Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы


Потапов, 1991.-270-289. ҰЛЫ ДАЛА тарихы



Pdf көрінісі
бет54/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   407
Байланысты:
udt

 Потапов, 1991.-270-289.


ҰЛЫ ДАЛА тарихы

58 


білікті  қаған».  Teŋiride  bolmuš  El  Etmiš  Bilge  qaγan  atadï,  El  bilge  qatun  atadï, 

qaγan atanïp, qatun atanïp, Ötüken ortušunta kedinin örügin bunta etdim - Тәңіріде 

болған Ел Етміш Білге қаған (747- 759 ж. билік құрған) аталды, Ел Білге қатұн 

аталды,  қаған  атанып,  қатұн  атанып,  Өтүкен  ортасында  кейінгінің  ордасын 

бұнда жасаттым» делінген. 

Көне  түрк  жазу  тілінде  Teŋіri>  Теңірі  (Тәңірі)  деп  жазылған.  Қазіргі  түрк 

халықтарының  барлығында  теңере,  тангир,  танры  және  басқа  тұлғасында 

кездеседі.  Аталмыш  сөзді  көне  моңғол  тілінде  teŋgeri>  теңгері>  тэнгэр  дейді, 

тұңғыс-манжұр  тілдерінде  «tenere,  taŋara,  tener»  тұлғасында  айтады.  Тәңір 

атауы қазіргі түрк халықтары мен моңғол тектестерде: қазақша  Тәңір, құмықша 

Тэнгири, ескі моңғолша Tngri, қазіргі моңғолша Тэнгэр, қалмақша Teңгр, бұлғарша 

Тангра,  чұвашша  Турă,  якутша    Таҥара,  өзбекше  Tangri,  қырғызша  Теңир, 

башқұртша, татарша Тәңре, қарачай балқарша Тейри, түркше, әзербайжанша 

Tanrı (танры), түрікменше  Tañry (таңры), ұйғырша Тәңрі деп кездеседі.

Қытай, көктүрк, византия, армян, араб, парсы және басқа да тілдердегі жазба 

дереккөздерден  түрктердің  наным-сенімдеріне  байланысты  киелі  ғажайып 

жаратылыс және Жаратушы ретінде бейнеленген «Тәңірі» сөзін кездестіреміз. 

Бұл  әлемнің  көптеген  ұлттарындағы  сияқты  түрк  қоғамында  да  монотеистік 

діннің болғандығын анық дәлелдейді. Алайда, Тәңіршілдік дінінің негізгі идеясы 

мен  ұстанымдарының  нақты  қандай  ұғымдардан  пайда  болғандығы,  қандай 

негіздерге сүйенгендігі әлі де белгісіз. Əрі осы мәселеде жазба дереккөздердің 

аздығы, аталған  мәселені тереңірек  қарастырған зерттеулердің  кемшіндігінен 

аталған сенімнің мазмұны толық ашылмай келе жатыр.

Көне  түрктердің  сеніміне  байланысты  мәліметтерді  қамтитын  көптеген 

тілдерде  жазылған  жазба  дереккөздерінен  түрк  қоғамында  көнеден  бері 

мынадай діни көзқарастар қалыптасқандығын байқаймыз:



Монотеистік. Тек Тәңірлік сенім. Орхон, Енисей және басқа да көне түрк 

тілінде  жазылған  ескерткіштерінде  әлемнің  пайда  болуын  және  оқиғаларды 

реттеп отыратын жалғыз қасиетті күш – Тәңірі ерекше аталады. Ол – адамдардың 

жаратылысының,  мінез-құлқының,  өлімінің,  қоғамдық  өмірінің,  жеңістерінің, 

жеңілістерінің жалғыз негізі. Қысқасы ажал мен тағдырды айқындаушы.

Политеистік. Көптәңірлік сенім. Негізінен шет тілді (қытай, византия, араб, 

парсы,  т.б.)  дереккөздерінде  түрктердің  тек  Тәңірге  сенумен  қатар  көптеген 

жанды және жансыз заттарға сыйынғанын, кие тұтып қастерлегенін немесе күш 

иесі, қасиет киесі, «құдай» ретінде қабылдағанына байланысты мәліметтер де 

ұшырасады. 

Көктүрк  жазбаларындағы  мәліметтер  көне  түрктердің  басым  бөлігінің, 

қағандықтың негізін құрайтын топтың және басқарушылардың тек Тәңірлік сенімге 

иланғандықтарын көрсетеді. Шындығында да қағандар тарапынан жаздырған 

ресми  ескерткіштерде  де,  Енисей,  Алтай,  Жетісу  және  т.б.  мемлекеттік  және 



ҰЛЫ ДАЛА тарихы

59 


қарапайым жазба ескерткіштерде де тек Тәңірлік дінге қатысты наным-сенімнің 

кең таралғанын дәлелдейді. 

Көктүрк  жазбаларында  жетістікке  жету  жолында  немесе  оқиғалардың 

ағымында Тәңірмен қатар 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет