ҰЛЫ ДАЛА тарихы
363
Алманияға аттанады. Түркістанның тәуелсіздігі үшін күрестің өрісі тарылып бара
жатқанын сезген Тұрар Рысқұлов пен Файзолла Қожаев 1922 жылы Алмания
мен Түркияға дарынды, қабілетті һәм ұлтшыл жастарды оқуға жіберген болатын,
Тахир Шағатай осы топтың құрамында Берлин қаласына келіп, философия,
социология және экономика негіздерінен дәріс алады. Социология саласында
1931 жылы докторлық қорғаған Шағатай, соғыстан кейінгі жылдарда Түркия
Республикасының астанасы Анкара қаласындағы университетте профессор
болып қызмет атқарады. Мұстафа Шоқайдың мұрасына барынша адалдық
танытқан ғалым «Яш Түркістан» сериясы бойынша Түркістан және Мұстафа
Шоқай туралы бірнеше кітап шығарады
635
.
Біз, ұлы Абай мұрасы жайында Алаштың арыстарынан кейін лебіз білдіріп,
ғылыми негізде пікір айтқан, шет елде жүріп абыз ақынның шығармашылығына
әділ баға беруге ұмтылған профессор Тахир Шағатайдың есімі де Абайтану
тарихына алғашқылардың бірі ретінде еніп, онда лайықты орнын алатынына
күмән келтірмейміз.
635
Çağatay, 27.3.1902-27.7.1984), Emel, 141-145, Mart-Aralık, 86
ҰЛЫ ДАЛА тарихы
364
Достарыңызбен бөлісу: |