ҰЛЫ ДАЛА тарихы
306
– әулие моласы, руханият ордасы, дәргәһ деген мағыналар береді екен.
Мәселен, Мәулана Жалаледдин Руми негізін қалаған Мәулауи тариқатының
орталығы мен әйгілі әулиенің қабірі орналасқан Қония қаласын осман түріктері
«Аситане-и Мәулауи» деп атаған. Бұл – Румидің мәңгілік қоныс тепкен жері,
Мәулана тариқатының орталығы деген ұғымды білдіреді.
Назар аударарлық бір жайт, Ақмола атауы ерте заманда Түркістан жерінен
жол тартып, Италияның негізін қалаған етрүсктердің тілінде «тынығатын, дем
алатын мекен» деген ұғымды білдірген екен. Ұлы даланың төсінде, керуен
жолдарының бойында қоныстар болған, жолаушылар сонда тоқтап, қонған,
түрктер оны «мола» деп атаған. Қазақ қазір де «елсіз далада адасып қалсаң,
молаға қон» деп жатады. Түпкі мағынасынан ауытқығанмен, ел арасында
сақталып қалған бұл сөз қазақта ғана қолданылатын сияқты; өзге түрк халықтары
оны «қабристан», «зират» «мазарлық» деп атайды.
Сол сияқты астана сөзін де бүгінде қазақ халқы ғана қолданады. Мәселен,
оңтүстіктегі өзбек бауырлар бас қаланы «пайтахт», солтүстіктегі татар
туғандар «пайтехет» дейді. Ал астананы «башкент» деп атайтын түріктердің
көбі бүгінде «астана» сөзінің мағынасын түсінбейді де. Өйткені, Осман
империясының құлауымен, жаңа республиканың құрылуымен бірге Ыстанбұл
өзінің мәртебесінен және астана деген атауынан айырылды. Сондықтан Осман
түріктерінің ұрпақтары бүгінде Анкараға «башкент» сипатын берген.
Егер Ыстанбұлмен сыңарлас болса, бұл сөз қазаққа қайдан келген? Бұған түк
те таңырқаудың реті жоқ. Біздіңше, астана сөзін қазақ осы Ыстанбұлдан алған.
Біріншіден, қажылыққа сапар шеккен бабаларымыздың әуелі Ыстанбұлға,
яғни халифат ордасына барып аялдағаны тарихтан аян. Міне, сол қажы болып
қайтқан аталарымыздың «астанаға бардым, астананы көрдім» деп айтып келуі
әбден мүмкін. Оның үстіне, Қырым, Қазан, Бұхара мен Ташкенттен келетін
кітаптар мен басылымдар арқылы да қазақ арасына астана деген сөз етене
ене берген. Бұған тағы бір дәлел, Елордасын бұрын «пайтахт», «хан ордасы»,
«орда» деген қазақ Орынборды да, Омбыны да, тіпті, Ташкентті де «астана»
деп атаған емес.
Орда – орта деген сөзден шыққан. Байырғы түрктер өз астанасын өзен
жағасына және елдің ортасына салған. Ұлан-ғайыр аймаққа иелік еткен
бабаларымыз ел астанасын жердің кіндігі деп есептеген.
Ел тарихында Ордабалық, Суяб, Тараз, Баласағұн, Сығанақ, Жент, Сарайшық,
Түркістан сияқты ордалар болған. Кеңестік кезеңде қазақ халқы астанасын
екі рет көшірді. Алғашқы таңдау Қазақ автономиялы Кеңестік Социалистік
Республикасы болып жарияланған 1925 жылы Ақмешітке түсті. Дегенмен, дінге
қарсы соғыс ашқан билікке Ақмешіт атауы ұнамай, қаланың аты Қызылорда
деп өзгертілді. Қызыл - революция рәмізі, орда - астана деген байырғы ұғым
болғандықтан, Қызылорда атауының кешегі Алашордамен үндесіп жатқанына
|