ҰЛЫ ДАЛА тарихы
61
Kültegin kergek boltï - інім Күлтегін қайтыс болды деп кездеседі. Öl - өл. «Өлу,
қайтыс болу». Көне түрктерді адам баласы «Тәңірінің баласы» деген түсінікпен
қарайтын жосыны болды. Демек, өлім түрктер үшін Тәңіріге ұшу, сол жаққа
кетумен түсінідірілді. Yoq bol- // yoq er- жоқ болу, жоқ саналу. «Қайтыс болды,
жоқ болды» деген мағынада қолданылған.
Көркем өнерде діни ойларды және этносимволдарды суреттеу.
Тәңір
сеніміне сай көркем өнердің (тас мүсіндерді қашау, мүсіндерді сомдап жасау,
сарай қабырғаларындағы рәсімдердің бейнесі, керамикалық және металл
заттар, монеталар мен мөрлер) көне түрктерге қатысы бар екендігі байқалады.
Əсіресе, 20-дан астам түрлері кездесетін Батыс Түрк қағандығы монеталарының
тек бір, екеуінен басқасында басқа дін (заратуштра, будда, христиан) әсерінің
байқалмауы мән беретін жайт десек те болады
95
. Яғни 1500 жылдан астам уақыт
бұрын табылған бұл монеталарда тек түрк рухани мәдениетіне тән символдар
бейнеленген.
Тәңірдің ерекшеліктері. Басқа әлемдік діндердегі сияқты көне түрк сенімінде
де Тәңірдің көптеген ерекшеліктері немесе белгілері бар. Осыған байланысты
негізгі мәліметтер Көктүрк жазбаларында (Орхон, Енисей ескерткіштері)
кездеседі. Жазбалар және басқа да жазба дереккөздердегі мәліметтер негізінде
Тәңірдің басты белгілерін былайша көрсетсек болады
96
:
Тәңір ұлы ғажайып жаратылыс (Ұлы Тәңірі), жаратушы, құт-береке, ретке
келтіруші, анықтаушы, мейірімді, жазалаушы, таңдаушы, жарылқаушы, ілім-
білім беруші, өлім мен тағдыр иесі, адам рухы ұшатын мекен, билеушіге билікті
аманат етуші.
Тәңірдің осындай ерекшеліктері (қызметі, сипаты) көне түрк ескерткіштері,
әсіресе Орхон жазбаларындағы мынадай мәтіндерде кездеседі:
Биікте көк Тәңірі,
Төменде қара жер жаралғанда,
Екеуінің арасында адам баласы жаралған.
Адам баласы үстіне ата-тегім
Бұмын қаған, Естемі қаған отырған.
Отырып, түрк халқының ел-жұртын
Қалыптастырған, иелік еткен.
...Былай депті:
«Түрк халқы жойылмасын, – дейді, -
Ел болсын», – дейді.
Əкем Елтеріс қағанды,
95
Бабаяров, 2007, С. 17
96
Ölmez, 2013,S. 92-94, 96, 143-144, 146-148, 152-153, 184, 190
ҰЛЫ ДАЛА тарихы
62
Шешем Елбілге қатынды
Тәңірі төбесіне ұстап
Жоғары көтерген екен.
Əкем қағанға он жеті ер еріпті.
...Түрк халқының атақ-даңқы
Өшпесін деп,
Əкем қағанды,
Шешем қатынды
Көтерген Тәңірі,
Ел берген Тәңірі,
Түрік халқының атақ-даңқы
Өшпесін деп,
(Мені) қаған (етіп) отырғызған еді
97
.
Достарыңызбен бөлісу: |