ҰЛЫ ДАЛА тарихы
106
Ғұрыптық кешеннің сыртында қақпасы алдында және екінші бөліктің
аумағында сегіз қырлы бас құрылыстың алдыңғы алаңында төртбұрыш
тұғыртасы бар. Қақпа алдында тұғыртаста қандай да бір ұстынтас, ескерткіш,
мүмкін жазулы мәтінді тас болған болу керек. Ал таңбатас кешен ішіндегі
үлкен тұғыртаста болды. Ғұрыптық кешенде жүргізілген археологиялық қазба
зерттеулері барысында көне түрк немесе басқа жазулы мәтіні бар артефакті
айғақтар әзірше табылмады.
Қазақ даласындағы күмбез құрылыстар. (С.Әжіғали бойынша)
ҰЛЫ ДАЛА тарихы
108
Орталық Азия далаларында түрк дәуіріне тән сыртқы құрылымы төртбұрышты
ғұрыптық қоршаулар көп болғанымен, түрк қағандарына арналған ескерткіштер
санаулы ғана. Қағандарға арналған ғұрыптық кешендер қарапайым қоршауларға
қарағанда үлкен әрі сәнді құрылысты болып келеді. Əсіресе Моңғолиядағы
Екінші Шығыс түрк қағандығының билеушілеріне арналған ғұрыптық кешендер
(Шивээт-улаан, Күлтегін, Білге қаған кешендері) барынша сән-салтанатты етіп
орнатылған.
«Шивээт-улаан» ғұрыптық кешені басқа түрк қағандары мен ақсүйектеріне
арналған кешендердің архитектуралық ерекшеліктерінен өзгешелігі кешеннің
батыс жағында ғибадатхана секілді құрылыстың болуымен айқындалады. Біз
«Шивээт-улаан» ғұрыптық кешенінің жоғарыда аталған ерекшеліктерін ескере
отырып, кешен 665-696 жылдар аралығындағы түрк дәуіріндегі ұлы қағандардың
біріне арналып орнатылған деп тұжырымдаймыз.
«Шивээт-улаан» ғұрыптық кешені Елтеріс Құтлық қағанға арналды ма, әлде
одан бұрынғы тоғыз-оғыз конфедерациясының билеушілерінің біріне арналды
ма деген күрделі мәселелерге жан-жақты ғылыми-зерттеу жұмыстарын
жалғастыруымыз керек.
«Шивээт-улаан» ғұрыптық кешеннің жаңғыртпасы. 2018 ж.