ҰЛЫ ДАЛА тарихы
323
дала де мок ратиясының негізін қалаған. Бұл түзімің түп-тамыры, әуел басында
Май қы тұрды. Уақыт елегінен өтіп, та ри хи тұғырына толықтай қонған тұл ға сын
айқындай айтсақ, би-хан мен ха лық тың, әмірші мен әлеумет арасында кө п ір
болған алтын арқау. Болашақты бол жа ған би бабалар Ұлы далада салта нат
құр ған айбынды мемлекеттердің заң-жар ғысы, мемлекеттік түзімі, әділет қа-
ғи дасының алтын тұтқасы болды. Мұ ның жарқын айғағын халықтың тарихи
жадында сақталған Майқы би туралы аңыздардан көруге болады.
Аңыз-шежіреде әртүрлі нұсқада ай ты латын Майқы би шын тарихта болған,
түр к-моңғол халықтарына ортақ тұлға екен дігі зерттеу еңбектерде дәлелденіп
келеді
546
. Ол – қазақ халқын Шыңғыс ханмен жалғап тұрған тамыры тарамдалып
те рең ге тартқан, жапырағы жан-жағына жай қалған тумысы бөлек тұғырлы тұлға.
Қазақтар «Түгел сөздің түбі бір, түп ата сы Майқы би» десе, қарақалпақтар
мен өзбектер «Түмен өзбек түбі бір, түп атасы Майқы би» деген
547
. Башқұрттар
«Қара табын руының түп атасы Майқы би, ол Орал тауының Миядық деген
жерінде өмір сүріп, хан Шыңғысты алғаш қарсы алған би» деп санайды
548
. Қазан
татар мырзаларының арасында да өз атасын Майқы биден бастайтын ше жіре
бар екенін әйгілі Шахабуддин Мар жани белгілеген. Онда «Майқы би, оның ұғылы
Нұрыш (Тұрыш), оның ұғы лы Қырық садақ, оның ұғылы Аюп. Бұ Аюп заманында
Қазан шаһары орыс тар тарапынан алынды» деген шежіре бар
549
.
Сондықтан татар туғандар да Майқыны өз бабасы санайды. Мұның негізгі
себебі, кезінде бір шаңырақтың астында болып, біте қайнасып кеткен осы
тамырлас халықтардың іргелі ел болуына ұйытқы болған – дана Майқы би екені
анық.
Керек десеңіз, Майқы Шыңғыс хан ның «Жасасының» негізін әзірлеген топ-
тың басшысы, төбе биі. Сол «Жаса» арқылы (Иаса) арқылы әлемнің саяси
картасы ауысты. Осы саясат деген сөздің өзін кейбір ғалымдар «Са-иаса», яғни
«Иасамен басқару» деп түсіндіреді. Сая сат сөзі арабтың сөзі. Бірақ арабтың
бі раз сөздері түрктен барып, бізге араб сөз дері болып қайта келген. Соның бірі
– сая сат. Саясат деген «елді билеу» деген мағына береді. Бірақ оның түп-тамы-
ры «Иасамен үкім ету, Иасамен билеу» деген мағына береді. Əрине осы Иаса
Шың ғыс ханның тапсырмасымен жа зыл ған
қағандық
тың қағидаттары. Топтың
басында түгел сөздің атасы болып Майқы би тұр.
Халық арасында Шыңғыс хан мен Майқы бидің достығы туралы аңыз мол та-
ралған. Хакім Абайдың айтуына қа ра ғанда Майқы би Шыңғысты хан кө тер ген 12
бидің бірі болған
550
. Бұл ел ау зын дағы шежірелі әңгіме тарихи шын дық тан алыс
546
Қазақстан тарихы туралы моңғол деректемелері. Т.ІІІ, 2006.144-145бб.
547
Толстова, 1984, С.217
548
Башкирские шежере, 1960, С.155-165.
549
Əхмәтжанов, 2002, С.153-155
550
А.Құнанбаев,1977, 231-б.
|