Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет353/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

365 


ұлт-азаттық қозғалысының ауқымды майданға айналуына ұйымдасқан жасырын 

ұйымдардың қосқан үлесі зор еді. Өйткені, білікті мамандар мен саяси сауатты 

зиялылар жаңадан орнығып келе жатқан Кеңестік жүйенің құрылысымен жақсы 

таныс  болатын  әрі  онымен  күресудің  жолдарын  анағұрлым  жақсырақ  білетін 

еді. Сондықтан, негізінен астыртын ұйымдарда біріккен зиялылар бастапқыда 

шашыраңқы әрі бағыты айқын болмаған жекелеген қарулы күштерді топтастырып, 

оларды бір майданға шоғырландыра білді әрі сол арқылы қозғалысқа біртұтас 

саяси сипат берді

639

.

Түркістандағы  жасырын  ұлттық  ұйымдардың  тарихы  жалпы  алғанда  міне, 



осы  басмашылық  қозғалысымен  тұстас  келеді.  Басқаша  айтқанда,  ұлттық 

автономия құлағаннан кейін халық қолына қару алып, күреске шыққан кезде ұлт 

зиялылары да Кеңес үкіметіне қарсы екінші майдан ашып, жасырын ұйымдар 

құра  бастаған.  Міне,  осындай  астыртын  ұйымды  алғашқылардың  бірі  болып 

Мұстафа Шоқай құрған еді. 1918 жылы Екетеринбург қаласында қазақ Мұстафа 

Шоқай, башқұрт Зәки Валидов (Тоған), татар Илияс Алкин, Юсуф Минар және 

Вадим Чайкин тарапынан құрылған астыртын ұйым Түркістан, Татарстан және 

Башқұртстанды біріктіруді көздеген болатын. Астыртын ұйымның төрағасы болып 

бірауыздан Мұстафа Шоқай сайланған еді

640


. Алғашқы мәжілісін 1918 жылы 19 

қараша күні өткізген астыртын ұйым мүшелері Америкаға барып, ел президенті 

Уилсонмен  кездесуді  жоспарлаған  болатын.  Алайда,  визалар  дайындалып, 

билеттер  алынып,  дәл  жолға  шығар  алдында  Шоқай  мен  оның  серіктерін 

адмирал  Колчактың  әскерлері  тұтқындайды.  Челябинск  маңында  серіктерінің 

жәрдемімен тұтқыннан қашып шыққан Мұстафа Шоқай әуелі Орынборға барып, 

Зәки  Валидовпен  бірге  астыртын  төңкеріс  ұйымдастырады.  Алайда,  атаман 

Дутовқа қарсы жасалуы тиіс бұл әрекет, бір опасыздық нәтижесінде сәтсіздікке 

ұшырағаннан  кейін  «Түркістан  ұлттық  орталығының»  тапсырмасы  бойынша 

шет елдерге шыққан Мұстафа Шоқай, Маңғыстау арқылы әуелі Бакуге барып, 

онда  көп  тұрақтамай  Грузияға  өтеді.  Түркістан  ұлт-азаттық  күресі  осылайша, 

бұрын-соңды болмаған жаңаша саяси сипат алып, бұдан былай шет елдерде 

жалғасады. 

Алманияда  болған  кезінде  Мұстафа  Шоқайдың  материалдарымен 

танысуға  мүмкіндік  алған  Хамза  Абдуллин,  аталмыш  ұйымның  құрамында 

Сұлтанғалиевтің  де  болғанын  жазған  еді

641

.  Уақыты  мен  мүшелері  жөніндегі 



мәліметтерде  ауытқушылық  болғанымен,  бұл  пікір  де  негізсіз  емес.  Өйткені, 

Сұлтанғалиев  аталмыш  ұйымның  ізімен  1919  жылы  Мәскеуде  құрылған 

жасырын топтың мүшесі болған еді. Егер Заки Валидовтың (Тоған) естеліктеріне 

сүйенер болсақ, құрамына Түркістан, Башқұртстан, Бұхара, Хиуа өлкелік партия 

639

 Хайыт, 1997. – 367 б.



640

 Қойгелдиев, 1997. № 2.

641

 Ана тілі, 1990






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет