Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет303/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   407
Байланысты:
udt

Түгел түркке ортақ тұлға

Əйгілі  Əлішер  Науаи:  «Алла ның  нұры  жауғыр  Қор қыт  ата  еді,  түрк  ұлысы 

арасын да одан даңқты, одан ас қан кісі жоқ еді. Оның даң қы еш кімге жеткізбейтін 

еді. Өз ге ше лігі, данышпандық аты ның көп шығуы, неше жыл өзі  нен бұ рынғыны 

білуі, неше жыл өзінен кейінгіні болжап, ке  ле шекті айтып беруі, оның таң  ғаларлық 

нақыл сөздері осы күн ге дейін бар» деп дала өр ке ниетінің данагөйіне бас иеді

532



Түрк  әлемі  үшін  Қорқыт  ата  дәуірі  түбегейлі  бетбұрыс,  жо лай рық  заман 



болғаны  шындық.  Оғыз,  қыпшақ  секілді  түрк  тайпалары  Еуразия  ке ңіс тігінде 

сеңдей сапырылы сып, қоныс жаңалады, өріс ұлғайтып жатты. Кейбірі ислам дінін 

қабылдап, кейбірі ескі сенімінде қала бер ді. Бұл кезеңде ту көтерген оғыз-қып-

шақтардың рухани же беу ші Қорқыт ата болды. 

Оғыз бен қыпшақтың айы рылған тұсына халық осылайша сөз  бен ескерткіш 

тұрғызады.  Ұлы  түрктен  сарқыт  алған  оғыз  бен  қыпшақ  тайпаларының  қу ат  ты 

одағы  ІХ-ХІ  ғасырларда  Сыр  бойында  өркениеттің  үз дік  үл гі лерін  қалдырып, 

түрк әлемі нің туын желбіретті. Бұл одақ саяси-идеологиялық қайшылық түскен 

соң біртіндеп ыдырағаны да белгілі. Алайда, тарих көшінің бұралаңында арасы 

алшақтаған ағайын ұлыстарды біріктіруші тұл ға, ұлы рәміз – кемеңгер Қорқыт ата 

болды. Қорқыт ата туралы жыр-аңыздарда теңіздей толқыған, киіктей жосыған 

оғыз-қыпшақ  тайпаларының  қилы  тағдыр-тәлейі,  Алтайдан  Сыр  бойына,  одан 

Кавказға, әрі қарай Ана до лыға дейін жайылған кө ші-қо нының ұзын-ырғасы, соқ-

пақ сорабы бас қосып, елес береді. Сыр бойында жасаған Қорқыт ата оғыз бен 

қыпшақтың түйілісі, тәңірілік сенім мен ислам дінінің қиылысы дәуірінде ғұмыр 

кешкендігі,  өркениеттер  тоғысқан,  дала  мен  қала  салты  жарысқан  жолайырық 

дәуірдің  дәнекерші  тұлғасы  болғандығы  оның  бай  мұрасынан  айқын  кө рінеді. 

Ал оғыз-қыпшақтың бір ананың қағанағынан жа рыл ған егіздей ұялас кезеңі Сыр 

531

 Марғұлан, 1985, 189 б.



532

 Бартольд, Т.II, 1964. С.416. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет