Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет350/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

362 


түркшілдік және халықшылдық» атты еңбегінде Абайды «Түркістандағы жаңару 

кезеңінің басы» деп атап көрсетіпті.

Түркістанда тәуелсіз мемлекеттер орнап, қазақ елі азаттық алған тұста бұл 

мақала  қайсыбір  жандар  үшін  таңсық  болып  көрінбеуі  де  мүмкін.  Дегенмен, 

шет елде және сталиндік зобалаңның әсерімен Абай шығармалары «тұрпайы 

социализм» тұрғысынан талданып, таптық ұғыммен бағаланып жатқан кезеңде 

жазылғанын және шет елде жарық көрген ізашар мақала екенін ескерер болсақ, 

мақаланың құны одан да арта түспек. Абайдың қазақ әдебиетіндегі орнын тап 

басып  айтқан  автор  осы  тұста  заңғар  жазушымыз  Мұхтар  Əуезовпен  үндесіп 

кетеді.


Кезінде  Алаш  қозғалысына  белсене  қатысып,  Түркістанның  тәуелсіздігі 

үшін Бұхарадағы астыртын жиындарға қатысқан Мұхтар Əуезовты профессор 

Тахир Шағатай жақсы біліп, онымен іштей түсініскен

634


. Сондықтан, ол аталмыш 

мақалада Абайтанудың басында тұрған Мұқаңды, яғни Мұхтар Əуезовты ұлы 

ақынның шәкірті ретінде Ақаң мен Міржақыппен қатар атамайды. Бұл – келешек 

заңғар  жазушыны  құптап,  оны  қанды  қырғыннан  қорғаудың  бір  тәсілі  еді  деп 

түсінген абзал. Олай дейтініміз, Мұхаң қайтыс болғаннан кейін жарық көрген бір 

еңбегінде Т.Шағатай жазушы туралы жылы пікір білдірген еді. Оның үстіне, «Яш 

Түркістан» журналының бас редакторы, Түркістан ұлттық майданының жетекшісі 

Мұстафа  Шоқайдың  да  мұраттас  достарын  қорғау  мақсатында  осындай  әдіс 

амал-айла қолданғаны мәлім.

Мақаласында «Өкініш сол, оның құнды шығармаларын халқымыз өз қажетіне 

жарата алмай отыр. Елімізде үстемдік құрып отырған қызыл диктатура Түркістан 

ұлттық  әдебиетінің  өзге  өкілдері  сияқты  Абай  және  оның  шығармаларын 

Түркістан халқынан мейлінше жырақ ұстауға тырысуда. Бұл күндері орыстың 

кез-келген  ұлтшыл  ақын-жазушысының  еңбегін  табуға  болатын  Түркістанда 

Абайдың шығармаларын кездестіре алмайсыз. Мұның себебі де белгілі: орыс 

ұлтшылдығы!» деп күйінген Тахир Шағатай, сөз соңында Абай шығармаларының 

халық жадында мәңгі сақталарына сенім білдіріпті. Оның пікірінше, «қаншама 

шектеу  қойылғанымен,  халық  рухының  туындысы  болған  шығармалар  оның 

жүрегінен берік орын алып, жасампаздығы арта бермек!» Сәуегейлік танытқан 

автордың пікірі айна-қатесіз келді. 

Осы орайда, мақала авторы туралы қысқаша мағлұмат бере кеткенді жөн 

көріп отырмыз. Мұстафа Шоқайдың эмиграциядағы сенімді серігі әрі шынайы 

шәкірті  бола  білген  Тахир  Шағатайдың  ұлты  өзбек.  1902  жылы  Ташкент 

қаласында туған Тахир Шағатай әуелі Ташкенттегі жәдит мектебінде білім алып, 

содан кейін Уфадағы әйгілі Ғалия медресесінде оқып, білімін одан әрі тереңдете 

түседі. Қос төңкеріс болған аласапыран уақытта Əзербайжан халқының азаттық 

үшін  күресіне  қатысқан  Шағатай,  Түркістанда  Кеңес  өкіметі  орнағаннан  кейін 

634


 Қыдырәлі, 2008, 124 б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет