ҰЛЫ ДАЛА тарихы
321
эпостың ілкі сю жеті ІХ-Х ғасыр тұсындағы Қыр ғыз қа ған дығы дәуірінде тууы
ықти мал деген пікір білді ріп, өмір шең де өрісті идея ұсынады.
Мәселен, жалпытүрктік қаһармандық эпос сюжетінің көне үлгілері Орхон-
Енисей мәтіндерінен бастау алуы мүмкін деген бағалы пікір білдіріп: «Тас
жазуда Күлтегін эпостағы қаһармандай жеңілуді білмейтін батыр тұлғасында
есейеді. Баяндауларда хронологиялық реттілік сақталған: Күлтегіннің он алты
жасынан қырық жеті жасына дейінгі негізгі ерліктері, өмірінің ақыры суреттеледі.
Мұнда қаһармандық эпостың сюжетіне ұқсастық бар» деп жазады.
Осылайша «Манас» жыры ның көне түрктік тамырына ғылымда алғаш рет
сәуле түсір ген кемеңгер 1952 жылы 8 мау сымда Фрунзе қаласында өт кен дүбірлі
талқылау жиында «Манас» жырын идеологиялық шабуыл жасаушылардан білім-
дар лықпен қорғап, эпостың қайтадан өмір сүруіне кепілдік береді
542
.. Мәскеуден
Манасты зиян ды, буржуазияшыл, діншіл, халық қа жат эпос деп жариялап, қара
құйын соқтырып, эпосқа қара лы үкім шығарғалы кел ген профессор Александр
Бо ров ков бастаған топ дегені не жет пей қалады
543
. Сол күні «Манас ақ тал ды!»
деген сүйін ші ақ жол тай хабар Бішкек асып, бүкіл бауыр лас жұртты тебірентіп
жібер ді. Міне, бұл да Мұхтар Омар хан ұлының жайсаң жанды жазушы ғана емес,
Алаштың азу лы көкжалы екенін көрсететін тағы бір мысал секілді.
Елбасы бастамасымен құ рыл ған Халықаралық Түркі академиясы ағайын
елдер арасына алтын көпір болған қасиет ті мұра лар мен тау тұлғалар шығар -
маларын зерделеп, тағы лым түюді алдыңғы буын ұлт кемеңгерлерінен бүгінге
ұлас қан дәстүр сабақтастығы ретін де абыроймен атқарып келеді. Мәселен,
академия алғаш рет ауқымды «Манас» энцик ло педиясы мен «Манас» сөздігін
жоғары сапалы деңгейде жарық қа шығарды
544
. Бұл да болса, енші сі бөлінбеген
елдіктің көрінісі, рухани интеграцияның жетістігі.
542
Ауэзов, 1959, 546- 555 бб.
543
Архив АН Кыргызстана. Сборник стенограмм. ІІІ том. 1952 . 679 с.
544
«Манас» энцик ло педиясы.-Астана ?????
|