрғылт  түсті  ғимараттар,  бойлары 

бірдей қаздиған үйлер, түп-түзу көшелер адам өмірін де бір қалыпқа түсіретін. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   407

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет