ҰЛЫ ДАЛА тарихы
324
емес деуге болады
551
.
Қазақ пен моңғол халқында қазақ жұртының қалыптасуына, жеке ел болуына
тарихи тұлға Шыңғыс ханның тигіз ген әсерін әсірелеп жеткізген аңыз дар сақ-
талған. Бұл аңыздардың желі сі ұқсас бол ғанымен, тосын өзгешеліктер де бар.
Қа зақ та Майқы би Шыңғыс ханның ақыл шысы болған, оны хан көтеруге қа-
тыс қан, аяғы ақсақ болғандықтан, ханға ар нап жасаған арбаға мінуге хақылы
қасиетті би деген әңгіме бар
552
. Башқұрттар да Майқының ұлы қағанмен бір
арбаға мінгенін айтады
553
.
Ханға арнап жеке арба жасату сарыны «Оғызнамада» да бар
554
. Ал «Құпия
шежіреде» «қазақ арба», «қазақ күйме» деген ұғымдар кездесетіні де тегін
емес
555
. Халық үшін қара шаңырақ, қара қа зан қандай қасиетті болса, күймелі
арба да сондай мәнге ие екендігі Оғыз хан, Шыңғыс хан, Майқы би туралы аңыз-
дың желісінен байқалады. Демек, ханға арналған арбада әмірші мен бидің қа-
тар отыруы, арбаның доңғалағының ал ға жылжуы – мемлекеттің қуатты құ ры-
лымының алға басуын меңзейді. Түрк жұртының ежелгі бір тармағы телелерді
«би ік арбалылар»
556
, қаңлыларды «қаң қа лы лар» деу – осынау танымның айғағы.
Майқы бидің түп бейнесі ХІІІ ғасыр та рих шысы Рашид ад-диннің «Жыл на-
малар жинағында» жазылған. Онда би баба Байку деген атпен аталған. Онда
«Мың басы Байку, ол хушин (үйсін) тайпасынан. Ол оң қанатты биледі, басқаша
айтқанда оң қол әскерлерді басқарды» деп жазылған
557
. Бастапқыда Майқы би
осылайша Жошы ұлысының оң қанатына бас шы лық жасап, кейіннен батысқа
жорық жа са ған Батуға аянбай қызмет етеді. Қар тайған шағында өз орнына
жүрият руы нан Елдеке есімді биді қалдырып, ақ ба тасын береді деген дерек
бар.
Майқы би туралы тағы бір дерек қалдырған тарихшы – Қадырғали Қосым-
ұлы Жалайыр. Ол жылнамасын да «Мың ер Байқу. Сол хушин қауымынан
еді. Оң қол ын ол билер еді. Шыңғыс ханда бұл төрт бек әйгілі еді. Төрт мың
әскерімен Жо шыға берді. Бұл замандағы Тоқтай мен Баянның көп әскері бұл
төрт мың әс кер дің нәсілдері, соңынан өте көбейді» деп жазады
558
. Ал Өтеміс
қажының «Дәптер-и Шыңғыснама» шежіресінде Майқы Шыңғыс ханның оң
қолын басқарушы, үйсін тайпасының өкілі, ол ұлы ханнан төмендегі елтаңбалық
рәміздерді алады: ұраны – Салауат, құсы – қарақұс, ағашы – қарағай, таңбасы
– сірге, сауыты – шығыр
559
.
551
Қазақ Совет энциклопедиясы, 1975, 383-б.
552
Көпеев, 1992, 60-63- бб.
553
Əхмәтжанов, 2002, С.159
554
“Оғыз-наме”, “Мұхаббат-наме”, 1986, 44-45 бб.
555
Монголын нууц товчоо, 2016, 152.; Цэрэнсодном Д. Монголын нууц товчоо, 2000, 386.
556
Аристов, 1897, Вып. 3-4. -456 с.
557
Рашид-ад-Дин,1952.Т.І.Кн.2.С.274.
558
Жалайыри,1997, 70- б.
559
Қараңыз: Ivanics Maria, Usmanjv Mirkasym A. Das Buch der Dschingis–Legende (Daftar-i Cingiz-
|