ҰЛЫ ДАЛА тарихы
64
Жазбалардан байқағанымыздай, Тәңірі «құт» беру арқылы қағанды «басқару/
билеу, билік күші, өкілеттік», яғни «саяси билік» иесі қылады
103
. Қаған Тәңірден
алған билік арқылы дүниенің төрт бұрышындағы халыққа билік жүргізу құқығына
ие болады. Ол жазбада төмендегідей баяндалған
Toquz Oγuz begleri budunї bu sabїmїn edgüti esid qatїγdї tїŋla ilgerü kün toγusїqa
birgerü kün ortusїŋaru qurїγaru kün batїsїqїna jїrїγaru tün ortusїŋaru аnta ičreki
budun qop maŋa ükü erür - Тоғыз-оғыз бектерi! халқы! бұл сап-сөзімді жақсылап
естіңдер ! қатты тыңдаңдар ! ілгерi күншығысқа қарай, оң қол тарап түстікке
қарай, артқы күн батысқа қарай, сол қол тарап солтүстікке қарай, осыншама
аумақтағы халық барлығы маған тобымен бағынған еді.
«Үлүш» және «Үлүг» (нәсіп, бақ, үлес). Бұл сөздер көне түрк тілінде «бөлісу,
үлестіру, тарату» мағынасындағы «үлемек», «үлешмек» (үлесу, үлестіру)
етістіктерінен пайда болған есім сөз ретінде «нәсіп, рызық, бақ, үлес» сияқты
мағыналарды білдіреді. Тәңірі «Үлүш және Үлүгті» аманат ету арқылы елде
молшылық пен берекетті арттырады. Нәтижесінде қаған Тәңір аманаты арқылы
«экономикалық күшке» ие болады және ол күшті халықтың пайдасына жаратады.
Ол қолында жиналған материалдық байлықты әділ жолмен халыққа таратады.
Басқалай айтар болсақ, Тәңірі қағанға халыққа «қамқорлық жасау» өкілеттілігін
жүктеген. Жазбаларда қағанның бұл міндеттері Білге қағанның тілімен былайша
баяндалған:
Teŋіri yarïlqazu qutum bar üčün ülügüm bar üčün ölüteči budunïγ tirigerü igitim
yalaŋ budunïγ tonlïγ čïγaň budunïγ bay qïltïm az budunïγ üküš qïltïm - Тәңірі
жарылқағандықтан құтым үлесім бар үшін өлермен халықты тірілттім, жалаңаш
халықты тонды қылдым, кедей (шығай) халықты бай қылдым, аз халықты көп
қылдым
104
.
Көктүрк қағандығында бүліктер мен көтерілістер қағандар өздеріне артылған
осы міндетті орындамаған жағдайда, яғни экономикалық ахуалды ретке
келтірмеген жағдайлар да шығып отырған. Қоғам мұндай оқиғалар қағандардың
«үлігсіз» (бақытсыз, жолы болмайтын) болуларынан пайда болады деген ойда
болған. Нәтижесінде қаған көтерілістерден кейін өз билігінен айырылады.
«Күш» (құдірет). Тәңіріден қағанға берілген күч «күш» арқылы қағанның
соғыстардағы қабілеті арта түседі деп сенген. Қағанның соғыстарда жеңіске
жетуі де Жаратқанның игі ниеті, рақымы арқылы жүзеге асады. Жазбаларда
былайша баяндалады: Teŋіri küč bertük üčün аqanïm qaγan süsi böri teg ermis
yaγïsï qoň teg ermis ilgerü qurïγaru sülep tеrmis qubartmïs – Тәңірі күш берген үшін
әкем қағанның әскер найзалы жауынгерлері бөрідей еді, жаулары қойдай еді,
ілгері кейінді жорытып найзаласып соғысып құраған еді» (КТb, 11).
103
Кумеков, 2004, С. 89–90
104
Türk Bitig, 2003, S. 57
|